Политология5



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата07.03.2023
өлшемі1.66 Mb.
#470482
1   2
Политология5

Саяси көшбасшылық - саяси іс-əрекетті жүзеге асыруда 
халықтың немесе белгілі бір əлеуметтік топтың мүддесін толық 
сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты 
қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа 
жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде 
адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. 
Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси 
көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, 
бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып 
жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, 
қозғалысқа, мемлекетке əрдайым жəне шешуші ықпал ететін 
тұлғаны айтады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып
ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нəтижесінде.


Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның 
түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде əр 
түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, 
топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін жəне 
қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-
бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге 
асырудың əдістері мен тəсілдерін айқындау; халықты 
ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; 
жұртшылықпен, əр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс 
жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты 
түрлерін қамтамасыз ету; əділдіктің, заңдылықтың, тəртіптің 
кепілі болу.


Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.
Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші 
кезеңі – XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін, — 
дəстүрлі дала элитасының қалыптасу дəуірі деп аталады. Қазақтың көшпенді 
қоғамында билеуші элита құрастыру жəне оның қалыптасуы көшпенділердің 
тұңғыштың орны деген салт-дəстүрінен шыққан.
Бұл принцип көшпенділердің Ішкі Азияның кең даласының экстремалды табиғи 
жағдайына бейімделуінен туындаған. Қоршаған ортаның табиғи ресурстары жайлы
оларды тиімді пайдаға асыру жəне оларға бейімдену білімдері көшпенділер 
тайпаларының арасындағы жайлауға, су-бұлақтарына бəсекелестік таласында пайда 
болып, мыңдаған ғасырлар бойы жинақталып, атадан балаға тараған.
Орта Заманның соңғы жылдарында қазақ тайпаларының ішінде үш 
этнотерриториалды бірлестіктер пайда болды: Ұлы жүз, Орта жүз жəне Кіші жүз. Əйгілі 
қазақ ғұламалары С.Д.Асфендияров, В.П.Юдин Х.Арғынбаев, Н.Э.Масанов 
зерттемелері бойынша, бұл үш жүзге бөліну тарихи-географиялық фактормен 
байланысты – Қазақстанның кеңістігінде табиғи жолымен қалыптасқан үш жағы: 
Жетісу аймағы, Батыс Қазақстан жəне Шығыс Қазақстанның төңіректері.


XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ элитасының қалыптасуына 
əсерін тигізгені – Ресей империясына қосылуы. Орыс патшалығы 
Солтүстік Қазақстанның аймағын бірнеше административті бірліктерге 
бөліп (округ, волость, ауыл), əр қайсына басшы «аға сұлтан» жəне іс 
жүргізушілері мен жұмысшылар штатын құрастырды. Сонымен, осы 
заманнан бастап қазақтың элитасының қалыптасуы толығымен Ресей 
патшалығынан тəуелді болатын.
XX ғасырдың басында жалпы дүниедеге болған ұлт-азаттық 
қозғалысының əсерінен қазақ қоғамында да жаңа элитаның қалыптасуы 
басталады – европалық көзқарастағы, білімі бар оқыған қазақтарынан. 
Осы топ саналы түрде Ресейдің колониалды режиміне оппозициялық 
тұрғыда болатын. Əрине, бұл топты құрастырған білім алуға 
мүмкіндіктері бар өткен заман элитасының балдары: аға сұлтандардың 
балдары, би жəне батырлардың тұқымынан шыққандар, жартысынан 
көбі –чингизидтер. 1905-1920 ж.ж. қазақтардың алғашқы элитасы 
«Алаш» ұлттық-либералды партиясының қызметінде орын тапты


Пайдаланылған əдебиеттер
●https://melimde.com/basarushi-elita-men-sayasi-koshba
sshili-bilikti-eleumettik-sub.html
●https://ulagat.com/2020/05/27/%D1%81%D0%B0%D1%
8F%D1%81%D0%B8-%D1%8D%D0%BB%D0%B8%D1
%82%D0%B0-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D
1%81%D0%B0%D1%8F%D1%81%D0%B8-%D0%BA%
D3%A9%D1%88%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%88%
D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B/
●https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%
8F%D1%81%D0%B8_%D0%BA%D3%A9%D1%88%D0
%B1%D0%B0%D1%81%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1
%8B%D2%9B


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет