72
заттары көрініп тұратын шкаф тəрізді болады, оны қабырғаға іліп
қояды. Есіктері мөрлерген болу керек жəне көп жағдай есігі кілтсіз
ашылуы керек. Өрт сөндіргіш заттар мен
инвентарьлардың бекітілуі
оларды оңай ештеңенің көмегінсіз алуға ыңғайлы болу керек.
Объектілердегі өрт сөндіру қалқанының саны, олардың ыңғайлылығы
мен құрамы белгіленбеген жəне жергілікті шарттарға сəйкес
анықталады. Өрт сөндіру қалқаны таза болу керек.
Өрт сөндіру қалқанында болу керек заттар: күрек, балта, қада,
қармақ, шелек (5.1-сурет). Бұл құралдардың көмегімен өрт болғанда
бөлмедегі жабылып қалған есіктерді ашуға, өрт ошақтарына құм
төгуге, су құюға болады. Бұл құралдармен
жанған заттар мен
жиһаздардың жанған бөлігін бөліп алуға жəне басқа заттарға тиіп
өрттің қаулауының алдын алуға болады. Өрт сөндіру инвентарьлары
тек өрт болған жағдайда пайдаланылуы керек жəне өз орнында,
əрқашан жақсы жағдайда болуы тиіс.
5.1-
сурет. Алғашқы өрт сөндіру құралдарындағы қалқан
73
Өрт сөндіру қалқанының астында құм толы жəшік орналасады.
Құм еденге немесе жерге азғана ыстық
сұйықтық төгілуін сөндіру
үшін қолданылады. Ол құрғақ болу қажет. Құм əрдайым
ауыстырылады жəне құрғатылады, желдетіледі. Құмға арналға арнайы
жəшік қызыл түске боялады. Ылғанданбауы жəне құртылмас жəшіктің
аузы жақсылап жабылып тұрады. Жəшік сыртында «Өрт болғандағы
құм» деп жазылып тұрады.
Өрт сөндіру құбыртүтіктері (5.2-сурет) барлық қоғамдық
ғимараттарда жабдықталуға міндетті өрт сөндіргіш жəне өртке қарсы
құралдардың бірі. Жану ошағы мен өрт болған жерге жоғары
қысыммен өрт сөндіргіш заттарды ағызатын арнайы жұмсақ құбыр
тəрізді құрал. Өрт сөндіру құбыртүтігінің пайдаланылатын құралдарға
байланысты өзінің жіктемесі болады.
Өрт сөндіру құбыртүтігі қолдануға жəне өртті сөндіруге өте тиімді.
Қазіргі кезде өрт сөндіру құбыртүтігінің əртүрлі түрлерін
шығарып
жатыр. Олар брезент немесе синтетикалық маталар мен арнайы
құрамдары бар заттардан жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: