Послания лидера нации народу. / Сост. Г. Танирбергенова, К. Калилаханова, Р. Алимбеков. Астана: Күлтегін, 2008



Дата07.07.2016
өлшемі27.55 Kb.
#183639

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясынан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасына сыйға тартылған кітаптар.





Послания лидера нации народу. / Сост. Г. Танирбергенова, К.Калилаханова, Р.Алимбеков.- Астана: Күлтегін, 2008.

В издании воедино собраны Послания Президента Нурсултана Назарбаева к народу Казахстана начиная с 1996 года по 2008 года которые ярко свидетельствуют о твердости позиций лидера нации в достижении поставленной цели – формировании конкурентоспособного государства со стабильной экономикой и сильной социальной политикой.

Издание рекомендовано исследователям истории современного Казахстана, политологам, философам, широкому кругу читателям.






Нұрсұлтан Назарбаев: Елмен сырласу./ Құраст. Г.Тәңірбергенова, Қ.Қалилаханова, Б. Имансерікова, Р.Әлімбеков.-Астана: Күлтегін, 2008.

«Қазақстан Республикасы» сериясының «Елмен сырласу» атты басылымына Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, сыртқы саясатта жалпыға бірдей қауіпсіздік пен ынтымақтастықты, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған.

«Елмен сырласу» алты томдығының құндылығы Елбасының идеяларын, саяси мұрасын одан әрі кеңірек насихаттауда, Қазақстанның саяси тарихы мәселелеріне қызығушылық танытатындар үшін таптырмайтын тарихи және ғылыми – методологиялық негіз және дерек ретінде кеңінен қолдануға болатындығында, сол арқылы қоғамның саяси сауаттылығы мен саяси мәдениетін арттыруға ықпал ететіндігінде.

Басылым саясаткерлерге, саясаттанушыларға, тарихшыларға, қалың оқырманға арналған.










Тәуелсіздік шежіресі: 1991 – 2000 жж. / Құраст. Г. Тәңірбергенова, Қ. Қалилаханова, Б. Имансерікова, Р.Әлімбеков.- Астана: Күлтегін, 2008.

«Қазақстан Республикасы» сериясының «Тәуелсіздік шежіресі» атты үш томдық басылымының басты құндылығы – Отан тарихына деген қызығушылықты оятуға, тәуелсіз мемлекеттің саяси мұрасын қадір тұтуға, Елбасына деген құрмет сезімін, өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштігін бойына сіңіретіндігінде, елдегі және әлемдегі түбегейлі қоғамдық – саяси қайта құрулардың жалпы үрдісімен біте қайнасып жатқан Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму динамикасын жіті көзбен қадағалауға мүмкіндік беретіндігінде.

Басылымда материалдар хронологиялық принциппен берілді.

Басылым саясаттанушыларға, тарихшыларға, зерттеушілерге, ізденушілерге, сондай – ақ қалың оқырманға ұсынылады










Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы: 1991 жыл: хроника, оқиғалар, айғақтар./ Құраст. Г. Тәңірбергенова, Қ. Қалилаханова, Б. Имансерікова, Р. Әлімбеков. - Астана: Күлтегін, 2008.

«Қазақстан Республикасы» сериясына кіретін «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» атты басылымның мақсаты – Қазақстандағы оқиғалар және Қазақстан туралы, оның Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы қазақ, орыс, ағылшын,неміс т.б. тілдердегі кең көлемдегі деректерді жинақтау және жүйелеу. Жеті томдық кітап отандық және шетелдік БАҚ дерек көздері мен жарияланымдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты қорларынан алынған құжаттардан және Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылық феноменіне арналған кең көлемді материалдардан түзілді.



Басылым саясаттанушыларға, тарихшыларға, қалың оқырманға ұсынылады.


Бұл басылымдармен №10 оқу ғимаратының 302, 308 дәрісханаларында таныса аласыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет