Практикалық сабақ 1



бет14/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Практикалық сабақ №6
Тақырыбы: ҰН ЗАУЫТЫНЫҢ МАЙДАЛАУ БӨЛІМІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССІН ЖОБАЛАУ


Мақсат: Дәнді майдалау процесінің негізгі талаптарын оқып үйрену.
Ұн тарту зауытының майдалау бөлімінің технологиялық қондырғыларын (білікті станоктар, рассевтер, ситовейкалық машиналар және қосымша қондырғылар) есептеу және таңдау өнделетін дәннің түріне, ұнтақтау түріне және өндірістің өнімділігіне байланысты жүргізіледі. Есептеуге келесі материалдарды қолданады: технологиялық процесстің схемасын, негізгі машиналардың жұмыс органдарына түсетін жүктемені, ұнтақтау сұлбаларын құру бойынша нұсқауларды, ұнтақтау сұлбаларының техникалық көрсеткіштердің мысалы.
Майдалау бөліміне керек қондырғыларды екі әдіспен жүргізуге болады:

  1. Ұн тартудың сандық балансы негізінде;

  2. Нақты бір ұн тарту типіне арналған машина жұмыс органдарына түсетін жүктеме негізінде.

Дипломдық жұмыста екінші әдіспен есептейміз.
Білікті сызықтың есебі.
Екінші әдіспен есептегенде білікті сызықтың жалпы ұзындығы келесі формула арқылы анықталады:


L= Q бер* 1000 / qв.п (13)

Мұндағы, L - білікті сызықтың есептелген жалпы ұзындығы, см;


Qбер - ұн тарту зауытының берілген өнімділігі, т/тәул;
qв.п - нақты бір жүйенің білікті сызығындағы см-ге түсетін меншікті жүктеме, кг/см*тәул.
L = 40*1000/330=121,21 см
L= 121 см деп қабылдап аламыз.

4-кесте. Білікті станоктардың есебі мен таңдау бойынша мәліметтері





Жүйелер

Норма бойынша жүйеге түсетін меншікті жүктеме, кг/(см* тәул)

Жүйеге қабылданған түсетін меншікті жүктеме, кг/ (см* тәул)

Білікті станоктың есептік ұзындығы, см

Білікті станоктар

Саны

Өлшемі, мм

Iж.ж

700

100

57,14

0,5

800 x 250

II ж.ж

400

75

75

0,5

800 x 250

III ж.ж

250

22,3

35,68

0,5

800 x 250

IV ж.ж

180

15

33,33

0,5

800 x 250

1 ұн.ж

200

22,87

45,74

0,5

800 x 250

2 ұн.ж

200

28,48

56,96

0,5

800 x 250

Есептеулер нәтижесінде А1 – БЗН маркалы білікті станоктардың 3 данасын қабылдаймыз.


Рассевтердің елеу бетін есептеу және үрдістерге бөлу
Екінші әдіс бойынша: әр бір жүйеге қажетті елеу бетін келесі формула бойынша анықтайды:
Fе.б = Qзад * 1000 / q (14)
Мұндағы, Qзад - ұн тарту зауытының берілген өнімділігі, т/тәул; q- нақты бір жүйенің елеу бетіне түсетін меншікті жүктеме, кг/м2*тәул.ЗРШ-4М маркалы рассевтің елеу бетінің меншікті жүктемесі q = 1200…1330 кг/м2 * тәул. Біз q=1300 кг/м2 * тәул.деп қабылдап аламыз.

Сонда жалпы елеу беті келесідегідей болады:


Fе.б = 40 * 1000 / 1300= 31 м2

Жармалау жүйесінің елеу бетін келесі формула бойынша анықтаймыз:


Fжар =   (15)
мұндағы, F - ұнтақтау, жармалау, қырғылау жүйелерінің жалпы елеу беті, м2; f жар – жармалау және сұрыптау жүйелері қатынасы, f жар = 0,8.

Сонда жармалау және сұрыптау үрдістерінің жалпы елеу беті келесідей болады:


Fжар =104*0,8/1,8=46.2 м2

5-кесте. Рассевтерді есептеу және оларды таңдау



Жүйелер

Норма бойынша жүйеге түсетін меншікті жүктеме, кг/(м2* тәул)

Жүйеге қабылданған түсетін меншікті жүктеме, кг/ (м2* тәул)

Рассевтің есептік ауданы, м2

Рассевтер

Саны

Р3 - БРБ рассевінің елеуіш беттің ауданы , м2

I ж.ж

20000

100

2




17

II ж.ж

15000

80

2,13




17

III ж.ж

10000

22,3

0,89




17

IV ж.ж

7000

15

0,86




17

1 ұн.ж

8800

22,4

1,04




17

2 ұн.ж

8800

28,48

1,3




17

Ұнды бақылау

8800

100

4,55




17

Есептеулер нәтижесінде негізгі технологиялық процесстерге ЗРШ-4М маркалы 1 рассев және ұнды бақылау үшін ЗРШ-4М маркалы 1 рассев қолданылады.


Үгіту қондырғысын есептеу және бөлу
Үгіту жүйелерін және қосымша ұнтақтауға арналған машиналардың санын осы машиналарға келіп түсетін баланс бойынша өнімнің санымен және машинаның сағаттық өнімділігімен анықтайды:
n = Qзад * Cп * 1000 / 100 * qмаш (16)
мұндағы, Qзад - зауыттың өнімділігі, т/тәул; Cп - машинаға келіп түсетін баланс бойынша өнімнің саны, % ; qмаш - машинаның өнімділігі, т/сағ.
n = 40/24*1.6=1.04һ=1 дана

Есептеулер нәтижесінде А1-БВГ маркалы бичті машина 1 дана қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет