Практикалық жұмыс №7
Тақырыбы: Программа және оның құрылымы.
Командалар және операторлар
Теорияға шолу
Паскаль тілінің программасы блоктардан тұрады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі блок деп аталады. Ал блок ішіндегі блок жергілікті блок деп аталады.
Сипаттау бөлімі 7 бөліктен тұрады:
программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (uses түйінді сөзімен басталады);
белгілерді (label)сипаттау;
тұрақтыларды (const) сипаттау;
мәліметтер типтерін (type) анықтау;
айнымалыларды (var) сипаттау;
процедураларды (procedure) сипаттау;
функцияларды (function) сипаттау.
Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:
Program <программа аты> (Input, Output);
Uses <1-атау, 2-атау, 3-атау, ....>;
Label ….;
Const …..;
Type …..;
Var …….;
Procedure <процедура аты>;
<процедура тұлғасы>;
Function <функция аты>;
<функция тұлғасы>;
Begin
<1-оператор>;
<2-оператор>;
…..
;
End.
Мысал: 2 санның көбейтіндісін есептейтін программа құралық.
Program esep;
Var a,b, kobeitindi: integer;
Begin
Write (‘А бүтін санын енгізіңдер:’);
Readln(a);
Write (‘В бүтін санын енгізіңдер:’);
readln(b);
kobeitindi:=a*b;
write(‘А және В сандарының көбейтіндісі :’,kobeitindi);
end.
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекет (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалардеп атайды. Операторларды қарапайым және күрделі деп екі топқа бөледі. Begin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Сәкесінше, Begin – ашылатын, end – жабылатын жақшалар.
Достарыңызбен бөлісу: |