Постановление Правления алматы қаласы город Алматы



жүктеу 57.89 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі57.89 Kb.
Жоба



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы






город Алматы






«Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің

жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген, 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 182 (2576), 2014 жылғы 15 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі – «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына,


сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда:
1-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:



«9) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері осы Талаптарға сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:



«11) ресми тізімнің секторы эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген), Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізімінің бір бөлігі;»;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) біліктілік талаптары – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10340 тіркелген, «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 243 қаулысымен бекітілген қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары;»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Қор биржасының тізімі ресми тізімнен және «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторынан тұрады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қор биржасының ресми тізімі мынадай секторлардан тұрады:

1) акциялар;

2) борыштық бағалы қағаздар;

3) исламдық бағалы қағаздар;

4) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

5) туынды бағалы қағаздар;

6) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

7) мемлекеттік бағалы қағаздар;

8) құрылуы және жұмыс істеуі қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де секторлар. Бағалы қағаздарды осындай секторларға енгізу, оларды олардан шығару және тізім санатын ауыстыру талаптары мен тәртібі, сондай-ақ бағалы қағаздары осындай секторларға, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға енгізуге болжанатын немесе оларға енгізілген эмитенттерге қойылатын талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

Қор биржасының ресми тізімінің секторлары бөлек санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.»;

10-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуге тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 35-1 және 35-2-тармақтармен толықтырылсын:

«35-1. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу (айналысқа жіберу) және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы Талаптардың 35-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамай қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) егер бұл бағалы қағаздар Талаптардың 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес құрылған және жұмыс істейтін қандай да бір секторларға айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар болып табылса;

2) егер бұл бағалы қағаздар «халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторында айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары болып табылса.

Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін осындай қор биржасы уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді;

3) «мемлекеттік бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілетін жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын қоса алғанда, егер бұл бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылса.

35-2. Талаптардың 35 және 35-1-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды енгізу (айналысқа жіберу) туралы шешімдерді қор биржасының атқарушы органы қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен қабылдайды.»;

36, 37 және 38-тармақтар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын:

«41. Қор биржасы тізімінің «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторына Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, оның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (жіберіледі).

Бағалы қағаздарды «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторына айналысқа жіберу талаптары мен тәртібі, сондай-ақ бағалы қағаздардың бұл секторда болу талаптары және одан шығу талаптары қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады. Бағалы қағаздардың «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында болуы олардың эмитенттеріне қандай да бір міндеттемелер жүктемейді. Бағалы қағаздарды «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторына айналысқа жіберу қор биржасының кез келген мүшесінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.».

2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет