Пошта туралы


-бап. Пошта байланысының бөлімшелері



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі270.5 Kb.
#175133
1   2   3

30-бап. Пошта байланысының бөлімшелері

1. Пошта байланысының бөлімшелері пайдаланушыларға пошта байланысының қызметтері көрсетілетін өндірістік объектілер болып табылады.

Пошта байланысының бөлімшелерін ашу және күтіп-ұстау қажеттілігін пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтерінің сапа көрсеткіштері негізінде пошта операторлары белгілейді.

2. Ұлттық пошта операторы пошта байланысы бөлімшелерінің:

1) орналастырылуы уәкілетті орган бекіткен пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асыралатын, пайдаланушыларға қызметтер көрсетуге арналған стационарлық пошта байланысы бөлімшесі;

2) пайдаланушыларға пошта байланысының қызметтерін көрсету үшін көлік құралдарының базасында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттар бойынша құрылатын жылжымалы пошта байланысы бөлімшесі түрлерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

3. Пайдаланушыларға жылжымалы пошта байланысының бөлімшелері арқылы қызмет көрсету елді мекендердің орталық бөлігінде жүзеге асырылады. Жылжымалы пошта байланысы бөлімшелерінің көмегімен көрсетілетін қызметтермен пайдаланушыларды қамтамасыз ету нормативтерін пошта операторы белгілейді.

4. Пошта операторлары өзінің пошта қызметінде пошта байланысы бөлімшелерінің қажетті түрлерін дербес айқындайды және пайдаланады.


31-бап. Пошта маршруттары

1. Пошта операторларының пошта бағыттары пошта желісінің құрамдас бөлігі болып табылады және көлік құралдарын және (немесе) пошташыларды (курьерлерді) пайдалана отырып пошта жөнелтілімдерін тасымалдау және жеткізу схемасын білдіреді.



2. Пошта маршруттарын пошта операторы қалааралық-облысаралық, қалааралық-облысішілік, қалалық, қала маңы бойынша қолданыстағы маршруттарды, сондай-ақ елді мекендерді аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) байланыстыратын маршруттарды негізге алып жоспарлайды.

3. Пошта маршрутын және көлік қозғалысының кестесін жасауды пошта операторлары қолданыстағы пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне, пошта жөнелтілімдерін өңдеудің, тасымалдаудың және жеткізудің ішкі нормативтері мен мерзімдеріне сәйкес жүргізеді.



4. Пошта бағыттары туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады. Мұндай ақпарат үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік саласындағы Заңының талаптары сақтала отырып, ашылады.

32-бап. Пошта жәшіктері

1. Пошта жәшіктерін пошта операторлары уәкілетті орган бекітетін пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтерінің сапа көрсеткіштерін сақтай отырып, пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар үшін қолжетімді орындарға орналастырады.

2. Пошта операторының қалауы бойынша және меншік иелерімен келісім бойынша пошта жәшіктері тікелей жылжымайтын мүлік объектілерінде, сондай-ақ олардың аумағында жеке тұрған жәшіктер ретінде де орналастырылады.

3. Пошта жәшіктерінен пошта жөнелтілімдерін жинап алуды пошта операторлары пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтерінің сапа көрсеткіштерін сақтай отырып қамтамасыз етеді.

4. Пошта операторының пошта жәшіктерінде басқа пошта операторының пошта жәшіктерінен ерекшелеу мақсатында логотип болуға тиіс.
33-бап. Абоненттік пошта жәшіктері

1. Абоненттік пошта жәшіктері көрсетілетін қызметті пайдаланушылар және пошта операторларының пошташылары үшін қолжетімді жерлерде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарда, жеке тұрғын үйлерде орнатылады және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес абоненттік пошта жәшіктерінің орналастырылуын және олардың тиісті жай-күйде күтіп ұсталуын қамтамасыз ететін меншік иелеріне тиесілі болады.

2. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің меншік иелері пошташылардың (курьерлердің) абоненттік пошта жәшіктеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Абоненттік пошта жәшіктері болмаған немесе ол ақаулы болған жағдайда пошта операторы пошта жөнелтілімін өндірістік объектіден беруді жүзеге асырады.

3. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің меншік иелерінің шешімі бойынша абоненттік пошта жәшіктерінің орнатылуын, күтіп-ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме шарт бойынша кондоминиум субъектілеріне берілуі мүмкін.

4. Пошта операторлары гибридтік жөнелтілімдерді жеткізу кезінде электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдалануға құқылы. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерін құруды және пайдалануды пошта операторлары өз бетінше жүзеге асырады.

Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пошта операторымен жасалған абоненттік шарт негізінде пайдаланушыларға беріледі.

5. Ұлттық пошта операторы кез келген пайдаланушыға өзі өтініш білдірген кезде өтеусіз негізде жеке электрондық абоненттік пошта жәшігін ашады және оның тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ пайдаланушының жеке хат алмасу құпиясы сақталуын қамтамасыз етеді.

6. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда жіберілуін, оның ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде қамтамасыз ететін Ұлттық пошта операторының жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының барлық аумағында электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай базасын құру, оның жұмыс істеуін және дамуын Ұлттық пошта операторы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қамтамасыз етеді.

7. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеу және пайдаланушыларды авторландыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.



34-бап. Пошта операторларының атаулы заттары

1. Пошта операторлары өндірістік объектілерді пошта жөнелтілімдерін жіберу процесінде қолданылатын атаулы заттармен қамтамасыз етеді.

2. Пошта операторларының атаулы заттары осы пошта операторының атауын көрсету арқылы Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері үшін белгіленген атаулы заттардан ерекшеленуге тиіс.

3. Пошта операторларының атаулы заттарды пайдалану тәртібі уәкілетті орган бекітетін пошта операторларының атаулы заттарды қолдану қағидаларында айқындалады.


35-бап. Көлік құралдарын пайдалану

1. Пошта операторларына пошта операторы жұмыскерлерінің ілесіп жүруімен теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігінің барлық маршруттары мен желілері бойынша пошта жөнелтілімдерін шартты жағдайларда тасымалдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдау үшін пошта жөнелтілімдерін беру құқығы беріледі.

2. Пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтерін және басқа да көрсетілетін қызметтерді ұсынатын пошта операторының автомобиль көлiгiнiң және басқа да механикалық көлік құралдарының автомобиль жолдары, автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне, пошта жәшіктеріне, сондай-ақ теміржол станциялары мен вокзалдарының перрондары мен платформаларында пошта вагондарымен пошта жөнелтiлімдерiнің барлық түрлерін алмасу үшiн жүріп өтуi бiрiншi кезекте және төлемсіз жүзеге асырылады.

Уақтылы пошта алмасу үшін теміржол станцияларына (темір жолдарға) теміржол құрамдарын беру кезінде пошта операторының автомобиль көлігі мен басқа да механикалық көлік құралдарының пошта вагонына еркін жүріп өтуі қамтамасыз етілуге тиіс.

3. Ұлттық пошта операторына тиесілі көлік құралдарының арнайы нышаны болады және оның келісімінсіз пошта саласындағы қызметке жатпайтын көрсетілетін қызметтерді ұсыну және жұмыстарды орындау үшін пайдаланылмайды.



5-тарау. Пошта операторлары көрсететін қызметтерді

пайдаланушылар
36-бап. Пошта операторлары көрсететін қызметтердің сапасы

1. Пошта операторлары көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыларға осы Заңда және пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленген сапа мен нормаларға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді ұсынуға жасалған шарт талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметтерді ұсынуға міндетті.

2. Пошта операторлары пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін осы Заңға және Қазақстан Республикасының бәсекелестік саласындағы Заңына сәйкес барлық пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушыларға тең жағдайларда көрсетеді.
37-бап. Пошта операторлары көрсететін қызметтерді

пайдаланушыларға қызмет көрсетудің ерекшеліктері

1. Пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушылар пошта жөнелтілімдерінде, пошталық ақша аударымында мекенжайды ресімдеу, сондай-ақ олардың ішіндегісіне қойылатын тәртіпті белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтай отырып, пошта жөнелтілімдерін тапсыруды және алуды жүзеге асырады.

2. Пошта операторынан пошта төлемінің белгілерін сатып алған жағдайда, пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушы пошта жөнелтілімін пошта төлемінің көрсетілген белгілерін сатып алған операторға оған тиесілі пошта жәшігі немесе операциялық терезе арқылы пошта жөнелтілімін тапсыруға міндетті.

Пошта операторы пошта жәшігінен басқа пошта операторының пошта төлемінің белгілері жапсырылған пошта жөнелтілімін алған кезде пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға кері қайтарады.


38-бап. Пошта операторлары көрсететін қызметтерді

пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

  1. Пайдаланушылардың пошта операторлары тиісті сападағы көрсетілетін қызметтерді ұсынуына, қызметтер көрсету туралы ақпаратты алуына арналған құқықтарын қорғау, сондай-ақ осындай құқықтарды іске асыру тетігі пайдаланушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.

  2. Пошта операторы пошта байланысының қызметтерін көрсеткен кезде уәкілетті орган бекітетін Пошта операторларына қызметтерді көрсетуге қажет және жеткілікті пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізіліміне сәйкес пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушының дербес деректерін жинауды, жинақтауды, пайдалануды және сақтауды жүзеге асырады.

Пошта операторы пошта байланысының әмбебап қызметтерін көрсеткен кезде дербес деректерді жинауды, жинақтауды, пайдалануды және сақтауды пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүргізеді.

  1. Пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушының тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жөнелтуі пошта операторының пошта жөнелтілімдерін қабылдау пунктінде өзі немесе оның өкілі жеке басын куәландыратын құжатты көрсету не пошта жөнелтілімін пошта операторының пошташысы және (немесе) курьері арқылы жүргізіледі. Жөнелтуші дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушыға пошта жөнелтілімін қабылдаудан бас тартуға міндетті.

  2. Тіркелетін пошта жөнелтілімін қабылдау кезінде пошта операторы алушының дербес деректерін оның келісімінсіз жинауды, жинақтауды, пайдалануды және сақтауды жүзеге асырады. Пошта операторы пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушыға тіркелетін пошта жөнелтілімін табыс еткен кезде алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді және пошта операторына дербес деректерін жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісімін береді. Алушы дербес деректерін жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы алушыға пошта жөнелтілімін табыс етпейді және жөнелтушіге пошта жөнелтілімін кері жіберуге міндетті.

  3. Пошта операторлары және дербес деректерге рұқсат алған үшінші тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге заңды негізсіз олардың таралуына жол бермеу талаптарын сақтау арқылы құпиялылықты қамтамасыз етеді.

6-тарау. Пошта байланысы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз



ету
39-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

  1. Пошта операторлары пошта байланысының қызметтерін көрсету кезінде өз құзыреті шегінде пошта операторлары көрсететін қызметтерді пайдаланушылар мен жұмыскерлер денсаулығының және өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шара қолданады.

  2. Пошта операторлары жеке тұлғалардың тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберуге ашық күйінде қабылдайды. Пошта операторлары пошта жөнелтілімдеріндегі заттардың, нәрселердің және тауарлардың идентификатталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолданады.

Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде пошта операторы белгіленген тәртіппен жөнелтушіні идентификаттауға және оның деректерін тіркеуге міндетті. Поштоматтармен жабдықталған объектілерде пошта жөнелтілімдерін қабылдау және табыс ету жөнелтуші мен адресатты идентификаттауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ рұқсатсыз кіруді болдырмауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар қолданылып жүзеге асырылады.

  1. Пошта операторлары пошта жөнелтілімдерін жіберу процесінде оларда тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтауға бағытталған шараларды қолданады. Пошта операторлары пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтау мақсатында пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттар мен нәрселерді ашпай анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды, жабдықты және бейне фиксация жүйесін пайдаланады.

Пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес тыйым салынған заттар мен нәрселер анықталған жағдайда, пошта операторлары құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлауға міндетті. Пошта жөнелтілімдерін ашу олар анықталған жерде уәкілетті органдар өкілдерінің және пошта операторы жұмыскерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

  1. Пошта жөнелтілімін жөнелтуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пошта жөнелтіліміндегі заттар мен нәрселер үшін белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жауапты болады.


40-бап. Ұлттық пошта операторының пошта қауіпсіздігі жүйесі

  1. Ұлттық пошта операторының пошта қауіпсіздігі жүйесі пошталық, банктік, қызметтік және коммерциялық құпияны, пошта жөнелтілімдерін рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауды, пошта жөнелтілімдері мен ақшаның жоғалу және ұрлану жағдайларын болдырмау шараларын, пошта жөнелтілімдеріндегі заттар мен нәрселерді жіберу бойынша шектеулерді сақтауды, сондай-ақ пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

  2. Қауіпсіздік режимін шарт негізінде тартылатын жеке күзет ұйымы немесе Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңына сәйкес Ұлттық пошта операторы құрған күзет ұйымы сақтайды.

Жеке күзет ұйымдары немесе Ұлттық пошта операторы құрған күзет ұйымы пошта байланысы инфрақұрылымы объектілерінің, пошта көлігінің, қызметтер көрсету кезінде жұмыскерлер мен пайдаланушылардың қауіпсіздігін және қорғалуын, пошта жөнелтілімдерін рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ пошта жөнелтілімдері мен ақшаны бөтен адамдардың ұрлауын болдырмайды.

7-тарау. Пошта байланысы саласындағы халықаралық қызмет
41-бап. Халықаралық ынтымақтастық

Пошта байланысы саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттар, Дүниежүзілік пошта одағының актілері және осы Заң негізінде жүзеге асырылады.


42-бап. Тағайындалған оператор

1. Уәкілетті орган операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес пошта қызметтерін пайдалануды және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелердің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуын қамтамасыз ету мақсатында пошта операторын тағайындалған оператор етіп тағайындауды жүзеге асырады.



2. Тағайындалған оператор:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкіл елді мекендерде барлық пайдаланушылар үшін пошта байланысы көрсететін қызметтерді тұрақты негізде көрсетуді;

2) жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;

3) салмағы 20 килограмға дейінгі жіберілімдерді қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;



4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды;

5) төлемге халықаралық қайтарым купонын қабылдауды;

6) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін қамтамасыз етуге міндетті.

3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады.

4. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен және осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып алады.

5. Тағайындалған оператор Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындарын құруға құқылы және Дүниежүзілік пошта одағы актілерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындары құрылатын шет мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда осындай қызметті жүзеге асырады.
43-бап. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта

транзиті

1. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта транзиті Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес Дүниежүзілік пошта одағы органдарында халықаралық пошта алмасу орындарын ресми тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.

3. Қазақстан Республикасы тарапынан халықаралық пошта алмасуды және халықаралық пошта транзитін тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

4. Халықаралық пошта алмасу мен транзит тағайындалған оператор өз қаражаты есебінен құратын халықаралық пошта алмасу орындарында жүзеге асырылады.

5. Дүниежүзілік пошта одағының мүшелері болып табылатын шет мемлекеттердің басқа тағайындалған операторлары халықаралық пошта жөнелтілімдерімен алмасу және өңдеу орындарын Қазақстан Республикасының аумағында құруы уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.



8-тарау. Қорытынды ережелер
44-бап. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерiн ұсыну

кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Пошта операторы пошта жөнелтiлімiнің жөнелтушіден қабылдап алған кезден бастап алушыға берген кезге дейiн сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Пошта операторы:

1) тiркелетiн пошта жөнелтiлімi жоғалған, зақымданған (бүлiнген) немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар жетiспеген;

2) пошта жөнелтiлімiн жiберудiң мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапты болады.

3. Тiркелетiн пошта жөнелтiлімi жоғалғаны, зақымданғаны (бүлiнгені) немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар жетiспегені үшiн пошта операторы мынадай мөлшерде:

1) құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімінің жоғалғаны немесе толық зақымданғаны (бүлінгені) үшін – жарияланған құндылығы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;

2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар тізімдеме бойынша жіберу кезінде тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың жетіспегені, жоғалғаны немесе құндылығы жарияланған тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың бір бөлігінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн – жөнелтуші тізімдемеде көрсеткен, жарияланған құндылығы жетіспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлінген) нәрселердің, заттардың немесе тауардың бір бөлігі мөлшерінде;

3) тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар тiзiмдемесіз жiберiлген кезде тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың жетiспегенi, құндылығы жарияланған пошта жөнелтiлімдерi тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселердің, заттардың немесе тауардың бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн – жетіспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлінген) нәрселердің, заттардың немесе тауардың бір бөлігінің массасы оның нақты құнына қарай жіберілетін тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің (пошта жөнелтілімі тысының массасынсыз) массасына қатынасы пропорционал айқындалатын тіркелетін пошта жөнелтілімінің жарияланған құндылығы мөлшерінде;

4) өзге де тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің жоғалғаны немесе толық зақымданғаны (бүлінгені) үшiн – төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;

5) нәрселердің, заттардың немесе тауардың жетіспегені немесе нәрселердің, заттардың немесе тауардың бір бөлігінің жоғалғаны немесе өзге тіркелетін пошта жөнелтілімі нәрселерінің, заттарының немесе тауардың бір бөлігінің зақымданғаны үшiн – төленген тарифтің сомасы мөлшерінде;

6) пошталық ақша аударымының жоғалғаны үшiн – пошталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауапты болады.

4. Пайдаланушылардың пошта жөнелтiлімдерi мен пошталық ақша аударымын жiберудiң мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы кешіктірілген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш пайызы мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

Пошта жөнелтiлімiн әуе көлiгiмен жiберудiң мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы пайдаланушыға әуе және жерүстi көлiгiмен жiберу үшiн төлем тарифтерiнiң арасындағы айырмашылықты төлейдi.

5. Егер мiндеттемелерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау еңсерілмейтін күштiң немесе пошта жөнелтiлімiндегi нәрселердің, заттардың немесе тауардың ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, пошта операторы тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауардың жоғалғаны, зақымданғаны (бүлiнгенi) немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнiң жетiспегенi, пошта жөнелтiлімiн және пайдаланушылардың пошталық ақша аударымын жiберудiң мерзiмдерiн бұзғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де негiздемелер бойынша жауаптылықтан босатылады.

6. Пайдаланушылар:

1) ерекше қасиеттерiне орай пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен нәрселердің пошта жөнелтiлімiнде анықталуының салдарынан;

2) пошта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған нәрселердің, заттардың немесе тауардың тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындаған, пошта операторына келтiрiлген залал үшiн жауапты болады.


45-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасын

бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


46-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

  1. Осы Заң, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-баптың екінші абзацын, 39-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  2. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат) күші жойылды деп танылсын.



Қазақстан Республикасының

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет