Практика бойынша дифференциалдық сынақты бағалау парағЫ



бет3/5
Дата05.09.2023
өлшемі34.67 Kb.
#476632
1   2   3   4   5
Дифф зачет 3 курс ОМ прак

Алгоритм

0-0,1



0,2-0,3

0,4-0,5

1

Қажетті жарақтандырулар дайындалады. Пациентке емшараның мақсаты мен орындалуын түсіндіріп келісімін алады. Емшара орындау кезінде пациентпен түсіністік қарым-қатынас болуы тиіс.










2

Бетперде киіледі, қол гигеналық талапқа сай тазартылады, медициналық қолғап киіледі. Пакетті ашып, шприц жиналады, ампула мойыны екі рет спиртпен ылғандандырылған мақтамен тазартылады.










3

Дәрігер тағайындаған дәрі мөлшері шприцпен сорып алынады.Ине дезинфекциялаушы ертіндісі бар ыдысқа салынады. Шприцке венаға дәрі жіберуге арналған ине кигізіледі, ауасын шығарып, инеге қалпақша кигізіледі. Әзір болған шприц науаға қойылады.










4

Пациентті кушеткаға отырғызады не жатқызады. Шынтақ астына клеенкалы көпшікше қойылады. Салфеткамен оралған қарға венозды бұрау байланады. Шынтақтың алдыңғы бетіндегі егілетін вена тексеріледі. Осы жер спиртті мақтамен екі рет тазартылады. Мақта тампондары 3%-дық ертіндісі бар ыдысқа салынады










5

Шприцті қолға алып, қақапақшасы алынады. Оның ішінде ауа жоқтығы тексеріледі, ине қиындысын жоғары қаратып, канюля тұсы сұқ саусақпен бекіте ұсталады. Егілетін вена сол қолдың бас бармағымен бекітіледі де, инені венаға параллельді бағытта ұстап, оның 1/3 бөлігі әуелі тері астына, соңынан венаға енгізіледі. Поршень кері тартылып шприц ішіне қан енгенін көрген сәтте, қардағы бұрау шешіледі.










6

Шприц поршенін итеру арқылы дәрі ақырындап венаға жіберіледі. Дәріні енгізіп болған соң, ине канюлясы мен шприцті бірге ұстаған күйде венадан ине суырып алынады. Спиртті мақта егілген жерде қалдырылып, осы жерден шынтақ бүгіледі.










7

Шприц инесімен, қапақшасы кигізілместен пайдаланған құралдар салынатын контейнерге тасталады. Егілген жер тексеріледі. Қан бөлінуі тиылса, мақталы шарик қанмен ылғанданған материалдармен бірге арнайы контейнерге салынады.










8

Пациентті палата мейірбикесі отырған жерге дейін шығарып салынады. Стол сүртіледі, медициналық қолғапты шешіп, қанмен ылғанданған материалдарға арналған контейнерге салынады.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет