Популяциялық генетика негіздері. Генетикалық полиморфизм



бет4/6
Дата21.11.2023
өлшемі376.48 Kb.
#483924
1   2   3   4   5   6
Мырзабай, Жабықбай, Полатова. Методология

Харди-Вайнберг заңы

Популяцияның генетикалық біртұтастығы олардың кең көлемді панмиксиясымен байланысты, яғни популяция даралары өзара еркін будандасады. Популяция генофондында белгілі жағдайларда әртүрлі аллельдерден тұратын генотиптер мөлшері ұрпақтан-ұрпаққа тұрақты болады. Ол Г.Харди – В.Вайнберг заңы арқылы сипатталады. 1908 жылы ағылшын математигі Г.Харди және неміс дәрігері В.Вайнберг панмикстік популяциялардағы генетикалық үдерістерді сипаттап жазды. Оны Харди-Вайнберг заңы деп атады.

Харди-Вайнберг заңы төмендегі шарттар орындалған жағдайларда байқалады:

  • Даралардың бір-бірімен еркін будандасуы керек(панмиксия);
  • Популяцияларда сұрыптау, яғни сұрыптаудың салдарынан гендер жойылып кетпеуі керек;
  • Миграция салдарынан жаңа гендер келіп енбеуі қажет;
  • Популяция көлемі шексіз ірі, яғни даралар саны өте көп болуы қажет.

Харди-Вайнберг заңының 3 қағидасы бар:

Харди-Вайнберг заңының 3 қағидасы бар:

1 . Нақтылы популяциядағы бір геннің жиілігінің жиынтығы тұрақты болады. Популяцияның генотиптер не аллельдер жиілігі деп процент мөлгерімен белгіленетін осы генотипке ие аллельдер не даралар жиынтығын айтамыз.Егер популяциядағы доминатты аллельдің “А” жиілігінің жиынтығын р деп, ал рецессивті аллельдің “а” жиілігінің жиынтығын q деп белгілесек , онда p+q=1, яғни 100% тең. Бірақ доминатты және рецессивті аллельдердің саны тепе-тең болмауы керек.Доминатты аллель 60% , рецессивті аллель 40 % немесе 90 % және 10 % , т.с болуы мүмкін.

2 . Нақтылы популяцияда бір аллельдің генотиптер жиілігінің жиынтығы тұрақты және Ньютон биномының жойылу заңына сәйкес болады. P2 + 2pq + q2 = 1 . P2 – АА генотипінің жиынтығы. 2pq - гетерезиготалы генотиптер жиынтығы; q2 - рецессивті гомозиготалы генотиптер жиынтығы.

3 . Тепе-тең популяцияларда гендердің және генотиптердің жиілігі ұрпақатр жалғасында динамикалық тепе-тең күйінде болады.

Харди – Вайнберг заңы популяциялардың генетикалық тұрақтылық жағдайларын сипаттайды. Бірнеше ұрпақтар бойына генефондтары өзгермей, тұрақты болып келетін популяцияларды Мендель популяциялары деп атайды. Мендель популяциялары эволюция құбылысынан тыс қалып отырады, себебі табиғи сұрыптау болмайды. Харди-Вайнберг заңында популяциялардың генофондтарын өзгертетін жағдайлар келтірілген. Популяция генофондының өзгеруіне алып келетін құбылыстар мен оқиғаларды эволюциялық факторлар деп атаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет