Постановление Правления алматы қаласы город Алматы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 374.51 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі374.51 Kb.


Жоба


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы





город Алматы






Қазақстан Республикасының кейбір

нормативтік құқықтық актілеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

2. Тізбенің 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Тізбенің 5-тармағының күші жойылды деп танылады.

Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы «__» ________

№ __ қаулысымен

бекітілді



Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің

тізбесі



  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 сәуірдегі
    № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген, 2000 жылғы 14 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 31 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiнде:

3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3-2. Ақша төлемі мен аударымын электрондық тәсілмен жүзеге асыру кезінде банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық құжаттар алмасу жүйелерін пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.»;

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»


2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықта:

14-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«осы Нұсқаулықта көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның толық немесе қысқартылған атауы, оның жеке сәйкестендіру коды;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) бенефициар - заңды тұлғаның толық немесе қысқартылған атауы не жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның жеке сәйкестендіру коды;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) қою талап етілмейтін төлем құжаттарын қоспағанда, бенефициардың және ақша жөнелтушінің ЖСН-і немесе БСН-і. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖСН немесе БСН қою талап етілмейтін төлем құжаттарында ақша жөнелтушінің мекенжайы (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі (жеке түлға үшін) көрсетіледі.»;

22-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Алушы банк немесе бенефициар банкі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - КЖТҚҚІ туралы заң), Төлемдер туралы заңда көзделген негіздер бойынша төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ мынадай:».

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы


№ 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде № 40-41 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1. Клиентке банктік шотты ашу банк «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) сәйкес тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жүргізіледі.



Банктік шоттарды ашудан бас тарту Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банктің арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:

«21-2. Клиенттер (олардың өкілдері) банкке бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қоса алғанда, олардың Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген міндеттерін орындауы үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды ұсынады.»;

26-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Банк клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органның кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдардың және тұлғалардың тізбесіне клиентті енгізгені туралы ақпаратының негізінде жүргізеді.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Банктiк шоттар бойынша операциялар уәкiлеттi органдардың банктiк шоттағы ақшаға тыйым салу немесе банктiк шоттағы шығыс операцияларын (Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қоспағанда) тоқтата тұру туралы шешiмдерiнiң (қаулыларының) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта жүргiзiледi.

Банктік шоттар бойынша шығыс операциялары сот шешімінің, салық және (немесе) кеден органдарының инкассалық өкімдері негізінде, сондай-ақ Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен клиент алынып тасталғаннан кейін жүзеге асырылады.».

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығында:

6-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-3. Эмитент шығарған алдын ала төленген төлем карточкасының ең көп сомасы 200 000 (екі жүз мың) теңгеден немесе алдын ала төленген төлем карточкасын шығару күніндегі оның шетел валютасындағы баламасынан аспауға тиіс. Алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар осы тармақта белгіленген сома шегінде жүзеге асырылады.»;

34-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34-2. Байланыссыз төлем карточкасы пайдаланылатын 5000 (бес мың) теңгеден аспайтын операцияны дербес сәйкестендіру нөмірін енгізбей жүзеге асыруға жол беріледі.».

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925) тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:

17-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстаудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу рәсімдерін жүргізуді қамтиды.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Банк қызметкерлері өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды.».

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:



кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және номиналды ұстаушы қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу (бұдан әрі - номиналды ұстаушы), сондай-ақ олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмесін беруін және номиналды ұстаушы ақпаратты ашу талаптары мен тәртібін айқындайды.»;

1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;

21-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:



«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген негіздер бойынша оқшаулауды жүзеге асырған кезде хабарлама қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.».

23-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінің 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған шешімі негізінде тіркелетін осы акцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотына есепке алу бойынша операциялар;»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) талап етілсе, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар болуын растайтын құжатты сұратады. Уәкілетті органның талап етілетін рұқсаты (келісімі) болмаған кезде номиналды ұстаушы мәмілені тіркеуден бас тартады.»;

28 және 28-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Номиналды ұстаушы Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және эсктремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдардың және тұлғалардың тізбесі негізіндегі оқшаулау және оқшаулауды алу операцияларын қоспағанда, бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алу бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарының немесе клиенттің бұйрығы негізінде номиналды ұстау жүйесінде жүргізеді. Оқшаулау бойынша операция жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотының «негізгі» бөлімінен «оқшаулау» бөліміне ауыстырылады. Оқшаулауды алу операциясы жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) «оқшаулау» бөлімінен «негізгі» бөліміне ауыстырылады.

28-1. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлікпен басқару белгіленген кезде, Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде уәкілетті органның қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлікпен басқаруды белгілеу жөніндегі шешімінің және сенімгерлікпен басқарушының осы бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотына сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны енгізу туралы бұйрығының негізінде қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздар ұстаушының жеке шотына сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны енгізу бойынша операция жүргізеді.

Қаржы ұйымының сенімгерлікпен басқаруға берілген акциялары сатылған жағдайда, номиналды ұстаушы сенімгерлікпен басқарушының бұйрығы және Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайда, уәкілетті органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжаттың негізінде бағалы қағаздардың меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан осы акцияларды есептен шығару бойынша және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке алу бойынша операциялар жүргізеді.

Номиналды ұстаушы қаржы ұйымының сенімгерлікпен басқаруға берілген акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны алып тастау жөніндегі операцияны сенімгерлікпен басқарушының осы бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан сенімгерлікпен басқарушы туралы жазбаны алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.

Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жасалған бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына (шотынан) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (алып тастау) жөніндегі операциялар осы операция жасалған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде орталық депозитарийдің есепке алау жүйесінде көрсетіледі.»;

38-тармақтың бірінші бөлгі мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шотында меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынатын номиналды ұстаушы уәкілетті органнан, орталық депозитарийден, тіркеушіден немесе эмитенттен сұратуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұрату жасаған тұлғаға тиісті мәліметтерді ұсынады.».

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген, 2008 жылғы 31 мамырда «Заң газеті» газетінде № 22 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесінде:



6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1. Банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық банк қызметтерін көрсетудің қолданыстағы немесе енгізілетін тәсілдері мен технологияларын пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.».

8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесінде:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереже «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін белгілейді.»;

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) клиентті тиісті тексеру бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдау;».

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
5531 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметті жүзеге асыру ережесінде:



11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке шотты ашу орталық депозитарий клиентті тиісті тексеру бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.».

27-1, 27-2 және 27-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27-1. Тіркеушінің сұратуы негізінде орталық депозитарий орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына сәйкестендіргішті беруді жүзеге асырады және тіркеушіге:

осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына берілген сәйкестендіргіш туралы;

айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотындағы және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздардың саны;

бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы мәліметтерді жібереді.

27-2. Тіркеушіден орталық депозитарийге бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шот бойынша айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқықтарын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) алғаннан кейін, орталық депозитарий депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқшаулауды жүргізуге құқығы бар мемлекеттік органдардың актілері, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) есептен шығару және осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық салу, сенімгерлікпен басқару) сақтай отырып, эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу жөніндегі операцияларды жүргізеді және депоненттерге:

айналыс мерзімі өткен және эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жол берген дефолт;

эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқықтарына берілген сәйкестендіргіш;

орталық депозитарийдің сепке алу жүйесінде депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жібереді.

Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен эмитенттің айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіштері тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

27-3. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардың оқшаулауын алу бойынша операцияны жүргізген күнінен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей тіркеушіге ол туралы хабарлама жібереді.».

10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықта:

3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;

11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдер;»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді:

1) егер операция «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген критерийлерге жатқызылған жағдайда, ақшамен және өзге де мүлікпен жасалған операцияларды Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 4-бабының 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру және мониторингін жүргізу;

2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру.»;

65-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;».

11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықта:

3-тармақтың 29) тармашасы мынадай редакцияда жазылсын:

«29) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасынң Ұлттық Банкі;»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ұйымның қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру барысында «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңнасының (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) талаптарын сақтайды.»;

85-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) басшы және өзге де қызметкерлердің Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға жұмыстарына қатысуын қамтамасыз етуді;»;

86-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«1) Ұйым қызметінің Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңнасының талаптарына сәйкес келуін;»;

88-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.».

12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6100 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықта:

3-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»;

11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдер;»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді:

1) егер операция «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген критерийлерге жатқызылған жағдайда, ақшамен және өзге де мүлікпен операцияларды Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 4-бабының 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру және мониторингін жүргізу;

2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы өзге де шаралар қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру.»;

69-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;».

13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, 2010 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.».

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7241 тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда «Заң газеті» газетінде № 157 (1973) жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесінде, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарда:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Төлемдер туралы заңның 36-1-бабының 6-тармағында белгіленген сомадан асатын сомаға электрондық ақша шығарылған кезде оның иесін сәйкестендіру «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) сәйкес жүзеге асырылады.»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Эмитент Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның талаптарына сәйкес алаяқтықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жасау мақсатында электрондық ақша жүйесінде ұйымдастыру және рәсімдеу іс-шараларын қамтамасыз ету және енгізу бойынша шаралар қабылдайды.».

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы


№ 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсандағы, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газеті № 834-839, 852-856 (27910, 27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесіне, оның мониторингті, тәуекелдерді бақылау мен басқаруды жүзеге асыру талаптары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:

1-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;

10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдер;»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді:

1) егер операция «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген критерийлерге жатқызылған жағдайда, бағалы қағаздармен мәмілелерді Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 4-бабының 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру және мониторингін жүргізу;

2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы шаралар қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру.»;

56-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;».

16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Клиентпен кастодиандық шарт кастодиан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.».

17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Заң газеті» газетінде № 181 (2382); 2013 жылғы


4 желтоқсанда № 182 (2383); 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 183 (2384) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Брокерлер және (немесе) дилерлер, Басқарушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оған:



1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуді (сәйкес келмеуді) дербес бағалау;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары кіреді.»;

84-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметтерін қылмыстық мақсатында, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдалануды болдырмау кіреді.».

18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8800 тіркелген, 2013 жылғы 25 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 191 (2392) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Клиентпен металл шоты шарты «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті тексеру бойынша банк шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.».

19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8816 тіркелген, 2013 жылғы 13 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 188 (2389) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3. Қор жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оған:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың тізбесі;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін) дербес бағалау;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары кіреді.»;

6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қордың уәкілетті органмен өзара әрекеттесуі;»;

12-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Қордың қызметтерін қылмыстық мақсаттарда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдалануды болдырмау кіреді.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қордың ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің ішкі бақылау жүйесінің жай-күйін объективті бағалау мен оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды беру жолымен ішкі бақылаудың тепе-тең жүйесінің болуын және қызмет істеуін қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында құрылады.

Ішкі аудиттің мақсаты Қор қызметінің барлық аспектілері бойынша ішкі бақылау жүйелерінің және тәуекелдерді басқарудың тепе-теңдігі мен тиімділігін бағалау, Қордың ішкі қағидалары мен рәсімдерінің сақталуын, ішкі және сыртқы аудиторлар ұсынымдарының, қолданылған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды, сондай-ақ уәкілетті органның қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысты белгіленген талаптарының орындалуын бақылау, Қордың құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау барысы туралы уақтылы әрі дәйекті ақпарат беруін, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі пәрменді әрі тиімді ұсынымдар беруін қамтамасыз ету болып табылады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қордың ішкі аудит қызметінің есептері уәкілетті органға оның сұратуы бойынша беріледі.».

20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 17 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 55 (2449); 2014 жылғы 18 сәуірде № 56 (2450) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

«23-1. Клиентпен брокерлік шарт брокер және (немесе) дилер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.».

21. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде, 2014 жылғы 15 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 53 (2447) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату

қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң), «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы (бұдан әрі – Қарсы іс-қимыл туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.».

22. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 1 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 95 (2489); 2014 жылғы 2 шілдеде № 96 (2490); 2014 жылғы 3 шілдеде № 97 (2491) 2014 жылғы 4 шілдеде № 98 (2492); 2014 жылғы 9 шілдеде № 99 (2493); 2014 жылғы 11 шілдеде № 101 (2495); 2014 жылғы 16 шілдеде № 103 (2497); 2014 жылғы 18 шілдеде № 105 (2499); 2014 жылғы 23 шілдеде № 107 (2501); 2014 жылғы 24 шілдеде № 108 (2502); 2014 жылғы 25 шілдеде № 109 (2503); 2014 жылғы 30 шілдеде № 111 (2505) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«13) ҚМК – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;»;

2-қосымша осы Тізбенің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет