Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет23/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Полиэтилентерефталат печать

4.5 Өрттен қорғау іс-шаралары

Полиэфирлі талшықтар ГОСТ 12.1.044 қа сәйкес(«Заттар мен материалдардың өрт және жарылғыш қауіпі»)жанғыш заттар мен материалдар тобына жатады.


Жанатын материалдардын қолдануы мен сақтауында қауіпсіздік шараларына қатаң талап қойылуы тиіс.
Өртке қарсы сақтық қалқаны өрт сөндіруші құралдармен қамтамас ету қажет.
Жұмыс орындарында ашық отты қолдануға немесе темекі шегуге қатаң тиым салынады. Сүртуге арналған материалдарды тек қана жабық металдық жәшіктерде сақтау қажет.
Өртке қарсы сақтық үзілісі(P) және беттің қызу критикалық уақытын (T) есептеу. Біздің жағдайда өртке қарсы сақтық үзілісін арасындағы қоймадағы тұғырықтағы жинақтарымен және технологиялық жабдықтардың арасындағы керек мөлшер мына формуламен қолданылады:

P=k√F=0,85*√10=2,68 (м)


T=0,8*77*√10=6,1 мин


мұндағы P – өртке қарсы сақтық үзілу мөлшері;K – жанып жатқан және сәуле түсірілетін объекттің температурасына және өзара орналасқан және қаралық дәрежесіне (K=0,8 –0,9)тәуелділік коэффициенті; F – жанып жатқан объект ауданы, м2.


Ғимараттардың арасындағы және бөлек технологиялық қондырғылармен аппараттардың өртке қарсы сақтық үзілуін анықтау үшін, беттік сын қызу мөлшерінің маңызы зор болып табылады, ол мына формуламен анықталады:
T=c*p*b*(1-(a*∆t/a*q)

мұндағы ∆t – tk-tb-сын температурасымен сәулесі түскен дененің және айналадағы орта температурасының арасындағы айырым,°С;a – бет жұтылу коэффициенті; c – беттік салыстырмалы жылусыйымдылық, Дж/(кг*°С); p – беттік тығыздық, кг/м3; b –ғимараттардың жылынатын бөлмелерінің қалыңдығы немесе аппарат станогының қалыңдығы, м; q – жылу тығыздығы, Вт/м2; a – жылу бетінің қоршаған ортаға берілу коэффициенті, Вт/(м2*°С).


Болат 15 маркасынан жасалған аппарат бетінің tk =100°Смөлшерге дейінгі қызу уақытын анықтаймыз, егер қабырғалардың жуандылығы b=0,5 см, ал цехтың орташа айлық температурасы tb=30°Сболған жағдайда.
Болат 15 маркадағы үшін tk=100°С, c=494Дж/(кг*°С), p=7818 кг/м3, a=13,956 Вт/(м2*°С), q=1400 Вт/м2, ∆t=100-30=70°С.
Демек,
T=(494*7818*0,05(1(13,956*70)/0,8*14000)))/13,956=1260(сек)=21мин
Полиэфирлі талшық өндірісінде қауіпті жағдай деп келесі жағдайлар саналады:
-өрт
-қатты газдалғандық
-электрэнергиямен қамтуды тоқтату
-сумен қамтуды тоқтату
-технологиялық қондырғылардың дұрыс жұмыс жасамауы.
Содан, қауіпті жағдай туындаған кезден, келесі аппараттарға немесе ғимараттарға таралғанға дейінгі уақыт 21 минутты құрайды. Осы уақыт аралығында, адамдарды өрт шыққан кезде сыртқа шығаруға және де өртпен күрес бөлімшелеріне хабарлауға болады. Қоршаған персоналдарға хабарлауға, вентиляцияны өшіруге, қолда бар барлық заттармен өртті сөндіруге болады. Өртке қарсы күрес бөлімшелері адамдары келген кезде оларға қолдан келгенше өртті сөндіруге көмек көрсетілуі қажет. Өртті сөндіруге үлесін қоспаған персоналды цехтын ішінен шығару қажет. Өртенген қондырғыны өртсөндіргішпен, топырақпен, киізбен сөндіру керек. Электрқондырғылары өртенген кезде сумен сөндіруге болмайды, пеналы өртсөндіргішпен сөндірілуі қажет. Өртенген шикізатты сумен, өртсөндіргішпен, топырақпен сөндіру керек.
Газдалу. Бөлмелер газдалған кезде противогаз киіп цех персоналына газдалғаны жөнінде хабарлануы керек. Газдалудың себебін біліп, оны шешу жөнінде шаралар қабылдау керек. Технологиялық процеспен жұмыс жасап жатпаған персонал қауіпсіз жерге шығарылады.
Сумен қамтуды тоқтату. Цех мастерына хабарлау қажет. Экструдерге флекстің берілуін тоқтату, линияны тоқтату қажет. Электрэнергияны өшіру. Бас инженерге хабарлау.
Полиэфирлі талшық өндірісінде жоғарыда айтылған қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет