П/п ЖҰЖ тармақтарының



Дата22.02.2016
өлшемі156.46 Kb.
#2040
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы 2008, 2009 және 2011 жылдарға ақпарат




п/п

ЖҰЖ тармақтарының




Іс-шара атауы


Орындау мерзімі


Орындалу барысы




1

2

3

4

5

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»

атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары

(ҚР Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 жарлығы)


Азық-түлік қауіпсіздігі

1

21.

Ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

қазан

2008-2011 жж.



Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 289-8 тапсырмасымен аталған тармақ бақылаудан алынды.


2

22.

Елдің ішкі қажеттілігі қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдері өндірісін ынталандыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау


қазан

2008-2011 жж.



Маңызды тамақ өнімдері өндірісін ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ҚР Президентінің Әкімшілігіне 2011 жылғы 24 қазандағы № 11-1-16/2288-Дир,3 хатпен жолданды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 4408-1 бұрыштамасымен ақпарат назарға алынды және нысаналы индикаторларды, облыстар бөлінісінде өнімдер түрлері бойынша жоспарланған жобалар мен қажеттіліктерді көрсете отырып, Жол картасын әзірлеу, сондай-ақ 2011 жылғы 1 ақпанға дейін ақпарат енгізу тапсырылды.

Еліміздің ішкі қажеттілігі қанағаттандырылмайтын қант қызылшасы, жеміс-жидек және майлы дақылдардың тұқымдарын, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерінің көлемін ұлғайту мақсатында Министрлік нақтылы іс-шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда,

1) жоғарыда аталған басым дақылдардың егіс алқаптарын кеңейту және отандық өндіріс көлемдерін ұлғайту үшін оларды өндіруге субсидиялардың мөлшері ұлғайтылды;

2) жеміс дақылдары мен жүзімнің өнеркәсіптік плантацияларын отырғызу және оларға жеміс беру кезінде күтім көрсету бойынша шығындардың бөлігін арзандату бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2011 жылы қосымша 1,6 мың га алқапта жеміс дақылдарының және 0,8 мың га алқапта жүзімнің көпжылдық екпелері отырғызылды.

Сондай-ақ, басым дақылдарды субсидиялау шеңберінде бақша мен жүзімдіктерді отырғызумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылық қолдау (ЖЖМ, тұқым, тыңайтқыштар, тауарлы-материалдық құндылықтар және т.б. сатып алу) жүзеге асырылып жатыр.

4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражаттарын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын, сондай-ақ жабдық лизингін субсидиялау жүзеге асырылуда;

5) кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйесін ендіру бойынша шығындарының бөлігі арзандатылуда;

6) Бірыңғай кедендік тарифті құрағанда ішкі нарықтағы сату және өндіру көлемін ынталандыру мақсатында өзінің демпингтік бағалары мен басқа да бәсекелі өзгешеліктерінен отандық өнімнің дамуын ұстап тұрған шеттен әкелінетін тропикалық майларға, жемістерге импорттық кеден салығы айтарлықтай жоғарылатылды;

7) тарифтік және тарифтік емес реттеудің тиісті қорғау шаралары қабылдануда. Мысалға, әкелінім кеден салығын көтеру және төмендету, сандық шектеулер, тыйымдар және т.б.;

8) техникалық реттеу және тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында заңның сақталуына бақылауды күшейту шаралары қабылдануда, тамақ өнімдерінің негізгі түрлері (сүт, ет, шырын, жеміс және көкөніс, астық, ұн, жармалар) бойынша халықаралық талаптарға сай тамақ өнімдеріне олардың өмірлік циклының барлық сатыларында бақылауды күшейтуді көздейтін техникалық регламенттер бекітілді.

9) ауылдық тұтыну кооперативтерінің, сондай-ақ өткізуді ұйымдастыруға, қол жетімді бағалармен өндірістік ресурстарды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ түрлі өндірістік қызметтерді, соның ішінде аудит, бухесепті жүргізу, ғылыми, ақпараттық және маркетингтік жұмыс т.б. көрсетуге бағдарланған ауылдық дайындау орталықтарының желісі дамып келеді;

10) осы салалардың субъектілеріне қаржылық институттар басым түрде несие ресурстарын береді;

11) тұрақты негізде нысаналы инвестициялық жобалар қаржыландыруда, сондай-ақ лизингтік негізде қажетті жабдықты жеткізу жүзеге асырылуда.


Мал шаруашылығы саласы

3

25.

Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдау


қаңтар

2009-2012 жж.



Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты ҚР Президентінің Әкімшілігіне және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне тиісінше 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 08-2-8/246-И және № 08-2-8/245-И хаттармен жолдады.

ҚР ПМК Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовтың 2011жылғы 17 қаңтардағы № 11-29/002-786 (1.25) бұрыштамасымен ақпарат назарға алынып, жұмысты жалғастыру үшін жолданды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 289-8 бұрыштамасымен 2008 жылғы ЖҰЖ-ның 25-тармағын жылдық негізде ПӘ ақпарат бере отырып, ұзақ мерзімді бақылауда қалдыру тапсырылды.

Қазіргі уақытта ветеринария жүйесін әрі қарай жетілдіру және елдегі эпизоотиялық жай-күйді жақсарту үшін ірі көлемді шаралар қабылдануда.



1. Ветеринария саласындағы заңнаманы халықаралық нормалар мен ережелермен үндестіру

Бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын шектеу бойынша әрі қарай әкімшілік реформа шеңберінде ветеринария саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін жер-жерлерде аумақтық бөлімшелерімен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті құрылды.



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді (жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында жатыр), ол:

- жергілікті атқарушы органдардың аумақтың эпизоотиялық қолайлылығына жауапкершілігін арттыру мақсатында жануарлардың аса қауіпті, энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімін жүргізу үшін республикалық мәні бар қалада, астанада, аудандарда (облыстық мәні бар) ауылдық (кенттік) округтер деңгейінде ветеринариялық пункттері (учаскелері) бар мемлекеттік ветерианриялық ұйымдарды құру нормасын заңнамалық түрде қарастыру жоспарланып отыр;

- облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық мәні бар қалалар) деңгейінде жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтердің дербестігі;

- әкімшілік кедергілерді төмендету, сондай-ақ өндірушілердің малдан алынатын шикізат мен өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына жауапкершілігін арттыру үшін өндірістік бақылау бөлімшелерінің аттестатталған ветеринариялық дәрігерлеріне рұқсат беру арқылы ветеринариялық құжаттар беру уәкілеттігі берілген тұлғалар тобы кеңеюде;

- ветеринария мамандарын әлеуметтік қолдау нормаларын енгізу;

- референт орталығын, оны мемлекеттік мекеме құқықтық нысанынан республикалық кәсіпорын нысанына қайта құрып, тамақ өнімінің, ветеринариялық дәрі-дәрмектердің, жемазықтар мен жемазық қоспаларына мемлекеттік мониторинг жүргізу қосымша қызметін көздеу арқылы тамақ қауіпсіздігін мемлекеттік мониорингін күшейту;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі процессингтік орталық, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарына ен салу бойынша лазерлік сатнциясын құру;

- ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізу.

Аталған қызметтерден басқа мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ақылы негізде малдарды жасанды ұрықтандыру, малдардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын емдеу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, сондай-ақ ветеринариялық-санитарлық объектілерді (мал қорымдары, мал сою алаңдары) ұстау бойынша және т.б. қызметтерді көрсете алады.

2. Ветеринариялық зертханаларды халықаралық стандарттарға көшіру

Қазіргі уақытта жоспарланған 126 ветеринариялық зертханалардың (11 облыстық және 115 аудандық біртипті модульды зертханалар) 20 ветеринариялық зертхана (11 облыстық және 9 аудандық) салынды және 43 аудандық зертхана бойынша ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 63 аудандық зертхана бойынша құрылыс кейінгі жылдары жүргізілетін болады.



3. Жануарлардың денсаулығын қамтамасыз ету

Жануарларды аса қауіпті ауруларын уақытылы анықтау мақсатында жануарлардың аса қауіпті ауруларына диагностикалық тексерулер жүргізуді қаржыландыру жыл сайын ұлғаю байқалып, ол жануарлардың мал басын бруцеллезге (ҰҚМ, ІҚМ) тексерумен 100 % дейін, ал аналық басты екі есе қамтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта эпизоотиялық ахуалға байланысты республикада эпизоотиялық іс-шараларға қарсы (жануарларды егу) жануарлардың 13 аса қауіпті аурулары бойынша жүргізілуде.

4. Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ветеринариялық-санитарлық бақылауға жататын шығарылатын тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында малдарды өсірумен, малдардан алынатын өнім мен шикізатты дайындаумен (сою), сақтаумен, қайта өңдеу және сатумен айналысатын өндіріс объектілеріне және ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жемазықтар мен жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату жөніндегі ұйымдарға олардың ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін, оларға тіркеу нөмірлері беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар ветеринария саласында нақты жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, республика бойынша 1 577 ауыл шаруашылығы малдарын сою объектілері бар, с.і. 38 – қайта өңдеу кәсіпорындары, 207 – мал сою орындары, 1 312 – мал сою алаңдары. Бұл ретте, бір мал сою объектісі орта есеппен 5 елді мекенге қызмет көрсететін болады (7 066 елді мекен).


4

26.

Ауыл шаруашылығын барлық деңгейлерде жүйелі қолдау үшін бұдан әрі шараларды қабылдау

2009-2012 жж.

қаңтар



Мал шаруашылығын барлық деңгейлерде жүйелі қолдау бойынша қабылданға шаралар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 2011 жылғы 20 шілдедегі № 08-2-7/254-Дир хатпен жолданды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 414-3 бұрыштамасымен ақпарат назарға алынды және жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Бүгінгі күні республикалық бюджеттен мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер» 083 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер» 088 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға қаржы бөлінуде.

Ағымдағы жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен субсидиялауға 5 080,3 млн.теңге, соның ішінде:


  • асыл тұқымды төлге 997,0 млн.теңге;

  • ірі қара малдың асыл тұқымды төлге 1 012,1 млн.теңге;

  • импортты асыл тұқымды төлге 2 160,0 млн.теңге;

  • аталық бұқалардың тұқымдарына 102,4 млн.теңге;

  • асыл тұқымды жұмыртқаға 183,2 млн.теңге;

  • тәуліктік балапандарға 74,0 млн.теңге;

  • «Астана құс» АҚ 138,7 млн.теңге;

  • «Асыл түлік» АҚ 333,3 млн.теңге;

  • «Қазақ тұлпары» ЖШС 79,6 млн.теңге бөлінді.

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға республикалық бюджеттен 18 839,2 млн. теңге көлемінде субсидия, соның ішінде:

  • сиыр етіне 2 059,3 млн.теңге;

  • шошқа етіне 933,7 млн.теңге;

  • қой етіне 214,9 млн.теңге;

  • жылқы етіне 264,8 млн.теңге;

  • қымызға 160,6 млн.теңге;

  • шұбатқа 55,6 млн. теңге;

  • биязы жүнге 123,4 млн.теңге;

  • құс еті 5 189,3 млн.теңге;

  • күркетауық еті 116,3 млн.теңге;

  • тауарлы жұмыртқа 5 152,5 млн.теңге;

  • сүт 3 476,1 млн.теңге;

  • ірі және құнарлы жемазықтарға 1 092,7 млн.теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

5

27.

Ауыл шаруашылық өндеуші өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар қабылдау


шілде

2008-2011 жж.



Ауыл шаруашылық өндеуші өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ҚР Президентінің Әкімшілігіне және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне тиісінше 2011 жылғы 15 шілдедегі № 11-1-16/2649 және № 11-1-17/2649 хаттармен жолданды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 3059-1 бұрыштамасымен ақпарат назарға алынып, ақпаратты ұсынылған нысандарды ескере отырып пысықтау және 1 қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау кешеніне ұсыну тапсырылды.

Осы бұрыштамаға сәйкес 2011 жылғы 4 қазандағы № 11-1-16/2380-дир хатпен облыстардың қайта өңдеу кәсіпорындарының мониторингі ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 22 қазандағы № 3059-4 бұрыштамасымен ҚР АШМ, Астана, алматы қалаларының әкімдіктеріне қайта өңдеу кәсіпорындары бойынша мониторингіні пысықтап, 1 желтоқсанға дейін қайта өңдеу кәсіпорындарының проблемаларын шешуге бағытталған шаралар қабылдау үшін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жолдасын және 2012 жылғы 1 ақпанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберсін. 10 ақпанға дейінгі мерзімде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Президентінің Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы жиынтық ақпаратты енгізсін.

Өз кезегінде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 11-1-16/2380-дир,1 хатпен ҚР Президентінің Әкімшілігіне ЖҰЖ-ның 27-тармағын бақылаудан алу туралы хат жолдады, себебі, қайта өңдеу кәсіпорындарының мониторингі «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Талдау кешенінің мәліметтер базасын қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Талдау Кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» ҚР президенті Әкімшілігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 01-39.141 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. Аталған хатқа бұрыштама келген жоқ.

Қайта өңдеу кәсіпорындарын дамытуд және қолдау мақсатында нақты шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, отандық өнімді жергілікті сауда желілерінде басым орналастыру арқылы оны кедергісіз өткізу үшін жағдайлар жасалып жатыр.

Техникалық реттеу және тамақ өнімінің өмірлік циклының барлық сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында заңның сақталуына бақылауды күшейту шаралары қабылдануда.

2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражаттарын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражаттарын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын, жабдық лизингін субсидиялау, және ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін басқару жүйесін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін 2011 жылы 245 жуық қайта өңдеу кәсіпорындарына сомасы 5 млрд. теңгеге дейін субсидия берілді және ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға ИСО және ХАСП халықаралық стандарттарын енгізген 27 кәсіпорынға 69,4 млн. теңге бөлінді.

Бірыңғай кедендік тарифті құрағанда ішкі нарықтағы өндіру және сату көлемін ынталандыру мақсатында тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қабылдануда, атап айтқанда, жекелеген тауар түрлеріне, соның ішінде қарақұмық, қарақұмық дәндерінің жармасына, майлы дақыл тұқымдарына және өсімдік майларының экспортына 6 айға дейін мерзімге тыйым салынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен АӨК өніміне 19 техникалық регламент әзірленіп, бекітілді.

Сонымен қатар, Халықты азық-түлік тауарларымен сапалы және қол жетімді түрде қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 92-ө өкімімен Нарықтық тетіктердің қолданылуымен азық-түлік нарығын реттеу жөніндегі шаралар кешені қабылданды.

Әзірленген құжаттың оперативті шараларының бірі аймақтар деңгейінде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру болып табылады.

Шаралар кешенінде, сондай-ақ аймақтардың мамандануына байланысты негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын және жылыжайларды кеңейту, көкөніс сақтау қоймаларын салу және жаңарту көзделіп отыр.

Азық-түлік өндірісін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасында саяжайлық, бау-бақша және жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау жөніндегі 2011-2014 жылдарға арналған Шаралар кешені әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен бекітілді.

Аталған шаралар кешені насостық станцияларды салу, су құбырлары учаскелерін жөндеу арқылы саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуді, саяжай массивтерін электр энергиясымен, кірме жолдармен және автобус хабарламасымен қамтамасыз етуді, тұқымды, көшеттерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктер мен жеміс-көкөніс көшеттерін қорғау құралдарының орталықтандырылған түрде жеткізілуін ұйымдастыруды көздейді.


Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»

атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары

(ҚР Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 765 жарлығы)



Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты

әртараптандыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

6

25

Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру

2009-2011 жж. шілде, қаңтар

АӨК экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 2011 жылғы 27 шілдедегі № № 05-1-10/820-Дир хатпен жолданды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 3 қазандағы № 289-14 тапсырмасымен бұл тармақтың орындалуы ҚР ПӘ әзірлеген нысандарға сәйкес «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – ҚазАгро) іске асыратын экспортқа бағдарланған инвестициялық жобалардың мониторингі бойынша ақпарат ұсыну жолымен ай сайынғы мерзімге ауыстырылды.

Осыған байланысты, Министрлік ай сайын ақпарат ұсынуда. Бүгінггі күнге ҚР ПӘ тиісті ақпарат қазан айы бойынша 2011 жылғы 5 қарашадағы № 05-1-10/2543-Дир, қараша бойынша 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 05-10/2543-дир,1, 21 желтоқсан бойынша 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 05-10/2543-Дир хаттармен жолдады.

Жалпы, ұсынылатын ақпарат шеңберінде, ҚазАгро жалпы сомасы 13553,1 млн. теңгеге 9 экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаны іске асыруда. Бұл ретте, нақты қаржыландыру сомасы 8977,1 млн. nеңгені құрады. Бүгінгі күні 3 жоба («Астана Агроөнім» ЖШС, Ақмола облысында етті қайта өңдеу кешенін ұйымдастыру, «Байсерке-Агро» ЖШС, Алматы облысында етті қайта өңдеу кешенін құру, «Қараман К» ЖШС, Қостанай облысында бордақылау алаңын салу).



Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»

атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

(ҚР Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 жарлығы)



7

1

«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына еңбек өнімділігін арттыру, мал шаруашылығы, жемазық өндіру саласын дамыту және еттің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2011 жылғы

шілде


«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 1 шілдедегі № 749 қаулысы қабылданды.

Қаулымен саланы дамытуға 2010, 2011 жылдарда республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты, нысаналы индикаторлар нақтыланды, сондай-ақ, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мал шаруашылығы, жемазық өндіру салаларын дамыту және еттің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша шаралармен толықтырылды.




8

2

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу

2011 жылғы

шілде


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 877 қаулысымен Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұл Кешенді жоспар:

- мал шаруашылығы мен ветеринария саласында заңнамалық базаны жетілдіру;

- мал шаруашылығы саласында мамандандырылған қоғамдық бірлестіктер құру;

- шетел селекциясының асыл тұқымды ірі қара малын импорттау;

- ірі қара мал етінің өнеркәсіптік өндірісінің инфрақұрылымын құру;

- ветеринария жүйесін жетілдіру және республиканың эпизоотиялық қолайлы ахуалын қамтамасыз ету;

- мал шаруашылығы мен ветеринария саласының мамандарын даярлау бойынша іс-шараларды іске асыруды көздейді.










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет