Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда


«Бөтелкеге-бөтелке» өңдеу әдісі (bottle-to-bottle)



бет6/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

«Бөтелкеге-бөтелке» өңдеу әдісі (bottle-to-bottle). Бұл әдіс өнім алу әдістерінің барлық жиынтығы болып табылады, және де оны қайтадан тамақ орамасы және сусындар үшін бутылка ретінде қолдануға болады. Европа мемлекеттерінде «бөтелкеге-бөтелке» рециркуляциясы салыстырмалы түрде жақын арада меңгеріле бастағанына қарамастан (екіншілік шикізаттан жасалған орама, ЕС заңдарына байланысты азық­-түлікпен байланысқа рұқсат етілмеген), 2004 жылдың өзінде пайдаланған ПЭТ-бутылкаларын өңдеу 500 мың тоннаға жеткен, бұл олардың пайдалануының 20%-қа өскенін көрсетеді.[37]. АҚШ-та аталған өңдеу әдісі Европаға қарағанда әлде-қашан көптеген жылдар бойы даму үстінде.[12,13].
«Бөтелкеге-бөтелке» принципі бойынша өңдеу кезінде екіншілік полиэтилентерефталат екі біріншілік полимер қабаты арасында қалып қойған жағдайда «көпқабатты технология» деп аталатын аталмыш технология қолданылуы мүмкін. Көпқабатты бөтелкелердің құрамында 50%-ға дейін екіншілік ПЭТ болады, және де бөлек сыйымдылықтарда екіншілік материалдың одан да коп саны болуы мүмкін. Бұл технология қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде қолданылады, мысалы айтып кетсек: Швейцария, Швеция және АҚШ.[13].
Екіншілік полиэтилентерефталатты өңдеу әдістері кеңейтіліп және жетілдіріліп жатыр. ПЭТ рециклингінің қызықты бағыты болып оның негізінде әр түрлі нанотолтырғыштар (органомодифицирлік алюмосиликаттар, нанотрубкалар, фуллерендер, және т.б.) қолдануымен нанокомпозитті материалдар жасау немесе төменгі балқығыш сополиэфир алу мақсатында екіншілік ПЭТ-ті ди- және триэтиленгликольмен переэтерификация әдісі арқылы өңдеу.[38,39].
Екіншілік полиэтилентерефталатты өңдеу кезінде ПЭТ қалдықтарын тазалау мен жууға көп назар бөледі, себебі осы арқылы алынатын бұйымдардың сапасының жоғарлатуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл процесс технологиялары әрдайым жетілу үстінде болады. Тазалаудың ең қарапайым және экономикалық әдісі ПЭТ қалдықтарын сулы және сусыз ортада үздіксіз немесе периодты әрекет ететін аппараттарда жуу болып саналады. Негізінде, ПЭТ қалдықтарын тазалау екі-үш сатыда жүреді, содан кейін тазаланған материал ұнтақталады да ылғалдылығы 0,5% болғанға дейін кептіріледі.[13].
Екіншілік ПЭТ-ті тазалау процесіне көп көлемде су қолданған сайын материал жақсы жуылады деген пікір қалыптасып келді. Сондықтан кең көлемде «ылғалды» ұсатқыштар (дробилка) (бастапқы ұсату кезеңінде материал суға түседі), сіңіруші шнектар (бастапқы суға малынған материалды транспортировкалайды), периодты әрекет ететін көп кезеңді жуу комплекстері көп қолданысқа йе болды. Жиынында материалдың қажетті тазалығы теңдессіз суды көп тұтынумен болды, демек, су тазартудың күрделі жүйесі қолданылады. B+B Anlagenbau GmbH компаниясы ПЭТ қалдықтарын өзіндік «құрғақ» тазалау технологиясын ұсынған. Компаниямен ұсынылған қондырғы материалды өңдеудің құрғақ кезеңінде 96%-ға дейін тазартады, бұл суды қолдануды төмендетеді, шамамен кем дегенде үш есеге дейін (суды тазалауға кететін шығындарды да азайтады). Тазалаудың жоғары дәрежеде өтуі бастапқы ұнтақталған ПЭТ қалдықтарының (флекс) қажалуында, бұл төгілуге және одан әрі ластанудың (топырақ, шаң, қағаз, клей бөлігі және т.б.) негізгі массасын шығаруға әкеледі.[40].
Осылай бұрын қолданыста болған пластмассалық бұйымдарды екіншілік қолдануға болады. Көптеген мемлекеттерде ПЭТ рециклингіне байланысты проблемаларды шешу жөнінде программалар қабылдануда. АҚШ-та полиэтилентерефталат ыдыстарын өңдеудің ұлттық программасы бар. Ал Батыс Европада әрбір үшінші полиэтиленетерефталаттан жасалған бутылка екіншілік материалдан жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет