Постановление Правления 2015 жылғы 28 қараша Алматы қаласы №210 город Алматы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы



Дата27.02.2016
өлшемі58.32 Kb.
#28445
түріПостановление



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 28 қараша


Алматы қаласы



№ 210
город Алматы




Қазақстан Республикасы

ұлттық валютасы

банкноттарының қатар айналыста

болуының кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңін ұзарту қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңі:

1) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және
2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы
2 000 теңгелік – 2013 жылғы 29 наурыздан бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында;

2) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5 000 теңгелік – 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында;

3) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және
2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы
10 000 теңгелік – 2012 жылғы 10 сәуірден бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында белгіленсін.

2. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:

1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы:

ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін өз кассаларынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады;

жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 1482 тіркелген, «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына тапсырады;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:

ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға беруді жүзеге асырады;

заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын есепке жатқыза отырып шектеусіз қабылдайды.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Балахметов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

7. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.



Ұлттық Банк

Төрағасы


Д. Ақышев

Дұрыс:


Бас маман-ҚРҰБ Басқармасының хатшысы

А. Дупленко



Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 28 қарашадағы

№ 210 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі



Басқармасының күші жойылған қаулыларының

тізбесі
1. «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы
5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы
26 желтоқсандағы № 213 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 37-38 (27110) жарияланған).

2. «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы


10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы
26 наурыздағы № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 244 (27318) жарияланған).

3. «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы


2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы
27 мамырдағы № 127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8562 тіркелген, 2013 жылғы 7 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 184 (28123) жарияланған).

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының


«2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2011 жылғы
26 желтоқсандағы № 213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 284 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9042 тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының


«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы
26 наурыздағы № 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9043 тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының


«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2013 жылғы
27 мамырдағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10209 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет