Практикалық жұмыс №1



бет2/2
Дата08.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#497917
1   2
Визуалды бағдарламалау негіздері. Қосымша құру. TFORM компоненті

Қасиеті

Мәні

Name

Пішіннің (форма) атауы. Бағдарламада пішін атауы пішінді басқару және пішіннің компоненттеріне қол жеткізу үшін қолданылады.

Caption

Терезенің тақырып мәтіні.

Top

Пішіннің үстіңгі шекарасынан экранның жоғарғы шекарасына дейінгі қашықтық.

Left

Пішіннің сол жақ шекарасынан экранның сол жақ шетіне дейінгі қашықтық.

Width, Height

Пішіннің ені, биіктігі.

Icon

Жүйелік мәзірді шығару түймешігін білдіретін диалог




терезесінің тақырыбындағы белгіше.

Color

Фон түсі.

Font

Қаріп. Пішін бетіндегі компоненттер үшін «әдепкі» қаріп. Формада көрсетілетін мәтін қаріпін анықтайды: FsItalic (курсивті); FsBold (жартылай қарайтылған); FsUnderline (асты сызылған); FsStrikeOut (үсті сызылған); Name (қаріп атауы); Size (қаріп өлшемі пункт бойынша 1/72 дюйм).

Canvas

Графикті шығаруға болатын бет.

AutoScroll

Форманы автоматты түрде айналдыру.

AutoSize

автоматты өлшемі.

BorderStyle

форманы қоршау стилі.

Lazarus ортасында оқиға дегеніміз сәйкесті типке жататын қасиеттер болып табылады. Оқиға хабарлама алу нәтижесінде пайда болады.


Lazarus компоненттері әсер ететін кең таралған оқиғалар тізімі төмендегі кестеде көрсетілген:

Атауы

Мәні

OnActivate/OnDeactivat e

Форма фокус алғанда ол белсенді болады, ал егер фокусын жоғалтса, белсенсіз күйде
болады.

OnClick

Компонентке тышқанды шерту кезінде пайда болады. Кейбір компоненттер үшін бұл оқиға басқару элементін басқа әдіспен, мысалы Button компоненті үшін <бос орын> немесе
<енгізу> пернелерін басу арқылы пайда болады.

OnCreate

Форманы құру кезінде пайда болады.

OnPaint

Форма үстіне сурет салу кезінде пайда
болады.

OnClose

Форманы жабу кезінде туындайды.

OnMouseDown

Тышқанның кез келген батырмасын шерту.

OnMouseUp

Тышқан батырмасын жіберу.

OnDblClick

Компонентке тышқанның сол жақ батырмасын
екі рет шерту.

OnMouseMove

Компонент үстінде тышқан көрсеткішін жылжыту.

OnMouseWheelDown
OnMouseWheelUp

Тышқан дөңгелегін алға қарай айналдыру.
Тышқан дөңгелегін артқа қарай айналдыру.

OnKeyPress OnKeyUp
OnKeyDown

Пернетақтаның кез келген пернесін басу. Пернені басып тұру.
Пернені жіберу.

OnResize

Форма өлшемдерін өзгерту

Объектілердің сыртқы бейнесін сипаттайтын қасиеттерге (оның түсін, түрін, өлшемін, орны және т.б) қарағанда, әдіс – бұл объектіге тән оның басқа объектілермен өзара қатынасында байқалатын сипаттама. Кестеде форманың негізгі әдістері көрсетілген.


Форманың негізгі әдістері


Атауы

Мәні

Hide

Форманы жасыру

Show

Форманы көрсету

Close

Форманы жабу

Free

Форманы жою

Create

Форма экземплярын құру

Компиляциялауға және программаны іске қосу үшін, келесі үш тәсілдердің бірін қолданамыз:

  • Запуск -> Компилировать

  • Запуск -> Собрать

  • Запуск -> Запустить(Run Run) пунктін таңдау;

  • F9 батырмасын басу;

  • Саймандар тақтасындағы батырманы басу.

Бағдарламаны бастағаннан кейін ол қатып қалуы мүмкін. Қатып
қалған бағдарламаны тоқтату үшін Ctrl + F2 пернелер комбинациясын басу керек немесе Запуск Тоқтату пәрменін таңдау керек.
Бағдарламаны сақтау үшін Файл Сохранить как пәрменін таңдаңыз. Сақтау Unit1 (*.pas) сұхбаттасу терезесі пайда болады, онда
.pas кеңейтімі бар бағдарлама бірінші қадамда сақталады.
Ескерту! Бағдарламаны ашу үшін .lpi кеңейтілімі бар жобаны ашу керек.
Lazarus ортасында бағдарламаны ФайлСохранить все
пәрменімен де сақтауға болады.
Егер бағдарламаны бірінші рет сақтағаннан кейін оған өзгерістер енгізілсе, онда оларды сақтау үшін құралдар тақтасындағы батырманы шертуге немесе «Барлығын сақтау» пәрменін таңдауға болады.
Мысал-1. Форманың қасиеттерін объектілер бақылаушы терезесінде қолдану.

  1. Формаңың стилін таңдау;

  2. Форманың шекарасын өзгерту;

  3. Форманың фонын өзгерту;

  4. Форманың атауын беру;

  5. Форманың тақырыбын беру;

    • Тақырыбының қарпін өзгерту;

    • Қаріптің түсін өзгерту;

    • Қаріптің стилін өзгерту;

  1. Фоманың енін және биіктігін анықтау;

  2. Көрінетін және ағымсыз күйдегі қасиеттерін орнату.

Мысал-2. Форманың қасиеттерімен танысу.

  1. Форма терезесінің атауын Caption қасиетін пайдаланып Form1-ден "Бағдарлама" деп өзгерту.

  2. Түс қасиетін пайдаланып, форма түсін clAqua өзгерту.

  3. Форманың ортасында Label компонентін орналастыру. Беру керек: белгі – БАҒДАРШАМ, белгі (метка) түсі – көгілдір. Font қасиетін өзгерту: шрифт – Times New Roman, сызба – қарайтылған, өлшемі – 14.

  4. Panel1, Panel2, Panel3 компоненттерін формада орналастыру,

Caption қасиетін кезекпен бос етіп қою.

  1. Формада Button1, Button2, Button3 үш командалық батырманы орналастыру. Бұл батырмаларға "қызыл", "сары", "жасыл" жазуларды жазу. Нәтижесінде 44-суретке сәйкес нысан болуы керек.

  2. Жобаны сақтау.

Сурет 44. Бағдаршам жобасы


Өздік тапсырмалар


Тиісті командалық батырманы таңдаған кезде өзгеретін бағдарлама құрыңыз:

  1. «Бағдарламалау тілі», «Бағдарламалау жүйесі», «Алгоритм» мәтіндерінің мазмұны; сонымен қатар, бағдарламаның соңында

«Жұмысыңызға рахмет» хабары көрсетіледі.

  1. Форманың түсі көк, күлгін, сұр; сонымен қатар, бағдарлама тапсырманың шарты туралы басталған кезде хабарлама көрсетіледі.

  2. Панельдің жақтауының көрінісі «дөңес», «ішке қарай басылған»,

«жоқ»; сонымен қатар, сіз осы компонентті басқан кезде компоненттердің мақсаты туралы хабарлама көрсетіледі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Жобаны қалай сақтау керек?

  2. Форманың қасиеттерін атаңдар?

  3. Форманың шекарасын қалай өзгертуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет