Практикалық тапсырма №1 Педагогикалық-психологиялық жағдаят



бет6/6
Дата30.05.2024
өлшемі26.28 Kb.
#502081
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Тапсырма ГОС ШТ 2024

Практикалық тапсырма №23
Мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда бір оқушының ұялы телефоны шырылдады. Ол мұғалімнен рұқсат сұрап сыныптан шығып кетті. Біраздан соң қайта кіріп орнына отырды. Мұғалім барлық балаға ұялы телефондарын сөндіріп қоюларын талап етті. Телефоны шырылдаған балаға сабақтың қанша уақытын алатынына, балалардың ойын бөліп жіберетініне тоқталып ренішін білдірді. Жаңа тақырыпты енді түсіндіріп жатқан кезде мұғалімнің өзінің ұялы телефоны шырылдап тоқтамады. Оқушылар мұғалімнің сөзі мен ісінің сәйкестігін күтуде.
Сұрақ:
Сіздің әрекетіңіз:
Осындай мұғалімнің орнында болсаңыз Сіз не істер едіңіз?
Оқушылардың ұялы телефондарды қолданулары бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?

__________________________________________________________________




Практикалық тапсырма №24
Бірнеше оқушы сабаққа 15 минутқа кешігіп келеді. Мұғалімнің неге кешігіп жүрсіндер? деген сұрағына, оқушылар «Асханада болдық» - деп жауап берді.
Нәтижесінде мұғалім оқушыларды сабаққа кіргізбеді.
Сұрақ:
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?)
Неліктен? Жағдаятқа тәрбиенің қай принципін негізге алып, талдау жасайсыз?
Практикалық тапсырма №25


Сабақ басталып кеткен, бірақ сыныптағы оқушылар шуылдап отыр. Сыныптың назарын сабаққа қалай аударып тыныштандыруға болады.
Сіздің әрекетіңіз:

  1. Үстелді тықылдату

  2. Сыныптың алдында бірнеше минут үнсіз тұру

  3. Сынып кезекшісін шақырып, тақтаны тазалауын өтіну

  4. «Сабақ басталды!» деп айқайлау

  5. Өзіңіздің нұсқаңыз

  6. Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет