Правила технической эксплуатации жилищного фонда



бет13/28
Дата09.06.2016
өлшемі1.83 Mb.
#124608
түріПравила
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

10.10.7 Экологиялық мониторинг


10.10.7.1 Инженерлік ізденістер барысында ҚР ҚН1.02-18-2007 сәйкес орындалған инженерлік-экологиялық ізденістер қарастырылуы тиіс.

Ізденістер нәтижесінде жаңа құрылыс салуға немесе қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізетін аймақтың экологиялық жағдайларының ерекшеліктері анықталған болуы және жобаланушы нысанның негіз топырақтарын өзгертуді күтуді есепке ала отырып, оны өзгертудің болжамдары берілуі тиіс.

10.10.7.2 Инженерлік - экологиялық ізденістердің сатылары әдеттегідей жобалау және инженерлік - геологиялық ізденістердің сатыларына сәйкес болады. Экологиялық ізденістерді қажет болған жағдайда экологиялық мониторингті ұйымдастыру арқылы өндірістің құрылыс жұмыстарының және пайдалану мерзіміне ұзартуға болады.

10.10.7.3 Инженерлік - экологиялық ізденістер тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сәйкес құрастырылған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Ізденістердің көлемі және құрамы инженерлік - геологиялық және гидрогеологиялық ізденістерді есепке ала отырып жасалынады және топырақтардың және жерасты сулардың ластануын сипаттауға арналған ақпараттар алуды, сонымен қатар аномалдық жергілікті табиғи және техногендік өрісті қамсыздандыру қажет.

10.10.7.4 Ғимаратты қайта құру барысында экологиялық жағдайдың бұзылуына жағдай жасайтын келесі табиғи және техногенді факторларды ескеру қажет:

- жерасты суларының деңгейінің өзгеруі ;

- топырақтардың және жерасты сулардың, топырақтардың ластануы;

- газдардың бөлінуі;

- радиациялық сәулелену;

- техногенды физикалық өріс;

- тербелмелі және екпінді әсер.

10.10.7.5 Жерасты суларының деңгейінің көтерілуінен ғимарат жертөлелерінің сулануы және су басу сияқты ұнамсыз құбылыстар байқалады, осыған орай адамдардың денсаулығының нашарлауына, масалардың шығуына және т.б. жағдайларға әкеп соқтырады. Осыған байланысты жерасты суларының деңгейін көтеру мүмкіндіктеріне болжам жасау және жертөлелерді жерасты суларынан қорғау шараларын өңдеу қажет.

10.10.7.6 Топырақтардың, топырақтардың және жерасты суларының ластануын бағалау барысында ластанудың қайнар көздерін, ең үлкен ластану учаскелерін және ластайтын заттардың құрамы мен мөлшерін табу қажет.

Тұрғын үй учаскелерінде, сонымен қатар шаруашылық нысандарға ықпал жасайтын аймақтарда жерасты суларының ластануын бағалау қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес орындалады.

10.10.7.7 Газдардың бөлінуі техногендік топырақтарды (үйінді) тарату учаскелерінде байқалуы мүмкін. Газды - геохимиялық зерттеулер метан концентрацияларын және көміртегінің қос тотықтарын бағалау үшін орындалады. Көлемі бойынша СН4>0,1% және СО>0,5% концентрациялары потенциалды қауіпті болып есептеледі.

10.10.7.8 Радиациялық сәулелену деңгейлерін ММҚН 2.02-97 «Құрылыс салу учаскелерінде радонның және иондайтын сәулеленудің рұқсат етілетін деңгейлері».

10.10.7.9 Жылулық және электрлік - техногендік физикалық өрістерді зерттеу керек. Электр өрісінің қауырттылығының шекті рұқсат етілетін деңгейлері СП 11-102-97 келтірілген.

10.10.7.10 Мүмкін болатын тербелістерді және дірілдеуді бағалау барысында тек қана имараттарға деген көзқараспен емес, сонымен қатар адамдарға да олардың әсерін орындау қажет.


10.10.8 Мониторинг бойынша жұмыстарды жүргізу барысындағы есеп беру формасы


10.10.8 Қайта құру немесе жаңадан салынатын ғимараттардың жаныңда орналасқан пайдаланылатын ғимараттардың мониторингі бойынша жұмыстарды атқаратын ұйым, ерекше нысана құрылысы кезінде пайда болатын координациялық кеңес, не тапсырысшы және бас жобашы алдында есеп беруі керек.

10.10.8.2 Есеп беру формасы - ғылыми-техникалық отчет, ол келесі мәліметтерден тұрады:

- мониторинг нәтижелері, ақау тізімдері, ғимараттың еңісі мен шөгуінің даму графиктері, жер беті деформациялары, ғимараттың жербеті конструкцияларының куәландыру актілері, іргетастар мен негіздердің беріктігі бойынша технологиялық қорғаныс шараларының сақталуы жөніндегі актілер, жұмыстардың сапасын бақылайтын құжаттар түрінде берілетін мәліметтер;

- жаңадан немесе қайта салынатын ғимараттардың жаныңда орналасқан пайдаланылатын ғимараттардың беріктігі бойынша қорытынды және есептік болжамдардың жобалық тәртіптерге сәйкес келуі.

Қоршаған орта мен салынатын және салынған алаңдарға қауіп төндіретін деформациялар және басқа да құбылыстар пайда болған жағдайда тапсырысшыға, бас жобалаушы мен ұйымға алдын-алу шараларын қабылдау үшін хабарлау қажет.
10.11 Тұрғын ғимараттардың энергоаудиті

10.11.1 Тұрғын ғимараттардың энергоаудиті бойынша жиынтық тексерулер келесілерді бағалайды:

- бөлменің өндірістік ортасын (микроклиматын);

- қоршағыш және көтергіштік конструкциялардың жағдайын;

- жылыту, желдету және кондиционерлік инженерлік жүйелер жағдайын;

- ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздігін;

- ғимараттың жылуэнергетикалық жағдайын (энергоаудит).

10.11.2 Энергоаудит ғимараттарды жиынтық тексеру үшін де, оның жеке элементтерін тексеру үшін де қолданылады.

10.11.3 Құрылыс конструкциялардың техникалық жағдайын тексерудің жалпы мақсаты конструкциялардың көтергіштік қабілеттілігі мен пайдалану сапасын, жағдайын түсіндіретін физикалық тозуы мен себебін анықтау болып табылады.

10.11.4 Энергоаудитті өткізудің мақсаты қазіргі жылу техникалық талаптарға жауап беретін, ғимаратты қайта құру негізінде техникалық-экономикалық тиімділігін анықтауға арналған ғимараттың энергоресурстары жөніндегі мәліметтерді алу болып табылады.

10.11.5 Ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздігін тексерудің мақсаты орындалған құрылыстық өртке қарсы шаралардың және өртке қарсы инженерлік жабдықтардың қолданыстағы нормаларға сәйкес келуін анықтау болып табылады.

10.11.6 Тапсырысшының техникалық тапсырысы бойынша анықталатын тапсырмадан ғимараттың инженерлік тексерісі келесі жағдайлармен ерекшеленеді:

- алдын-ала тексеру, техникалық тапсырма мен тапсырысшы келісімін құруға арналған бастапқы мәліметтер жиынтығы;

- конструкциялардың пайдалану жағдайын, құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын, ақаулар тізімін құруға арналған ішкі нышандар бойынша инженерлік және өртке қарсы жүйелерді шолып тексеру;

- бөлмелердің өндірістік ортасын (микроклиматтың) санитарлық-гигиеналық талаптарға қатысты бағалау;

- конструкциялардың, инженерлік және өртке қарсы жүйелердің пайдалану сапасын құралдармен тексеру;

- жұмыстар бойынша нәтижелерді өндеу және отчет құру (қорытынды).

10.11.7 Алдын-ала тексерудің негізігі міндеттері болып ғимарат элементтерінің немесе толық ғимараттың жалпы жағдайын анықтау, жоспарлаған жұмыстарды орындау және тапсырысшымен келісімге отыру үшін қажетті берілген мәліметтерді жинау болып табылады.

10.11.8 Алдын-ала тексеру бойынша жұмыстардың құрамы:

- объектіні жалпы тексеру;

- ғимарат, құрылыс мерзімі, пайдалану мерзімі жөнінде жалпы мәліметтер;

- ғимараттың көлемдік-жоспарлық, конструктивтік шешімдері, инженерлік және өртке қарсы жүйелері, инженерлік жабдықтары жөніндегі сипаттамалары;

- құрылыс конструкцияларды, инженерлік және өртке қарсы жүйелерді жөндеу, қатайту және пайдалану сапасын қалпына келтіру бойынша, объектіде бұрын жүргізілген тексеру шешімдерін талқылау;

- бар жобалық құжат көлемін анықтау.

10.11.9 Құралдармен талдап тексеру құрамына, ғимараттың жағдайына, сонымен бірге техникалық тапсырмалар негізіне байланысты, келесі тексерулерді қосу ұсынылады:

- ғимарат бойынша өлшегіш жұмыстар;

- ғимараттың пайдалану ортасының өлшемдерін өлшеу;

- құрылыс конструкциялары және олардың элементтерінің техникалық жағдайын, олардың бұзылған сипаттамалары бойынша бағалау;

- негізгі құрылыс конструкциялар материалдарының беріктік және жылутехникалық сипаттамаларын анықтау;

- құрылыс конструкция материалдары үлгілерін алу және оларды зертханада сынау;

- құрылыс конструкциялардың бұзылған және ақауланған жерлеріне карта құру және фотофиксациалау;

- өлшегіш және басқа да графикалық материалдарды рәсімдеу;

- аоынған нәтижелерді талқылау және қорытынды құру (отчет).

10.11.10 Ғимараттың инженерлік және өртке қарсы жүйелерін құралдармен тексеру үшін келесі жұмыстарды қосу ұсынылады:

- өлшегіш;

- инженерлік жүйелердің геометриялық өлшемдерін өлшеу;

- инженерлік жүйелердің техникалық жағдайын бағалау, бұзылу және ақау картасын құру;

- алынған нәтижелерді өндеу және қорытынды құру (отчет).

10.11.11 Ғимаратты немесе оның жеке элементтерін тексеру кезінде, тапсырысшымен бірге жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету шаралары келісіледі (қараңғы жерлерді жарықтандыру), тексерілетін объектідегі қауіпсіздік техникасына жауапты мамандарға инструктаж өткізіледі.

10.11.12 Энергоаудит нәтижесі бойынша техникалық қорытынды жасау керек. Оның негізінде энергияны сақтау шаралары тағайындалады (АЖП орнату, қыздыру және люминесцен шамдарын светодиодты шамдарға ауыстыру, прогрессивті материалдармен сыртқы қабырғаларды жылыту және т.б.). Электрді сақтау технологияларға көшкен кезде экологиялық және өрт қауіпсіздігіне ерекше мән беру керек (пайдаланған жарық беру құралдарын жою, ерекше светодиод шамдары, қолданылатын жылытқыштардың экологиялық және өртке қарсы талаптарына сәйкестігі және т.б.).




А Қосымша

(ақпаратты)



Тұрғын, қосалқы және тұрғын емес ғимараттарға техникалық қызмет көрсету бойынша негізгі жұмыстар түрлерінің тізімі
А.1. Жалпы тексерулер жүргізгендегі орындалатын жұмыстар

А.1.1. Ғимараттың техникалық жағдайын, оның инженерлік жүйелерін (тұрақтар мен инженерлік жабдықтарға өткізілген құбырлар), сонымен бірге табылған бұзылуларды жою жоспарын өндегендегі инженерлік жабдықтарды тексеру.

А.1.2. Тұрғын бөлмелерді дұрыс пайдалану ережелері, тұрғын үйдің қосалқы және тұрғын емесе бөлмелерін ұстау, инженерлік жабдықтарды пайдалану, өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғын бөлмелердің иелері мен жалдаушыларына инструктаж оқу.

А.1.3. Табылған бұзылуларды жоюға уақыт тағайындау (қажет болса).



А.2.Ғимаратты көктемгі-жазғы маусымда пайдалану кезінде орындалатын қосымша жұмыстар

А.2.1. Балкондарды және балкон қоршауларын жөндеу және бекіту

А.2.2. Суағар құбырларын, колендерді, су сүзгіштерді бекіту.

А.2.3. Ағу жүйесін тоқтату және жөндеу.

А.2.4. Сыртқы есіктерден пружиналарды алып тастау.

А.2.5. Орталық жылыту жүйесін тоқтату.

А.2.6. Балалар және спорт аланыңдағы жабдықтарды жөндеу.

А.2.7. Түсіп кеткен еденастыларды, тротуарларды, жүру жолдарды жөндеу.

А.2.8. Ағу жүйелеріне қосымша жүйе орнату.

А.2.9. Шатыр желдету жұмыстарын орындау.

А.2.10. Төбе, қасбет және жертөледегі едендердің бұзылған жерлерін жөндеу.

А.2.11. Суағар жүйелерін тазалау (қажет болса).

А.2.12. Төбені қоқыстан, кірден тазалау.

А.3. Ғимаратты күзгі-қысқы маусымда пайдалану кезінде орындалатын қосымша жұмыстар

А.3.1. Терезе және балкон ойыстарын жылыту.

А.3.2. Терезе, есіктердің сынған шыныларын ауыстыру.

А.3.3. Шатыр жабындыларын жөндеу және жылыту.

А.3.4. Шатыр және астынғы бөлмелердің құбыр өткізгіштерін жөндеу және жылыту.

А.3.5. Парапетті қоршауларды жөндеу және жылыту.

А.3.6. Балкон және балкон қоршауларының берік қатайғаның тексеру.

А.3.7. Шатыр терезелерін жабу және шынылау.

А.3.8. Астынғы бөлмелер терезелерін шынылау.

А.3.9. Қолданыстағы шатыр мен жертөледе орналасқан жүру тақтайларын жөндеу немесе жаңасын қою.

А.3.10. Су жабдықтау, орталық жылыту жүйесін сынау, реттеу және жөндеу.

А.3.11. Бойлерлерді жылыту және жөндеу.

А.3.12. Газ су жылытқыш және жылыту қазандарын тазалау, жылыту және жөндеу.

А.3.13. Ағу жүйелерін тоқтату.

А.3.14. Флаг ұстағыштарды, нөмірлі белгілерді қатайту.

А.3.15. Ғимараттың тесіктерін бітеу.

А.3.16. Сыртқы су бөлгінш шүмектері мен колонкаларын жылыту және жөндеу.

А.3.17. Сыртқы есіктерге пружиналар қою.

А.3.18. Сыртқы есіктерді жылыту және жөндеу.

А.3.19. Жылжымалы қоғамдық дәретханаларды тоқтату (тазалау, дезинфекция, жабдықтарын жуу, бояу, құралдарды шешу және судан тазалау, кептіру, рессорын түсіру).

А.3.20. Орталық жылыту жүйесін реттеу және жөндеу.

А.3.21. Желдету жүйесін реттеу және жөндеу.

А.3.22. Құбыр өткізгіштердің тесіктерін бітеу.

А.3.23. Құбыр өткізгіштердің кейбір бөліктерін ауыстыру.

А.3.24. Жылыту жүйесін жылына кемінде 1 рет тазалау.

А.3.25. Су өткізгіш бактарды тазалау.

А.3.26. Суағар жүйелерін тазалау.

А.3.27. Шатырды қоқыстан, кірден тазалау.



А.4. Жартылай тексерулер кезінде орындалатын жұмыстар

А.4.1. Су құбыры және канализация жүйелеріндегі бұзылуларды жою (су құбыры шүмектерін ауыстыру, жапсарларды нығыздау, қоқыстардан тазалау және т.б.), тұрғын бөлмелердің иелері мен жалдаушылары орындайтын жұмыстардан басқа.

А.4.2. Жылына бір рет су құбыры жүйесін тазалау, жуу – төрт жылда бір рет.

А.4.3. Жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі бұзылуларды жою (үш тармақты шүмектерді реттеу, жылыту құралдарын жуу, жылуоқшаулағышқа ұсақ жөндеу өткізу және т.б.).

А.4.4. Радиаторларды ауыстыру (егер тесігі болса).

А.4.5. Ауажинағыштарды, компенсаторларды, шүмек реттеуіштерді, желдетулерді ауыстыру, тазалау, тексеру және бөліп тастау.

А.4.6. Алынып қалған құралдарды құбырларға қосып жалғау, қатайту.

А.4.7. Тұрғын ғимараттың қосалқы бөлмелерінде орналасқан электротехникалық құрылғылардың бұзылуларын жөндеу (күйіп кеткен электр шамдарын ауыстыру).

А.4.8. Суық және ыстық су, жылу энергиясын санайтын құралдардың жұмысытн тексеру.

А.4.9. Канализацияның дұрыс істеуін тексеру.

А.4.10. Газ су жылытқыш және жылыту қазандарының тартымдарын тексеру.

А.4.11. Канализационды ұдықтарды тазалау.

А.4.12. Төбенің кебір элементтерін ауыстыру.

А.4.13. Жұмсақ төбенің ақауларын жөндеу (жарықтарды, тесіктерді жабу).

А.4.14. Болат төбені сурик жақпасымен майлау.

А.4.15. Қоқысқа арналған контейнерлерді тазалау .

А.4.16. Орындықтар мен сәулет пішіндерін жөндеу.

А.4.17 Түтін қуғыш жүйесінің дұрыс істеуін тексеру.

А.4.18. Лифтіні тексеру.

А.4.19. Электр кабельінің жерге қосылуын тексеру, кедергі өлшемдерін өткізу: оқшаулағыштар және жер – ноль.

А.4.20. Жабдықтардың жерге қосылуын тексеру (сорғыштар, желдету щиттері, қабаттық және пәтерлік электр щиттері).

А.4.21. Электр өткізгіштің бұзылуларын жөндеу.

А.4.22. Розеткалар мен сөндіргіштерді ауыстыру.

А.5. Бөлмелерді күзгі-қысқы маусымда пайдалану кезінде құрылыс объектісі иесі, қолданушысы қаржысы арқасында орындалатын жұмыстар

А.5.1. Терезе және балкон ойықтарын жылыту.

А.5.2. Бөлменің сыртқы есіктер ойықтарын жылыту.

А.5.3. Пештерді жөндеу.



Б қосымшасы

(ақпаратты)


Ғимараттың элементтері мен бөлмелерін тексеру мерзімдері
Кесте Б.1

Ғимараттың элементтері мен бөлмелері

мерзімі, ай

Ескерту

Шатырлар

3–6 *




Ағаш конструкциялар

6–12 *




Тас конструкциялар

12




Темірбетонды конструкциялар

12




Толық жиналған ғимараттардың панельдері және панель жапсарлары

12




Толық жиналған ғимараттардағы антикоррозиялық қорғаныссыз салмалы болат бөлшектер

Пайдаланудан 10 жылдан кейін, содан соң үш жыл сайын

Бес-алты түйіндерді кесу арқылы өтеді

Антикоррозиялық қорғаныссыз салмалы болат бөлшектер

Пайдаланудан 15 жылдан кейін, содан соң үш жыл сайын

Бес-алты түйіндерді кесу арқылы өтеді

Пештер, түтін айдағыштар , түтін құбырлары

3

Тексеру жүргізіледі және жылыту маусымы алдында тазаланады

Газ жүрісі

3




Вентканалдар

12




Газ құралдары орналасқан бөлмедегі вентканалдар

3




Қабырғалардың сыртқы және ішкі әрлеуі

6–12 *




Едендер

12




Су құбыры, канализация, ыстық сумен жабдықтау жүйесі

3–6 *




Жылыту жүйелері:

Әлеуметтік-мәдени объектідегі, пәтерлердегі, шатырдағы, жертөледегі, баспалдақтар орналасқан, қазан жабдықтары бөлмелерінде


Элеваторлар, қазан жабдықтары

2

(жылыту маусымында)



2

(жылыту маусымында)






Санау құралдар тобы:

су (суық, ыстық)

жылу

Жылына 2 рет

солай





Жылу энергия беруді реттейтін құрал

Жылына 2 рет




Қоқыс құбыры

Ай сайын




Электр жабдықтары:







ашық электрөткізгіші

3




жабық өткізгіш және болат құбырлардағы электр өткізгіштік

6




асүй электроплиталары

6




қосалқы бөлмелердегі шырақтар (баспалдақтарда, вестибюлдерде, жертөлелерде және т.б.)

3




күштік қондырулар

6




электрощитті

6




топты электрощиттер

6




Өрт сөндіргіш және түтін айдағыш жүйелер

Ай сайын




Домофондар

Ай сайын




Ішкі үйлік жүйелер, пульттер

3




Жылыту қазандарындағы, байлердегі, сорғыштардағы электр жабдықтары

2




Пәтерлердегі тұрғын және қосалқы орындар, баспалдақтар, тамбурлар, вестибюлдер, жертөлелер, шатырлар

12




* Тексерулердің нақты мерзімдері пайдалану ұйымдарымен анықталынады.


В қосымшасы

(міндетті)



Ғимаратты жалпы тексеру (көктемгі) актісінің формасы
«БЕКІТЕМІН»

Ғимараттың меншік иесі немесе уәкіл еткен тұлға

Өз қолы

фамилия, инициалы



«____» 200 ___г.

күні
АКТ



ғимаратты жалпы (көктемгі) тексеру
«_____»______________ 20____г.

қала
Ғимарат № _______ корпус _______ ул. (пер.)

тұрмысты, тікелей басшылықта орналасқан

меншік иесінің немесе уәкіл еткен тұлғаның аты

Пайдалану ұйымы

аты


1 Жалпы мәліметтер:

1.1 Салынған жылы

1.2 Қабырғалар материалы

1.3 Қабаттар саны

1.4 Техникалық еденастының болуы (қабат) __________________, электрощитті

___________________________________, бойлер (сукөтергіш құрылғы)

___________________________________, жылу түйіні

1.5 Ғимарат көлемі______________________________________________________________________ м3

1.6 Ғимаратты қалпына келтіру бағасы тыс. руб.

Баланстық бағасы тыс. руб.

1.7 Ғимараттың жалпы ауданы м2

1.8 Пәтерлердің жалпы ауданы м2

1.9 Пәтерлер саны/тұрмайтын бөлмелер

1.10 Тұрмайтын бөлмелер ауданы м2

Комиссия құрамы:

лауазымы, фамилия, инициалы

лауазымы, фамилия, инициалы

лауазымы, фамилия, инициалы

ғимаратқа жалпы тексеріс жүргізді.

Тексеріс кезінде, байқалды:



1. Ғимараттың конструктивтік элементтерінің техникалық жағдайы келесідей:

Ғимараттың бөлшектері және конструкциялар

Техникалық жағдайды бағалау

Тексеру кезінде көрінген ақаулардың аты

Қажет жұмыстар көлемі

Түрі

Өл. бір.

Саны

1

2

3

4

5

6

Іргетастар
















Цоколь
















Сыртқы қабырғалар
















Ішкі қабырғалар
















Қасбет
















Балкондар және карниздер
















Суағар құбырлар
















Ішкі суағарлар
















Аражабындылар
















Едендер
















Арақабырғалар
















Шатыр
















Терезе
















Есіктер
















Баспалдақты торлар
















Еденасты және тротуарлар
















Жылыту жүйесі
















Ыстық сумен жабдықтау жүйесі
















Суық сумен жабыдқтау жүйесі
















Жылу, суық және ыстық су шығының есептейтін құралдар
















Жылу энергия реттеуіш жүйесі
















Канализация жүйесі
















Электрмен жабдықтау жүйесі және жарықтандыру
















Лифттер
















Қоқыс құбыры
















Қоқыс жинағыш контейнер ауданы
















Түтін айдағыш жүйе
















Желдету жүйесі
















Сукөтергіш және циркуляционды қондырғылар
















Шатырда орналасқан антеналар

















Г қосымшасы

(міндетті)



Ғимаратты жалпы тексеру (күзгі) актісі (қысқа дайындығы жөнінде)
«БЕКІТЕМІН»

Меншік иесі немесе уәкіл еткен тұлға

Өз қолы

фамилия, инициалы



«____» 20 ___г.

күні


АКТ

ғимаратты жалпы тексеру (күзгі) (қысқа дайындығы жөнінде)
«_____»______________ 20____г.

қала
Ғимарат №_______ корпус _______ ул.(пер.)

тұрмысты, тікелей басшылықта орналасқан

меншік иесінің немесе уәкіл еткен тұлғаның аты


Пайдалану ұйымы

аты
1 Жалпы мәліметтер:

1.1 Салынған жылы_______________________ қабырғалар материалы

1.2 Қабаттар саны__________________ жертөленің болуы


Ғимараттың қысқа дайындығы туралы (дайын, дайын емес):

Комиссия құрамы:

төрағасы

өкілдері

аталған ғимараттың қысқа дайындығы жөнінде тексеріс жүргізді және белгіледі:
1. Ғимараттың конструктивтік элементтерінің техникалық жағдайы келесідей:


Ғимараттың бөлшектері және конструкциялар

Техникалық жағдайды бағалау

Тексеру кезінде көрінген ақаулардың аты

Қажет жұмыстар көлемі

Түрі

Өл. бір.

Саны

1

2

3

4

5

6

Шатыр

Суағар құбырлар

Қасбет

Балкондар және балкон қоршаулары



Есіктер

Терезелер

Жертөле бөлмелері

Ғимарт бойындағы еденастылар

Жылыту жүйесі

Солай, қазандардан

Қазан бөлмелері, жабдықтар

Жылу элеватор түйіндері

Ыстық сумен жабдықтау жүйесі

Суық сумен жабдықтау жүйесі

Сану құралдар тобы:

суық су


ыстық су

жылу


Жылу энергиясын реттеуіш жүйесі

Канализация жүйесі

Бойлер, сужылытқыш

Сукөтергіш және циркуляционды қондырғылар

Желдеті жүйесі

Түтін айдағыш жүйесі

Лифт тұрмысы

Жылу пештері және газ қазандары, су жылытқыш калонкалар,


соған қоса:

түтін, газ шығаратын жабдықтар

(пештерді пайдалануға берілген актілері)

Электр жабдықтау және жарықтандыру жүйесі

Жалпы жылыту, соған қоса:

шатырлар


жертөлелер

терезелер

есіктер

қоқыс құбырлары



инженерлік жабдықтар










2. Жылу жүйелері мен энергия бақылау өкілдерінің қолы бар актілер

актілер нөмірі және қол қойылған күні
Тұжырымдар мен ұсыныстар

Комиссия төрағасы

қолы, инициалы, фамилия

Комиссия мүшелері

қолы, инициалы, фамилия

қолы, инициалы, фамилия



Ескерту — Ғимараттың міндетіне байланысты элементтер тізімі нақтылануы мүмкін.

Д қосымшасы

(міндетті)


Ғимарат элементтерінің бұзылған жерлерін жою мерзімдері

Кесте Д.1

Ғимарат элементтерінің және бұзылулардың аты

Көрінген кезден бастап оларды жою мерзімі, күн

Жабынды




Ағулар

1

Суайдағыш жүйесіндегі бұзылулар:




ішкі суағар

2

сыртқы суағар

5

Қабырғалар




Сыртқы қабырғаларға қаланған кірпіштердің байланысының жойылуы

1

(қауіпті шекара қоршау арқылы)



Балкон және балкон қоршауыштарын бұзылуы

1

(қауіпті шекара қоршау арқылы)



Қабырғалардың тондануы

Мүмкін мерзімде

Қабырға панель жапсарларының тесілуі

7

Түтін және газ құбырларының тесілуі

1

Терезе және есік толтырғыштары




Сынған шынылар, балкон терезелері, есіктері, витраждар, витриналар, шыныблоктар және т.б.:

қысқы уақытта



1

жазғы уақытта

3

Терезе тесіктері

7

Пештер




Өрт қауіпсіздігіне қауіпті жарықтар және басқа да бұзылулар

1

(пайдалануды тоқтатумен)



Сыртқы және ішкі әрлеу




Қабырғаның жоғарғы және төбе бөліктерінен сылақтың алынуы

5

(қауіпсіз шараларын қолданумен)



Сыртқы көрінісінің бұзылуы, сонымен бірге қасбетте орналасқан бұйымдардың сынуы

Қауіпсіз шараларын қолданумен

Солай, цокольды бөлігінде

5

Суық, ыстық сумен жабыдқтау, канализация, жылыту жүйелері




Су бөлгіш шүмектерінің тесіктері

1

Апаттық сипаттағы бұзылулар (құбырлардығы және олардың түйіскен жерлеріндегі жарықтар, бұрауыштарының бұзылуы) жылыту, сумен жабддықтау, канализация, су көтергіш құралдары жүйелері

Шұғыл

Қоқыс құбырының бұзылуы

1

Сорғыштардың бұзылуы

1

Электрмен жабдықтау жүйелері




Апаттық сипаттағы электр жүйелері мен жабдықтарының бұзылулары (тоқпен ұру қаупі және т.б.)

Шұғыл

Солай, апаттық емес сипатта

1

ЖДЖ бұзылулары

Шұғыл

Өртке қарсы қауіпсіздігі автоматикасының бұзылуы

Шұғыл

Құлып құралдарыны бұзылуы

1

Электр плиталарының бұзылуы


Тұрғын бөлмелердің иегері немесе жалдаушысымен келісілген мерзімде

Жалпы бөлмелерде — 1



Лифттер




Лифтінің бұзылуы

1

(пайдалануды тоқтатумен)



Вентиляция




Бөлмеде ауа алмасуының бұзылуы

Шұғыл

Газбен жабдықтау




Газ тесігі

Жабдықтардың бұзылуы



Шұғыл

1

(пайдалануды тоқтатумен)



Е қосымшасы

(ақпаратты)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет