1.3.3. Өз бетімен шығару үшін есептер
Паули принципі. Электрондық қабықтардың толтырылуы
1. s-, p- және d- электрондардың қандай ең көп саны атомның K-, L- және M-электрондық қабаттарында бола алады?
2. Паули принципін қолданып, мына кванттық сандары:
1) n, l, m, ms; 2) n, , m; 3) n, ; 4) n бірдей болатын атомдағы электрондардың ең көп Nmax санын көрсетіңіз.
3. Толтырылған электрондық қабат n = 3 кванттық санымен сипатталады. Осы қабаттағы мына кванттық сандары: 1) ms=+1/2; 2) m = -2; 3) ms = -1/2 және m = 0; 4) ms = +1/2 және = 2 бірдей болатын электрондардың санын көрсетіңіз.
4. Негізгі күйде: 1) K- және L-қабаттары; 3s-қабығы және 3p-қабықтың жартысы; 2) K-, L- және M-қабаттары, 4s-, 4p- және 4d қабықтары толтырылған атомдардағы N электрон санын анықтаңыз. Бұлар қандай атомдар?
5. 1) бор; 2) көміртегі; 3) натрий атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңыз.
Көп электронды атомның механикалық моменті. Спектрлік термдер
6. 2S0, 3S0, 3S1/2, 2D1/2, 2S1/2, 4P0 күйлерінің (термдер) қайсылары мүмкін болады?
7. S және L кванттық сандары тиісінше: а) 2 және 3; ә) 3 және 3; б) 5/2 және 2 болатын күйдегі атомның J кванттық санының қанша және қандай мәндері болады?
8. Электрондық конфигурациясы 1s22p3d атомның мүмкін болатын ең үлкен толық механикалық моментін және бұған сәйкес термнің спектрлік белгіленуін табыңыз.
9. Атом мультиплеттігі үшке тең, ал толық механикалық моменті болатын күйде тұр. Бұған сәйкес L кванттық саны қандай болады?
10. Мультиплеттігі беске тең, ал J бойынша азғындалу еселігі жетіге тең күйдегі атомның мүмкін болатын ең үлкен орбиталық механикалық моментін анықтаңыз. Бұған сәйкес термнің спектрлік белгіленуін жазыңыз.
11. Бір р-электроннан және бір d-электроннан тұратын екі электрондық жүйенің термдерінің спектрлік белгіленулерін жазыңыз.
12. Жүйе d-электроннан және 2Р3/2-күйдегі атомнан тұрады. Осы жүйенің мүмкін болатын спектрлік термдерін табыңыз.
13. Толтырылған қабықтардан тыс:
а) s және p екі электроны; ә) s, p және d үш электроны бар атомдардың мүмкін болатын термдерін анықтаңыз.
14. Толтырылған қабықтардан тыс бас кванттық сандары әр түрлі екі р-электроннан тұратын атомның мүмкін болатын термдерін анықтаңыз.
15. а) D3/2 термінің; ә) Li, Be, B және С атомдары термдерінің, егер тек сыртқы, тұйықталмаған, қабықтарындағы электрондар ғана қоздырылатын болса, мүмкін болатын мультиплеттігін анықтаңыз.
16. Толық механикалық моменті ең үлкен мәніне ие болып, 3D күйде тұрған атомның векторлық моделіндегі спиндік және толық механикалық моменттер арасындағы бұрышты табыңыз.
17. а) Көміртегі мен азот; ә) күкірт пен хлор атомдарының электрондық кофигурацияларын жазыңыз және Хунд ережелерінің көмегімен негізгі термдерін табыңыз. Осы атомдардың электрондық конфигурациялары электрондық қабықтардың мінсіз толтырылуына сәйкес келеді.
18. Хунд ережелерінің көмегімен негізгі термі: а) 3F2; ә) 2P3/2; б) 6S5/2 болатын атомның толмаған жалғыз қабығындағы электрон санын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |