Постановление Правления алматы қаласы город Алматы Эмитенттерге және олардың қор



бет2/3
Дата16.07.2016
өлшемі461.13 Kb.
#203545
түріПостановление
1   2   3

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді;

5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.



Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

7. Қор биржасының ресми тізімінің екінші санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:



1) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, олардың біліктілік талаптарға сәйкес келу негізінде аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірімен жүзеге асырылады;

3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы үшін немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.

Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін бермей, эмитентте мына құжаттардың біреуі бар болған жағдайда қабылданады:

соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аралық қаржы ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп;

жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан көп емес уақыт өтпеген, аудиторлық есеппен расталған осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;



4) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

5) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

8. «Борыштық бағалы қағаздар» секторы үш санатқа бөлінеді:



1) квазимемлекеттік секторы субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары;

2) өзге борыштық бағалы қағаздар;

3) буферлік санат.

9. Қор биржасының ресми тізімінің «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санаты бойынша «борыштық бағалы қағаздар» секторына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығарған борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) мемлекет, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг не ұлттық компания эмитенттің акцияларының бақылау пакетін немесе жарғылық капиталында қатысудың бақылау үлесін тікелей не ішінара иеленеді;

      2) эмитент қаржылық есептілікті ХҚЕС сәйкес жасайды;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, олардың біліктілік талаптарға сәйкес келу негізінде аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірімен жүзеге асырылады;

4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) борыштық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде осындай бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.



10. Қор биржасының ресми тізімінің «өзге борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша «борыштық бағалы қағаздар» секторына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кемінде екі жыл уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі;

2) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, олардың біліктілік талаптарға сәйкес келу негізінде аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірімен жүзеге асырылады;

4) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің кемінде соңғы аяқталған бір қаржы жылы үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.

Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан көп емес мерзім өтуі тиіс.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді;

5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

11. Қор биржасының ресми тізімінің «өзге борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша «борыштық бағалы қағаздар» секторына арнайы қаржы компаниясы немесе арнаулы кәсіпорын шығарған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитент бір немесе бірнеше секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;



      2) эмитент және оның борыштық бағалы қағаздары Талаптардың 10-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

12. Инфрақұрылымдық облигацияларды қор биржасы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына «өзге борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша енгізу және сонда қалдыру үшін осы облигациялар және олардың эмитенті Талаптардың 10-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

13. Осы эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) не құрылтайшысының (қатысушысының) бірі болып табылатын ұйымның кепілдігімен арнайы кәсіпорындар шығарған борыштық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторына «өзге борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша енгізу үшін, талаптар эмитенттің өзіне емес, осындай кепілгер болатын ұйымға қолданылады.

14. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы қор биржасының ресми тізіміндегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;

2) эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдағанда.

15. Қор биржасы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын Талаптардың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.

16. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін Талаптардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.

17. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.

18. Эмитент (рұқсат беру бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін Талаптардың 14-тармағында көрсетілген негіздемелер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін Талаптардың 14-тармағында көзделген негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.

Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Іс-шаралар жоспарында:

эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;

эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;

қаржылық жағдайды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;

іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;

эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;

іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.

Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

Осы тармақта белгіленген талаптар қайта құрылымдау процесінде тұрған екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

Қайта құрылымдау процесінде тұрған екінші деңгейдегі банктің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының бірінші басшысы (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) не аталған екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының басшысының міндетін атқаратын тұлға (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) қол қойған өтініштің негізінде, осы аударым жасауды қор биржасының листингтік комиссиясы мақұлдаған жағдайда жүргізіледі.

19. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он  бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

20. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды.



Листингтік комиссия іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымы қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына, листингтік комиссия іс-шаралар жоспарын қабылдамаған жағдайда – делистингке аударым жасауға жатады.

Эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізуі мүмкін.

Листингтік комиссия іс-шаралар жоспарына өзгерістерді алған күннен кейінгі он  жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарына өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарына өзгерістерді қабылдамау туралы шешімінде эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына оларды Талаптардың 26-тармағына сәйкес делистингке негіздер жоқ болған жағдайда «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпарат бар.

21. Эмитент өзінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасауға не делистингке негіздерді жойған және бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау не делистинг туралы шешім қабылдаған сәтке дейін қор биржасына растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің санатында қалады, мұнда олар Талаптардың 14-тармағында көрсетілген іс-қимылдарды жасау сәтінде болған.

22. Бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінің қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатында болуының ең жоғары мерзімі эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.

23. Бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына болған кезеңде эмитент (рұқсат беру бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұрау салуы бойынша қор биржасына мынадай ақпаратты береді:

1) тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарымен және эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы мәліметтер бар листинг туралы шартпен айқындалатын есептілік пен ақпарат;

2) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау туралы ақпарат.

24. Эмитенттің бағалы қағаздарын Талаптардың 14-тармағында көрсетілген қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына Талаптардың 22-тармағында белгіленген мерзімде аударым жасауға негіздер жойылған жағдайда, осы бағалы қағаздар листингтік комиссия шешімінің негізінде қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатынан талаптарына олар сәйкес келетін «борыштық бағалы қағаздар» секторының санатына аударым жасалады, ал «борыштық бағалы қағаздар» секторы санаттарының талаптарына сәйкес келмесе делистингке ұшырайды.



Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне бұрын болған «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасауға эмитенттің және оның бағалы қағаздарының қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының осы санатының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың негізінде қабылданған листингтік комиссияның шешімі негіз болып табылады.

25. Егер эмитент өзінің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатында болған уақытта міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы жарияласа, оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатында қалады.



26. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:

1) қайта ұйымдастырылу немесе таратылу нәтижесінде эмитенттің қызметі тоқтатылғанда не эмитент мәжбүрлеп таратылу процессінде болғанда;

2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (соңғы купондық кезеңдегі сыйақыны қоспағанда) төлеу бойынша дефолт және эмитент Талаптардың 18-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын ұсынбағанда;

3) Талаптардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда эмитент Талаптардың 18-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын немесе жазбаша хабарламаны ұсынбағанда;

4) листингтік комиссия Талаптардың 20-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;

5) эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) осы эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамағанда эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатында болғанда міндеттемелері бойынша дефолтында;

6) осы Талаптардың 16-тармағында көрсетілген қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемені жою мүмкін еместігі фактісін қор биржасының анықтауы;

7) осы Талаптардың 22-тармағымен белгіленген мерзімде осы Талаптардың 14-тармағында көрсетілген негіздемелерді жоймау;

8) соттың эмитентті банкрот деп тануы;

9) эмитенттің мүлкін осы эмитенттің активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салу;

10) эмитенттің (рұқсат беру бастамашысының) эмитенттің болған кезінде және оның бағалы қағаздары осы Талаптардың 23-тармағында көрсетілген тізбеде қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторындағы «буферлік санат» санатындағы ақпаратты ұсынбауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет