Практикалық сабақ 1


Ұн зауытындағы дайындау және майдалау бөлімінің қажетті және қабылданған қуатының есебі



бет15/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

2.3.3 Ұн зауытындағы дайындау және майдалау бөлімінің қажетті және қабылданған қуатының есебі
Трансформаторлық подстанцияның орнын оған кіріс жолдарына өрт қауіпсіздігі нормаларына, техникалық – экономикалық және эксплуатациялық бағытына қарай таңдап алады. Дайындау бөлімінің бірінші қабатында орналасқан трансформаторлық подстанцияны дұрыс деп алады. Трансформаторларға арналған бөлмелер осы қабатта орналасқан жабдықтардан капиталды қабырға көмегімен бөлінеді.
Трансформаторлар саны мен қуатын есептеу арқылы анықтайды. Әдетте, үшфазалы, екі орамды, табиғи майлы салқындатылатын трансформаторлар қолданылады.
Трансформаторлар қуаты S (кВт):
S = ∑Pсил. уст. * γ / cosφ2 (61)
мұндағы, ∑Pсил. уст - кәсіпорынның жабдықтарының орнатылған қуаты, кВт; γ - бөлек тұтынушыларға түскен жүктемелердің максимумдарының сәйкеспеушілік коэффициенттері (0,9 – 0,95); cosφ2 - компeнсациядан кейінгі қуаттылық коэффициенті.
S = 293,175 * 0,9 / 1 = 263,86 кВт

Трансформаторларды анықталған қуаттар номенклатурасы бойынша анықтайды деп есептесек, есептік қуатынан жоғары қуаттағы трансформаторды қабылдайды.


Электро энергия шығының нормасы – бұл белгіленген бірліктік өнім сапасын өндіргенге кететін электроэнергияның максималды рұқсат етілген саны. Электроэнергияны нормалау деп бірліктік өнімді өндірге кеткен электроэнергияның меншікті шығынын айтады. Мұндай нормаларды кестеден алады. Кестеде дайындау, майдалау және дайын өнім бөлімдерінде өтетін технологиялық процесстердің нормалары беріледі. Транспорттық механизмдерге, жарықтандыру, шеберхаларды жылыту және т.б қосымша ғимараттар мен қондырғыларға мұндай нормаларды есептейді.
Технологиялық процесстің жалпы тұтынушылық қуатты мына формула бойынша анықтайды:
Рпотр = Руд * Q (62)
мұндағы, Q - зауыттың өнімділігі, т/тәул; Руд - тәулігіне 1 т дәнді өңдеу үшін жұмсалған қуат, кВт.
Рпотр = 1,8 * 150= 270 кВт

1 т ұн шығару үшін энергияның шығынын мына формула бойынша табамыз:


W = 100 * 24 * Руд / H * ЭСТ (63)
мұндағы, Рпотр - жалпы тұтынушылық қуат, кВт; H - ұнның шығымы, %; Э - электроқозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенті: ұн тарту зауыттары үшін Э = 0,9; С - желінің пайдалы әсер коэффциенті, С = 0,95 – 0, 97; Т - трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті, Т = 0,95 – 0, 96.

Өз мәндерімізді қоятын болсақ:


W = 100 * 24 * 1,8 / 87 * 0,9 * 0,96* 0,95 = 60,5 кВт.
Есептеулерді қорытындылай келгенде, бір тонна ұн шығару үшін кәсіпорында 70 кВт жұмсалады, ал технологиялық процесстің жалпы тұтынушылық қуаты 360 кВт болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет