Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет36/57
Дата25.09.2024
өлшемі2.08 Mb.
#504010
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Жұманов Атомдық физика

1.4. АТОМНЫҢ МАГНИТТІК ҚАСИЕТТЕРІ


1.4.1. Қысқаша теориялық кіріспе
Атомның магниттік моменті
Орбиталық магнитік момент. Атомның L механикалық моментімен магниттік момент байланысқан болады. Сонда L және шамалары бір-бірінен тұрақты көбейткішпен ғана өзгеше болатындықтан, бұлардың қасиеттері ұқсас: магниттік және механикалық моменттер бірдей ережелер бойынша квантталады.
Стационарлық күйде тек L магниттік моменті модулінің және оның проекциялары біреуінің кез келген z өсіне проекциясының нақты мәндері болады. Атомның LL орбиталық механикалық моменті және оның z өсіне LLz проекциясы:


. (1.4.1)


Атомның орбиталық магниттік моменті және оның z осіне проекциясы:
(1.4.2)


(1.4.3)
Спиндік магниттік момент және оның z өсіне проекциясы:


(1.4.4)


(1.4.5)


(1.4.4) және (1.4.5) теңделеурінен анықталады, мұндағы – Бор магнетоны.
S = 1/2 болғанда (бір электрон жағдайы) mS = +1/2 және -1/2.
Атомның толық магниттік моменті және оның z өсіне проекциясы:


(1.4.6)


, (1.4.7)


Мұндағы g – Ланде факторы (көбейткіші):
. (1.4.8)


Магнит өрісінің атомға әсері
Зееман эффекті: Магнит өрісінде атомдардың энергети­калық деңгейлерінің жіктелуінен спектрлік сызықтардың жіктелуі.
Сызықтардың жіктелуі энергетикалық деңгейлердің жіктелуі­мен байланысты, өйткені магниттік моменті бар атом магнит өрісінде мынадай қосымша энергия қабылдайды:


, (1.4.9)


мұндағы – атомның толық магниттік моментінің өріс бағытына проекциясы. (1.4.7) формуланы ескеріп, әрбір деңгей­шенің энергиясы үшін

(1.4.10)


өрнегін жазамыз, мұндағы Е0 – магнит өрісі жоқ жағдайдағы деңгейдің энер­гиясы.
Осыдан кванттық саны J деңгейдің магнит өрісінде бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан 2J+1 деңгейшелерге жіктелетіндігі келіп шығады және жіктелу шамасы g Ланде көбейткішінен тәуел­ді болады, яғни көрші деңгейшелердің Е аралығы g-ға пропор­ционал: Еg болады. Сонымен, магнит өрісі деңгейлерді жіктеу нәтижесінде mJ бойынша азғындалуды жояды.
Әр түрлі деңгейлерге жататын деңгейшелер арасында mJ квант­тық саны үшін мына сұрыптау ережелері


(1.4.11)


орындалатын кванттық ауысулар ғана мүмкін болады. -ге сәйкес құраушылар -, ал -ге сәйкес құраушылар - құраушылар деп аталады. Магнит өрісіне перпендикуляр бақыла­ғанда -де -да құраушылар көрінеді. Магнит өрісі бойымен бақы­лағанда -құраушылар ғана көрінеді.
Жиілігі 0 спектрлік сызықтың зеемандық құраушыларының  жиілігі:





формуласымен анықталады.
(1.4.10) өрнегіне сәйкес, ығыспаған сызыққа қатысты магнит өрісінде -зеемандық ығысу:


, (1.4.12)


мұндағы шамасын Лоренцтік ығысу деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет