Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет34/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

Мәмілеге келу екі тараптың талаптарын қанағаттандыратын 
бірлескен шешім шығаруға ұмтылыс жасау. Бұндай стратегия барысы 
нəтижесінде жақсы қатынас, құндылқтарды сезіну жəне өзіне деген 
сыйластық сақталады. Оның мəні екі тарап бір-біріне жол беру 
арқылы алауыздықты доғаруға тырысуында болып табылады. Екі 
тарап бір нəрсені қалайды, бірақ бір мезгілде оған жету мүмкін емес 
екенін түсінеді. 
Мысалы, ауа баптағыш орнатылған кабинетте бірнеше адам жұмыс 
жасайды. Кейбір қызметкерлер үнемі тоңады, ал кейбіреуі 
салқындағысы келеді. Олар бір мезетте өз қалауларын орындай 
алмайды, бірақ біріне кішкене ыстық, біріне кішкене салқын 
болатындай етіп ауа баптағышты ретке келтіру немесе жұмыс орнын 
ауыстыру арқылы мəміле келуге болады.
Бұндай мінез-құлықта жанжалды шешу мынандай жағдайларда 
тиімді болады: екі тарап айқын дəлел келтіргенде; егер мəміле екі 
тарапқа да пайдасы көбірек болғанда, егер қалауыңыз сіз үшін 
маңызды болмаса. Бірақ , өкінішке орай, қарсыластар көп жағдайда 
бұндай мінез-құлық үлгісін пайдаланбайды. 
Серіктестік өз қалауынан қайтпай, өзге тараптың қалауын ескере 
отырып шешім қабылдайтын мінез-құлық стратегиясын айтады. Бұл 
стратегия қарсы тарапқа өз қалауыңызды түсіндіруді жəне тыңдай 
білуді, жоғары жауапкершілікті, ұлкен ішкі ұстау жұмысын талап 
етеді. Ол қолданылады: ортақ шешімді табуға тиіс кезде, бірақ 
мəмілеге келу мүмкін емес кезде; келесі тараппен ұзақ уақыт достық 


60
 
қатнаста кезде; екі тарап жағымсыз эмоцияларды тоқтата алу мен бір-
бірін тыңдай алатын кезде. Мəмілеге келу мен серіктестік бір-біріне 
ұқсас, бірақ мəмілеге келуде өзара түсінісу жоғары деңгейде 
шарықтайды. 
Ұжымда жанжал шығарғыш адам болу жағдайы көптеп кездеседі. 
Ондай адамдармен қалай қатынас жасау керек? Егер сіз сондай 
адаммен ұйымшыл ұжымда кездессеңіз, қашу əдісін қабылдаңыз. Ал 
егер оқу жəне еңбек ұжымында, кіммен оқитын немесе жұмыс 
жасайтыныңыздың таңдауы жоқ кезде жанжалдағыш адаммен 
кездессеңіз? 
Ондай жағдайда жанжалды тиімді шешудің кеңесшісі өмірлік 
тəжірибе мен шиеленісті қиындатпау қалау болып табылады. Мысалы, 
егер сізге ол адам аса маңызды болмаса, жанжалды сұрақтардан 
жалтарып, өзге адамның қалауына ыңғайланатын мəмілеге келуге 
болады; екі тараптың ең маңызды талаптарын орындау үшін 
серіктестік стилін қолдануға болады. Тағы өте тиімді құрал – ондай 
адамның жақсы тұстарының кілтын табу құралы. Ол адамның 
бойынан досты жəне ең керемет қасиеттерін байқауға тырысыңыз. 
Егер ол əдіс те нəтижесін бермесе, онда жалғыз шығар жолы – 
түсінбейтін адам қатарына қосу тəсілі қалады. 
Сонымен, «түсінбейтін» адаммен қатынас кезінде өзіңізді ыңғайлы 
сезіне алатын тəсілді қолданғаныңыз дұрыс. Жанжалды шешу өте 
қиын жəне жауапты іс. Әр адамның психологиялық жағдайы мен жек 
қасиеттерін ескере отырып, принципшіл жəне объективті негізде іске 
асыруға болады. Жанжал кезінде ақ пейілді адамдардың өзі өз жақсы 
қасиеттерін жоғалтады жəне өзгені айыптау арқылы əдепсіз қылықтар 
көрсетеді.
Оқу топтарында жəне басқа да топтарда да аталған 
жанжалдар,əсіресе, тұлға аралық жəне топтық, болады. Жанжалдың 
ықтимал қатысушылары: оқушылар, оқытушылар, ата-аналар мен оқу 
əкімшілігі. Ұжымдағы текетірестің кең тараған түрі екі не үш 
көшбасының қағтығысындағы бірінші болу, көшбасшы болу 
жанжалы. Тағы жанжал үш-төрт жасөспірімнің өз топтарымен немесе 
бір студенттің жəне топтардың қарсыласуы жанжалдың тұтануына 
алып келеді. Жастар арасында көшбасшы болу кейде абыройын 
көрсету, арсыздық жасау, қаталдықпен байланысты.
Тұлға аралық жəне топтық жанжал мəселесі əскери өтеу борышы 
кезінде қатты қаралады. Әскери қызмет ұжымдық сипаттағы айқын 
тəртіптерді атқарады: əскери қызметкерлер өз міндеттерін орындауда 


61
 
жəне бос уақыттарында бір-бірімен өзара қатынаста етеді. Осындай 
өзара қатынасты бұзатын əртүрлі қайшылықтардан жанжал тууы 
мүмкін. Жанжалдар топтардың өзара қатынасына, ұйымда нəтижелі 
жұмыс жасауға, бөлімшенің, экипаждың, есептеудің қауіпсіздігіне 
кері əсер етеді. 
Жанжал кезінде қандай мінез-құлық стратегиясы ең жақсысы? 
Жауап: ешқандай. Нақты жағдаяттар мен жағдайлардан əрдайым 
шығудың дұрыс өз мінез-құлық стратегиясын құру қажет. Ол үшін 
жанжалды талдап жəне оның шығу себептерін түсіну керек. Сонымен 
қатар, адамның болған жайтқа əсері жəне күйзеліс жағдайына əсер 
етуі оның эмоционалды жағдайына, темпераменті мен мінезіне 
байланысты болатынын ескеру қажет. Бір жағдаята əр адам əрқилы 
əрекет етеді. Олар жанжалдық жағдайдан шығуға көмектесетін өзіне 
ыңғайлы мінез-құлық стратегиясын таңдайды. Сонымен, агрессивті 
адамдар бəсекелестікті, ал сабырлы темпераменттегі адамдар жол бер 
мен мəміле келушілікті таңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет