Практикалық сабақ 1



бет4/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫН ЕСЕПТЕУ. ЭЛЕВАТОРДАҒЫ АСТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СХЕМАСЫН ҚҰРУ


Мақсат: Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу әдістерін оқып үйрену. Элеватордағы астық қозғалысының схемасын оқып үйрену.

Ұн зауытының дайындау бөліміндегі қажетті қондырғылар санын қондырғылардың өнімділігіне қарап, жобаға қарап есептейді.


Есептік өнімділікті келесі өрнек бойынша анықтаймыз:
(6)
мұндағы Q –Ұн зауытының берілген өнімділігі, (мысал ретінде Q=50 т деп аламыз); kқор коэффициенті, (к=1,1…1,2).
Qр=50·1,1=55 т/тәу. немесе 2 т/сағ


1. Бункерлердің саны мен сиымдылықтарын есептеу
Өнімділігі тәулігіне 50 тонна, жобаланып отырған ұн зауытының бункерлерінің мөлшері мен сиымдылығын олардың астықты майдалауға дайындау және тазалау технологиялық схемесының орналасуына байланысты есептейді.
Тазаланбаған дәнге арналған бункер
Бункер сиымдылығы Vж3) келесі формула бойынша анықталады:
(7)



ҚНжЕ-21.10.05-85 (Құрылыс нормалары және ережелері) бойынша каркасты ғимаратқа темір бетонды бункерлерді орналастыруға болады егер де осьтік торлары 3х3 м болып ғимаратта кеңінен орналасса. Темір каркасты бункерлердің көлденең қимасының ауданын F=7 м2 (бункердің осьтік өлшемдері және олардың құрылыстық конструкцияларын, бункердің қабырғаларының қалыңдығын ескере отырып) қабылдаймыз.


Бункерлер үш қабатты қамтиды, бір қабаттың биіктігі - 4,8 м, бункерлердің орналасуы үшінші қабаттан басталса онда биіктігі h=14,4м болады.
Тазаланбаған дән үшін бункерлер санын келесі формула бойынша анықтаймыз:
(8)
мұндағы n- бункерлер саны (шт).

Тазаланбаған дәнге құрылыстық конструкцияларына байланысты 4 дана бункер қабылдаймыз.




2. Таразы
Автоматты таразы санын келесі өрнекпен анықтаймыз:
, (9)
Сонда автоматты таразы саны келесідей болады:

Екі АВ-25-ЗЭ автоматты таразысын қабылдаймыз (тазалаудың басы мен соңында, дайын астықты майдалау бөліміне бағыттар алдында).


3 Жабдықтар санының есебі
Технологиялық схема бойынша дайындау бөлімінің жабдықтар санын келесі формула бойынша табамыз:
(10)


4. Сепаратор
Сепаратор өнімділігі А1-БИС-12 - q=12т/сағ,

А1-БИС-12 маркалы бір сепаратор қабылдаймыз.


5. Аэродинамикалық сепаратор
Ауалы сепаратор РЗ-БАБ, өнімділігі q=11 т/сағ, саны:

Обойкалық қондырғыдан кейін сұлы дәнінің ботаникалық құрылыстарына байланысты үш сепаратор РЗ-БАБ қабылдаймыз.


6. Вибропневматикалық сепаратор
Тас бөлгіш РЗ-БКТ өнімділігі q=9 т/сағ, саны:

РЗ-БКТ маркалы бір тас бөлгіш қондырғысын қабылдаймыз.


7. Астықты ұзындығы бойынша ажырату жабдығы
Дәннің ірі фракциясынан қара сұлыны ажырату үшін А9-УТО-6 дискілі триерін есептейміз, өнімділігі q=6 т/сағ, триердің саны:

Бір ұзын қоспалардан ажырату жабдығын орнатамыз А9-УТО-6 .


8. Магнитті сепараторлар
а) магнитті сепаратор У1-БМЗ-01, оның өнімділігі - q=3 т/сағ, оның саны:

Қарқынды ұрғылау, соққылау принципінде жұмыс істейтін обойкалық мащиналарының алдына техникалық қауіпсіздікті сақтау барысында магнитті сепараторлар қойылады. У1-БМЗ-01 магнитті сепараторынан біреу қойылады.
б) Магнитті сепаратор У1-БМП-01 өнімділігі q=1 т/сағ, саны:

Магнитті сепараторлардың орнатылатын орындары: әр обойкалық қондырғының РЗ-БМО-6 алдына екеуін, жалпы үш магнитті сепараторлар қоямыз.


9. Астық бетін құрғақ өңдеу жабдықтары
а) Обойкалық қондырғы РЗ-БМО-6,өнімділігі - q=6 т/сағ,саны:

Астықты тазалаудың этапында сұлыны ГТӨ үрдісінен өткізбей, үш рет майдалау мақсатында үш обойкалық қондырғы РЗ-БМО-6 орнатамыз.


10. Жабдықтарды қолдану коэффицентін есептейміз
Дайындау бөлімінің технологиялық жабдықтарын таңдау дұрыстығын кедесі өрнекпен тексереміз:
, (11)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет