Практикалық жұмыс №9 Табиғи және жасанды жарықтандыру параметрлерін зерттеу және есептеу Жұмыстың мақсаты



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі474.42 Kb.
#454366
1   2   3
Практикалы ж мыс №9 Таби и ж не жасанды жары тандыру параметрле

1 Негізгі теориялық мӘліметтер
Өндірістік ғимараттарды жарықтандырудың келесі тәсілдері бар: табиғи, жасанды және аралас.

Табиғи жарықтандыру адамдардың үнемі болатын өндірістік ғимараттарда қолданылуы керек. Табиғи жарықтандыру қабырғалық, төбелік, аралас (төбелік және қабырғалық) болып бөлінеді.

Жарықтандыру жағдайлары сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады. Оларға жарық күші, жарық ағыны, жарықтануы, жарықтығы, спектрлік құрамы, жарықтану мен жарықтықтың тұрақтылығы жатады.

Заттың көрінуі жарықтану деңгейімен, объектінің айқындылық фонымен, жарықтықтың таралуымен және объектінің бұрыштық өлшемімен анықталады. Бөлменің кез келген нүктесінің табиғи жарықтандырылуы табиғи жарықтандыру коэффициентімен (ТЖК) сипатталады, себебі табиғи жарықпен жарықтандыру күннің бұлттануына байланысты тәулік, жыл бойына тұрақты емес. ТЖК – ашық аспандағы диффузиялық жарықтан пайда болатын, табиғи жарықтанудың (бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың кейбір нүктесіндегі) сыртқы жарықтанудың сол кездегі мәніне пайыздық қатынасы.



мұнда, е – табиғи жарықтандыру коэффиценті (%); Еішкі – аспан жарығымен бөлме ішіндегі берілген жазықтықтықтың кейбір нүктесіндегі табиғи жарықтануы, (лк); Есырт – толық ашық аспан жарығынан пайда болатын көлденең жазықтықтың сыртқы жарықтануы, (лк).

Табиғи жарықтандыру коэффициенті шектеулі шама болып табылады. Бір немесе екі жақты қабырғалық жарықтандыру кезінде ТЖК-нің ең кіші мәні (1а және 2а - суреттер), төбелік немесе аралас жарықтандыру кезінде орта мәні (1ә және 2ә - суреттер) қалыптасады.

Данилюк графиктерінің көмегімен табиғи жарықтану коэффициенті есептеледі. Ол көлденең жазықтықта бірдей ТЖК құрайтын бөліктерге бөлінген аспан жарты сферасы. Бөлмедегі жарық ойықтарының белгілі өлшемдері, сол нүктесіндегі жарық ойығынан көрінетін, бөліктерінің санын есептеу арқылы ТЖК анықталады.

Аспан жарты сферасының графиктерінде жарық белсенділігі бірдей 10 000 бөліктерге бөлінген, яғни әрбір бөлік сыртқы жарықтыққа қарағанда 10 000 рет аз жарықтандырады. Егер жарық ойығы арқылы аспанның бір бөлігі көрінсе, онда ТЖК 0,0001 немесе 0,01 %-ға тең.

Жарық ойықтарының биіктігі мен енінен көрінетін бөліктер саны екі түрлі графикпен анықталады (3-сурет). ТЖК келесі формуламен есептеледі:



,

мұнда, n1 – жарық ойықтарының биіктігінен көрінетін бөліктер саны; n2 – жарық ойықтарының енінен көрінетін бөліктер саны.

Алынған ТЖК мәні кестелік коэффициентпен түптеу, әйнектеу және т.с.с әсерлерді ескеру арқылы түзетіледі. ТЖК-нің түзетілген мәні қалыпты мәнінен төмен болмауы керек. Кері жағдайда, жарық ойықтарының өлшемдерін үлкейткен жөн.

Жаңадан салынатын кәсіпорындарды жобалаған кезде ТЖК-ін бөлмелерде орындалатын жұмыстардың сипатына байланысты норматив бойынша қабылдайды (1 - кесте).

ТЖК нормаланған мәнінің жарықтық климаты мен күн жарықтығына түзетулер енгізіледі. Жарықтық климатының белдеуін 4-сурет бойынша, ал тиісті коэффициенттерді 1 және 2 – кесте бойынша алынады.
1-кесте. Өндірістік ғимараттар үшін табиғи жарықтандыру коэффициентінің нормаланған (eн) мәні


Көру жұмысының

сипаттамасы



Айыру объектісінің ең кіші өлшемі (мм)

Көру жұмысының разряды

Жарықтандыру кезіндегі eн-нің мәні

Қабырға-лық

Төбелік және аралас

Ең жоғарғы дәлдік

0,15 кіші

I

3,5

10

Өте жоғарғы дәлдік

0,15 – 0,3

II

2,5

7

Жоғарғы дәлдік

0,3 – 0,5

III

2,0

5

Орта дәлдік

0,5 – 1

IV

1,5

4

Кіші дәлдік

1 – 5

V

1,0

3

Дөрекі

5-тен көп

VI

0,5

2

Өздігінен жарқырайтын материалдармен және ыстық цехтардағы бұйымдармен жұмыс істеу

0,5-тен көп


VII


1,0


3


Өндірістік үрдістің жүрісін жалпы бақылау

-

VIII

0,3

1

Құрылғылардың күйін периодты бақылау (…)

-

VIII

0,2

0,7

Механизацияланған және механизацияланбаған қоймаларда жұмыс істеу

-


VIII

0,1


0,5





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет