Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына
талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау
критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3-қосымша) ойлау
дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес
тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын
дескрипторлар құрастыру ұсынылад
Өзін-өзі бағалау
Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.
Мұғалімнің бағалауы
Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты.
Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
- Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
- Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
- Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін мұғалім:
• сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету
дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
• қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін
және сапасын арттыруы;
• кері байланыстың тиімді формасын қолдануы;
• қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ
жоспарын құруы;
• рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы
(білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы,
білім алушылардан, әріптестерден, кері байланыс, ата-аналармен
әңгімелесу және т.б.) қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |