Постановление Правления алматы қаласы город Алматы



Дата05.07.2016
өлшемі71.87 Kb.
#180712
түріПостановление

Жоба


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы






город Алматы




«Қаржы ұйымдарының банк операцияларының

жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды

жүргізуіне шектеулер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 тіркелген, 2014 жылғы 11 ақпанда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 6 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 45 (28269) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі  банк):

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін ұлғайту және (немесе) қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша ай сайынғы төлем өтелмеген қарыз бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемге (өтелмеген қарыздар бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемдер сомасына) тең қабылданады.

Өтелмеген қарыз бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлем қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлем мөлшерінің жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер санының он екіге қатынасының көбейтіндісі ретінде есептеледі:

КТай=КТкесте*КТСжыл/12

мұндағы:


КТай  өтелмеген қарыз бойынша айлық көрсеткішке келтірілген кезеңдік төлем;

КТкесте  қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлем;

КТСжыл  жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны.

Жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны үш жүз алпыстың қарыз бойынша төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асыру кезеңділігін сипаттайтын күндер санына қатынасы ретінде есептеледі.

Осы тармақтың үшінші бөлігін есептеу мақсаты үшін бір айдағы күн саны отызға тең болып қабылданады.

Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем және (немесе) төлемдерді жүзеге асырудың күнмен берілген кезеңділігі туралы деректер болмаған кезде өтелмеген қарыз бойынша ай сайынғы төлем қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша қалдық сомасының осы қарыздың аймен берілген қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

Өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша ай сайынғы төлемге кредит лимитінің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кіреді.

Кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі мөлшерінің шартта айқындалған, аймен көрсетілген осы лимиттің қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

Банктің ашық кредиттік желі шеңберінде қарыз алушыға қарыз беру жөніндегі шартты міндеттемесінің сомасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі деп түсініледі.

Кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша кредиттік лимиттің тиісінше он пайызға көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы сомасы және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржы ұйымының, сондай-ақ тізбесі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген өзге де ақпарат жеткізушілердің (бұдан әрі  ақпарат жеткізушілер) балансынан тыс есептен шығарылған берешек сомасы кіреді.

Қарыз алушыға бұрын жасалған банктік қарыз шартын (қарыз шарттарын) қайта қаржыландыру мақсатында қарыз беруді жүзеге асырған жағдайда, өтелмеген қарыз бойынша қайта қаржыландыруға жататын берешек сомасы ай сайынғы төлемнің есебінде және өтелмеген қарыз бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасында есепке алынбайды.

Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем, негізгі борыш қалдығы, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығы, кредиттік лимит, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі, қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлем сомалары туралы ақпаратты банк кредиттік бюродан сұратып алады.

Кезеңдік төлемдердің, негізгі борыш қалдығының, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығының, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлемнің, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін бағалаудың және қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомаларының есебіне барлық ақпарат жеткізушілер кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтер кіреді.

Қарыз алушының өтелмеген қарыздарына осы қаулының 2-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген қарыздар, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтары кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген қарыздар кіреді.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Егер қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген мәндерден жоғары болып табылған жағдайда банк:

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін ұлғайту және (немесе) қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру туралы оң шешімдер қабылдамайды.

10. Банк қарыз алушының борыштық жүктемесін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде өздігінен айқындайды. Егер банк қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде айқындаған қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген борыштық жүктеме коэффицентінің ең жоғары деңгейінен төмен болса, банк:

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін ұлғайту және (немесе) қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру туралы шешімдер қабылдау кезінде қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесін басшылыққа алады.».

2. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті (Тутушкин В.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.



5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет