Постановление Правления 2015 жылғы 27 мамыр Алматы қаласы №88 город Алматы ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде №11650 тіркелді Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 60.25 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі60.25 Kb.





«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІКМЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 27 мамыр


Алматы қаласы



№88
город Алматы


ҚР Әділет министрлігінде

2015 жылы 13 шілдеде №11650 тіркелді
Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары бекітілсін.

  2. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1. Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2. осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

    3. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов






Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 27 мамырдағы

№ 88 қаулысымен



бекітілді

Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру,

есепке алу, пайдалану және бөлу

қағидалары


  1. Осы Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу тәртібін айқындайды.

  2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша мынадай кірістер мен түсімдер:

  1. исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) алынған сақтандыру сыйлықақылары;

  2. исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан және (немесе) іске асырудан алынған кірістер;

  3. исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру кезінде қайта сақтандыру ұйымдарынан алынған комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер;

  4. регресстік талап ету бойынша өтеуге байланысты кірістер;

  5. қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

  6. исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін берген ақша есебінен қалыптастырады.

  1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы меншікті қаражатын есепке алуды исламдық сақтандыру қорының қаражатынан бөлек жүргізеді.

  2. Исламдық сақтандыру қорының қаражаты мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:

  1. исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру;

  2. сақтандыру төлемдерін реттеуге байланысты міндеттемелерді орындау;

  3. исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы төлеу;

  4. исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялауға және (немесе) іске асыруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру;

  5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) көзделген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындау;

  6. исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін берген ақшаны қайтару міндеттемелерін орындау;

  7. исламдық сақтандыру қорының пайдасын сақтанушылар арасында бөлу.

  1. Исламдық сақтандыру қорының қаражаты мынадай талаптар орындалған жағдайда:

  1. есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткілікті болғанда;

  2. исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы меншікті қаражаты есебінен исламдық сақтандыру қорына аударған ақшаны қайтару міндеттемелері орындалғанда қаржы жылының қорытындылары бойынша жылына бір реттен көп емес сақтанушылар арасында бөлінеді.

  1. Сақтанушылар арасында бөлінуге тиіс исламдық сақтандыру қоры қаражатының сомасы мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

S=R-E+(r1-r2),

мұнда:


R – Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, ақша қаражаты түрінде нақты алынған кірістер сомасы;

E – Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген төленген шығыстар сомасы;

r1 – қаржы жылының басындағы сақтандыру резервтерінің сомасы;

r2 – қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтерінің сомасы.



  1. Сақтанушылар арасында бөлінуге тиіс исламдық сақтандыру қоры кірістерінің сомасына инвестициялау мақсаттары үшін жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бөлігін инвестициялаудан түскен кірістер кірмейді.

  2. Сақтанушылар арасында бөлінуге тиіс, теріс мәні бар исламдық сақтандыру қоры қаражатының сомасы нөл мәнін қабылдайды.

  3. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әрбір сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы жарналарының үлесіне теңбе-тең жүзеге асырылады.

  4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліктілігі актуарийдің қорытындысы негізінде айқындалады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет