Постановление Правления 2012 жылғы 24 ақпан Алматы қаласы №62 город Алматы



жүктеу 37.74 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі37.74 Kb.


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 2 сәуірде № 7507 тіркелген

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»



«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»




БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2012 жылғы 24 ақпан


Алматы қаласы




№ 62
город Алматы






Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы»


1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің меншікті облигацияларымен және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелерді жасау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 қаулысының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 ақпанда № 5537 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпан

№ 62 қаулысымен

бекітілген

Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және

осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген

облигациялармен мәмілелер жасау

қағидаларын бекіту туралы

Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау тәртібін айқындайды.

1. Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасауы туралы шешімді банктің немесе банк холдингінің директорлар кеңесі (немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында банк холдингі құрылған жағдайда байқау кеңесі) ішкі құжаттарға сәйкес қабылдайды.

2. Банктің директорлар кеңесінің шешіміне облигацияларды сатып алғаннан кейінгі өтімділікті жоғалту тәуекелі мен пайыздық тәуекел бойынша банктің позициясын бағалау, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі саясат пен рәсімдердің басқа да талаптарының сақталуы көрсетілетін тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қорытындысы қоса беріледі.

3. Банк холдингінің директорлар кеңесінің (немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында банк холдингі құрылған жағдайда байқау кеңесінің) шешіміне инвестицияларға байланысты тәуекел бойынша банк холдингінің позициясын бағалау, сондай-ақ жүргізілген инвестициялардың банк конгломератының Заңның 42-бабының 3-тармағында көзделген пруденциалдық нормативтерді сақтауына әсері көрсетілетін тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қорытындысы қоса беріледі.

4. Облигацияларды иемдену жөніндегі мәмілелер облигацияларды сатып алу күнінде қалыптасқан әділ нарықтық бағасы бойынша жүзеге асырылады.



Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

5. Банк немесе банк холдингі сатып алған меншікті облигациялар және міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдарының облигациялары туралы есеп (бұдан әрі – есеп) банктің немесе банк холдингінің ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады және оған банктің немесе банк холдингінің бірінші басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, банктің немесе банк холдингінің бас бухгалтері қол қояды және банктің немесе банк холдингінің мөрімен куәландырылады.



6. Банк немесе банк холдингі қағаз тасымалдағыштағы есептің бір данасын облигацияларды сатып алу мәмілесі жүзеге асырылған күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне ұсынады. Есептің екінші данасы осы есеп жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы банкте немесе банк холдингінде сақталады.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет