Правила технической эксплуатации жилищного фонда



жүктеу 4.45 Mb.
бет8/28
Дата09.06.2016
өлшемі4.45 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

10.1.7 Тұрғын қорды күтіп ұстау, жөндеу және қайта құру бойынша жұмыстар мен қызметтердің сапасына қойылатын талаптар

10.1.7.1 Тұрғын қорды күтіп ұстау, жөндеу және қайта құру бойынша жұмыстар мен қызметтердің сапасына қойылатын талаптар жалдаушы және тұрғын иесі қажеттіліктеріне, сонымен бірге тұрғын үйлердің конструкциялық және жоспарлы ерекшеліктеріне, тұрғын қорға қызмет көрсететін басқару ұйымдарының формасына сәйкес келеді. Осыған сай тұрғын қызметтің сапа көрсеткіштерін анықтау кезінде, сапаның көп аспектілігін, көрсететін қызметтің аймақтық және басқа да ерекшеліктерін, экономикалық шектеулігін, қажеттілік дифференциациясын және басқа да факторларды ескеруі керек.

10.1.7.2 Тұрғын қызметтерге қойылатын жалпы талаптарға (сапа көрсеткіштері) адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне арналған талаптар; мүлік сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау; көрсетілетін қызмет тұтынушылар мүмкіндіктеріне сай болуы; көрсетілетін қызметтер жиынтықта – негізгі қызмет алу ғана емес, сонымен бірге тұтынушылар өмір сүру жағдайын жақсартатын қосымша қызметтер де алу; қызмет көрсету этикасы - сыпайылық, жылулық; қызметшілердің адамгершілігі; қызмет көрсетілуінің ыңғайлығы.

10.1.7.3 Тұрғын қызметтердің сапасы және қызмет көрсету бойынша өмір сүру жағдайы талаптарын қаңағаттандыратын қызметтің сипаты мен жиынтығы.

Тұрғын қорды күтіп ұстау, жөндеу және қайта құру бойынша қызметтің сапалық көрсеткіштерінің құрамы, оларды өлшейтін және бағалайтын әдістері жергілікті басқару органдары бекіткен нормативтік актілерге сай келуі керек, олардың құрамына келесілер кіреді:

- бюджеттік қаржылау мақсатында тұрғын қордың техникалық жағдайын бағалау (қала бойынша тұрғын қордың тозу көрсеткішінің төмендеуімен сипатталады);

- тұтынушылар сапа коэффициенті есептеуі жолы бойынша тұрғын бөлмені жалдау ақысын орнату мақсатында тұрғын үйдің тұтынушылық сапасын бағалау;

- тұрғын қорға қызмет көрсету бойынша ұйымдастырылған жұмыстардың сапасын бағалау.

10.1.7.4 Ұйымдастырылған жұмыстардың сапасын бағалау үшін қызмет көрсететін тұрғын қор, мысалы, тұрғын қорды жөндеу және күтіп ұстау бойынша келісімінде көрсеткіштердің жиынтығын орнатуына болады, ол жұмыс сапасының үш деңгейлі бағасын қарастырады: «жақсы», «қаңағаттаналық», «қаңағатсыз».

Тұрғын қорды жөндеу және ұстау жұмыстарының сапасын бағалау бірлік және жиынтық жүйе көрсеткіштері мен есептік көрсеткіштерді қолдану арқасында қызмет көрсету объектісінің санитарлы және техникалық жағдайын бағалаумен іске асырылуы мүмкін. (Мысалы, «жақсы» бағасы бойынша жұмыстардың барлық түрі келісілген келісім бойынша уақытымен және толық көлемімен орындалуы тиіс; ғимараттың конструктивтік элементтері мен инженерлік жабдықтау жүйесі нормативті тәртіпте жөнделуі керек; үйдің алдындағы аймақ ескертусіз таза болуы керек; шағымдардың жоқ болуы керек).

10.1.7.5 Басқарушы ұйым (компания) тұтынушылардың көрсетілген қызметтерге қанағаттанарлық екенің тексеріп отыруы керек – тұтынушылар құрамы мен саныныа байланысты олардың үндеуі немесе анкета түрінде кері байланыс алу арқылы. Тұрғындардың қаңағаттанарлық жағдайын келесі бағалар жүйесі арқылы анықтауға болады:

- тұтынушылар үндеуінің саны және сипаты;

- тұрғын қорға қызмет ету сферасынан тұрғындардың мүлкін алу көрсеткіші;

- тұрғын қызметтер түрлері бойынша сапасына баға беру;

- қызметтің интегралдық бағасы;

- тапсырыстардың орындалу нәтижелері;

- тұрғын қорға қызмет көрсету бойынша ұйымдастырылған жұмыстарға қаңағаттану.

10.1.7.6 Тұрғын қызметтердің сапасы бойынша әлеуметтік-экономикалық нәтижелер талаптарына келесілер кіреді:

- басқару ұйымында (компанияда), тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымда олардың қызметіне тұтынушы қоятын ашық және қолайлы баға жүйесі;

- көрсетілген қызмет формасы мен тіркеу жағдайына байланысты орнатылған тәртіп көмегімен тұтынушының орындалған жұмыстардың сапасы мен көлемін бақылайтын мүмкіндігі;

- сапасына қарай көрсетілген қызметтің ақылы өлшемін төменге түсіру мүмкіндігі.
10.1.8 Арнайы талаптар

10.1.8.1 Өрт қауіпсіздігі талаптары

Өрт қауіпсіздігі талаптары Қазақстан Республикасы заңдылығы орнатқан, әлеуметтік және техникалық сипаттағы арнайы жағдайларына, сонымен қатар тұрғын қорды жөндеу және ұстау жұмыстарын жүргізу кезіндегі өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамассыз ететін уәкіл етілген өртке қарсы мемлекеттік органдары бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес талаптарға сай келуі керек.

Өрт қауіпсіздік талаптарын барлық тұрғын үй иелері, басқармасында тұрғын үйлер бар ұйымдар, соған орай тұрғын үй иелері серіктестіктері, сонымен бірге басқару ұйымдар (компаниялар), тұрғын қорды жөндеу және ұстау бойынша қызмет көрсететін әртүрлі арнайы және жөндеу-пайдалану мекемелері орындауға міндетті.

Тұрғын қорды жөндеу және ұстау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамассыз ететін жауапты, қызметтік түрлер өрт қауіпсіздігі талаптары берілген нормативті-техникалық және басқа да құжаттар негізінде, тұрғын қорды жөндеу және ұстау бойынша технологиялық процесстерді, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды, ғимараттардың өртке қарсы спецификасына сай, тұрғын қорды жөндеу және ұстау бойынша жұмыстардың әрбір түріне немесе технологиясы жағынан ұқсас жұмыстар түріне өрт қауіпсіздік шаралары бойынша инструктаж өндеуге міндетті.

Тұрғын қорды жөндеу және ұстау бойынша жүргізілетін жұмыстардың өрт қауіпсіздік шараларына арналған нұсқауында келесі талаптар болуы керек: тұрғын үйлердің жалпы мүлік және аймақты ұстау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары; жылу және желдету жүйесіне қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары; электр жабдықтарын жөндеу және ұстау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары; өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелеріне, өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру құрылғыларына, түтінге қарсы жүйелерге қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары; тұрғын қорды жөндеу және ұстау жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, инженерлік жабдықтардың сынуы нәтижесінен туындаған өрт кезіндегі шаралар, сонымен қатар тұрғын ғимаратта тұратын адамдарды эвакуациялау тәртібі.

Тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары міндетті: өрт қауіпсіздігі шараларын меңгеруге; өрт қауіпсіздігіне жауапты адамды тағайындауға; әр қызмет түріне лицензиясы бар мекемелерде жауапты және инженерлі-техникалық қызметкерлер құрамына сабақ ұйымдастыруға; тұрғын қорды жөндеу және ұстау жұмыстарына тек өртке қарсы инструктаж өткен қызметкерлерді жіберуге, ал олардың атқаратын жұмыс түрі өзгерген кезде, мүмкін болатын өртті сөндіру және алдын алу бойынша, қосымша сабақтар ұйымдастыру; тұрғын ғимараттардың өртке қарсы қорғаныс шараларын арнайы мамандандырылған қызметкерлер көмегімен жақсарту, сонымен бірге сәйкес лицензиясы бар арнайы ұйымдармен келісімге отыруға..

Тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдардың міндетіне, сонымен қатар келесі талаптарды орындау кіреді:

- адамдардың баспалдақтар мен өртке қарсы өту жерлеріден бос орынның болуын қамту;

- өрт нұсқауы қарастырған жерлерде өртке қарсы құралдар мен жабдықтардың болуы;

- баспалдақтар торларында, шатыр және техникалық бөлмелерде күн сайын жарық және таза болуын, сонымен бірге өртке қарсы жабдықтардың қолайлы жерде орналасуы;

- шатырға онай шығуды қамту: шығу, өрт қауіпсіздік талабына сәйкес, шатыр бөлмесінен немесе баспалдақ торынан (шатырсыз төбелерде) болуы керек;

- тұрғын үйлерге өрт көліктерінің ешқандай кедергісіз өтуін, сонымен бірге су өткізгіш гидранттары мен басқа да сумен жабдықтау көздеріне қолайлығын қамту (ғимараттың қасбетінде өрт гидранттары мен басқа да өрт белгілері қайда орналасқаны туралы сілтемелер болуы керек);

- терезердің жабылуы мен шыныланғаның, сонымен бірге шатырға шығатын есіктердің құлыпқа жабылуын бақылау (кілітті алаң тазалаушысында немесе шатырға жақын орналасқан пәтердің жауапты адамында сақтаған жөн);

- жергілікті басқару органының нормативті құқылы актілеріне сәйкес тұрғын үйлерді тұратын адамдарды қорғау мақсатында криминалдық көріністерді төмендету және мүмкін болатын залалдарды азайтуға бағытталған шараларды орындау және өндеу: жарылуға қарсы конструкцияларды қолдану, домофондар, кодтық құлыптар, күзету сигнализация жүйесін, бірінші, еденасты және жоғарғы қабаттардың терезе ойыстарына, еденасты бөлмелер тесіктеріне, сонымен бірге кіру, еденасты бөлмелеріне кіру, шатырға шығу есіктеріне (басқа бөлмелерге) қорғағыш конструкцияларын орнату, соған орай криминалдық көріністерді азайтуға бағытталған шаралар;

- тұрғын үйлердің (қоғамдық қолданыстағы тұрғын үйлердің үстінгі қабаттарынан басқа) пайдаланудағы төбелеріне, қоғамдық қолданыстағы бөлмелердің салынған-салмалы төбелеріне, сонымен бірге жазғы бөлмелердің кіру аймағына, тұрғын үйлерді байланыстыратын элементтерінде, ашық тұрғын емес қабаттарда (бірінші және аралық), тұрғын үйдің есейген адамдары демалуға қолданатын спорт аландарына, киімдерді жуатын, кептіретін немесе солярий аландарына қажетті қауіпсіздік шараларын орнату (қоршауыштар мен желдету құрылғыларын орнату)

Өрт қауіпсіздік талаптарының бұзылуына барлық тұрғын үй иелері, басқармасында тұрғын үйлер бар ұйымдар, соған орай тұрғын үй иелері серіктестіктері, сонымен бірге басқару ұйымдар (компаниялар), тұрғын қорды жөндеу және ұстау бойынша қызмет көрсететін әртүрлі арнайы және жөндеу-пайдалану мекемелері жауапты.

Айтылған өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды бұзған (орындамаған, орындауға иеленген немесе орындаудан бас тартқан) қызметкерлерге, сонымен бірге тұрғындарға ҚР заңдылығына сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе басқа да жауапқа тартылады.


10.1.8.2 Санитарлық –эпидемиологиялық талаптар

Тұрғын үйлерді жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары бойынша ұйымдар, жеке кәсіпкерлер ҚР белгіленген нормативтік құқықтық актілерін, ҚР мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызметінің санитарлық - эпидемиялогиялық талаптарын және нормативтерін, аймақтық органдардың мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызметінің нормативтік құжаттарын сақтауға міндетті.

Тұрғын үйлердің жалпы мүліктерін күтіп ұстау талаптары:

- подъездердің кіреберісінде, баспалдақ торларында температуралық-ылғалдылық режимін, жүйелі желдету арқылы нормативтік талаптарға сәйкес, жылыту құралдарының ақаусыздығын және баспалдақ торларын және кіреберісті ылғалды етіп жинауды қамтамасыз ету;

- подъездердің кіреберісінде, баспалдақ торларында (ылғалды етіп жинау, баспалдақтарды, қабырғаларды және терезелерді жуу) тазалау жұмыстары муниципальдық атқару өкіметінің органдарымен белгіленген және санитарлық- эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген мерзім бойынша жүргізілуі тиіс;

- шатыр асты бөлмелерінде, жертөлелерде және техникалық еденасты қабатарында температуралық-ылғалдылық режимін қамтамасыз ету тиіс, қоршаушы конструкцияларда ылғалдың конденсациясын қоспағанда немесе зең пайда болғанда, желдету және ойықтар арқылы (терезенің) желдету жолымен, жылыту жүйелерінің және жергілікті шарттарға байланысты басқа шаралармен ақаусыз құбырлардың оқшаулануын қамтамасыз ету;

- жертөлелерді және техникалық еденасты қабаттарын су басуды, баспалдақ торларын, шатыр асты бөлмелерін және көпшілік пайдаланатын орындарды қоқырсыту, ластау рұқсат етілмейді;

- жертөлелердің және техникалық еденасты қабаттарының ішіне жануарлардың, кеміргіштердің, мысықтардың және иттердің кіріп кетуінен қорғалған болуы тиіс;

- тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар санэпидемқадағалау органдарымен бірлесіп жұқпалы аурулардың шығуына және таратылуына бағытталған шараларды, тұрғын үйдің санитарлық жағдайына; қажет болған жағдайда шыбын-шіркейлерді және кеміргіштерді құртуға арналған дезинфекциялау және дератизациялауды ұйымдастыру тиіс.

Үй жанындағы аумақты күтіп ұстаудың талаптары:

- үй жанындағы аумақты жинау процестері маршрутты-технологиялық карталардың негізінде максималды механикаландырылған болуы тиіс;

- жаяу жүргіншілердің жолдарын жинау мерзімі жергілікті өзін-өзі басқару органымен жаяу жүргіншілердің жолдарда жүру қозғалысының қарқындылығына (тротуарлардың кластарына) байланысты қабылданады.

- жинаудың тәуліктік режимі муниципальдық құрылған кәсіпорындардың жұмысын есепке алумен қабылдануы тиіс. Ең алдымен тротуарлар және транспорттық аялдамаларға баратын жаяу жүргіншілердің жолы жиналуы (сыпыру, жуу, қардан тазалау) тиіс.

- кварталішілік өтетін жолдар және жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге қар басуын тазалау қар түскен уақыттан бастап қардың түсуі аяқталғаннан кейін 6-12 сағ. кешіктірмей қардан тазалу жұмыстары аяқталуы тиіс.

Тұрмыстық қалдықтарды жинауды ұйымдастыру талаптары:

а) қоқыс құбырларын күтіп ұстау талаптары:

- барлық қоқыс құбырларының элементтері: тиейтін клапандар, желдету құрылғылары, тазалауға (жууға) және дезинфекциялауға арналған құрылғылар, шибер, қоқыс жинайтын камералар ақаусыз жағдайда болуы тиіс;

- баспалдақ торларындағы тиейтін клапандардың қақпақтары ақаусыз резеңке аралық қабатпен тығыз жабылатын болуы тиіс;

- тиейтін клапандардың қақпағының астындағы қабат бөліктерін, қабат аралық бөліктерді жинау түзелетін болуы тиіс;

- қоқыс жинайтын камералар акаусыздықты қамсыздандыруы тиіс: су өткізу кұбырларында және едендерді және камера қабырғаларын жууға арналған және және қоқыс құбырларының бағандарын тазалағаннан кейін пайдаланған сұйық ағындарды бұруда; қабырғаларды және еденнің бетін әрлеуде; жарықтандыруда;

- қоқыс құбырларының бағандарын жууда қолданылатын дезинфекциялайтын құралдардың құрамы тиісті ережелерге және нормаларға сәйкес реттеледі;

б) қоқыс салуға арналған үй жанындағы алаңдарға қойылатын талаптар және қоқысты тасуды ұйымдастыру:

- контейнерлерді орнататын алаңдарды орналастыру тұрғын үй құорылысын жобалау барысында анықталады. Құрылысты қалыптастыруда мұндай алаңды орналастыруды аудандық сәулеткердің қатысуымен санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы сақтық қызметінің және тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның өкілдерінен құралған комиссия анықтауы тиіс,

- алаңдардың конструкциясы типтік болуы тиіс, егер болмаса онда оның құрылғысы арнайы өңделген жобамен жасалынуы тиіс;

- қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердің санын және сыйымдылығын табиғи – климаттық шарттарға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары белгілеген оның толтырылуын және уақытша сақтау мерзімін есептеу арқылы анықтайды.

- тұрмыстық қоқысты тасып шығару тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның мамандандырылған ұйымдармен мамандандырылған көлігі, дайын қызметшісі және осы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар әртүрлі құқықтық – ұйымдастыру түрлерімен келісім шарт жасау бойынша жүзеге асады;

- тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар тұрмыстық қоқысты тасып шығару кестесінің сақталуын және контейнерлердің жағдайын (ақаусыздық және нормативтік құжаттармен белгіленген жуудың мерзімін) бақылауға міндетті;

- су әкету жүйесі тартылмаған жеке меншік үйлерде сұйық қалдықтарын жинау, соның ішінде жинауға арналған сыйымдылықтармен және оларды тазалаудың тәртібі тиісті нормативтік құжаттармен белгіленеді.

Отырғызылған жасыл шөптерді күтіп ұстаудың талаптары:

а) жеке меншіктегі үйлердің аумақтарына отырғызылған жасыл шөптерді сақтауды және күтіп баптауды тұрғын үй қорларына қызмет көрсететін ұйымдар немесе келісім шартпен мамандандырылған ұйымдар қамтамасыз етуі тиіс;

б) көгалдандырылған аумақтарда тыйым салынады:

- жасыл шөп отырғызылған учаскелерге төбелерден қар лақтыруға, ағаштардың және бұталардың сынбай сақталуын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдаусыз;

- жапырақтар өртеуге, жаппай жапырақтар түсетін мезгілде тартпалап сыпыру, ағаштардың діңдерін және бұталарды көміп тастау (оларды үймелерге жинау, көшелерге тарату рұқсат етілмейді, коппостирлеуге арналған арнайы бөлінген оындарда жою, қоқыс тастайтын жерге көлікпен шығару мақсаттарына сәйкес);

- қолдануға рұқсат етілмейтін химиялық дәрілермен себу, жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге, жолдарға және серуендейтін жерлерде және басқа төсемдерде, гүлзарларда сыпырындыларды және басқа ластайтын заттарды тастауға;

- гүлзарларда және бақ егілген жалғыз аяқ жолдарда көлікті қоюға .

Тұрғын үйлерді жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу барысында санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың орындалуын Мемлекттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды аймақтық органдармен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі және ҚР мемлекеттік тұрғын үй инспекциясымен жүзеге асырады.

Санитарлық заң шығару бұзылғанда тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген

Үйішілік газбен жабдықтауды күтіп ұстау және жөндеу талаптары (ҮІГЖ):

- күтіп ұстау және ҮІГЖ жөндеуді қамтамасыз ету. соның ішінде тұтынылған газды есептеуге арналған құралдар қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттармен, сонымен қатар тұрмыста газды қолдану кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі тұрғын үйдің меншік иесінің (уәкіл етілген меншік иесінің ), басқарушы ұйымның міндеті болып табылады;

- ҮІГЖ диагностикасы, техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу жұмыстары, күтіп ұстау немесе олардың ақаусыз және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды орындауға, нормативтік және техникалық құжаттармен белгіленген газбен жабдықтау құрылғыларының қорларын жарым-жартылай қалпына келтіру бойынша ауыстыру немесе шектелген көлемді номенклатуралардағы олардың элементтерін қалпына келтіруге тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.



- ҮІГЖ газ таратушы желілерін (алғашқы немесе сөндіруден кейін) қосу тұрғын үй қорына қызмет көрсететін қызметкерлерге және тұрғындарға газды тұрмыста қолданудың ережелеріне сәйкес нұсқау беретін мамандандырылған ұйымның қызметшісімен жүргізіледі;

- газды пайдаланудың бар жабдықтарын қайтадан және қосымша орнату, газ тұтынуды есепке алатын құралдарын және газ өткізу құбырларын салудың жұмыстары жоба негізінде мамандандырылған ұйымның газбен жабдықтау ұйымымен келісу арқылы жүргізілуі тиіс;

- өз еркімен газ өткізгіш құбырларды қайтадан салу (тасымалдау) немесе жаңадан салу, газды пайдаланудың бар жабдықтарын қайтадан орнату және газды пайдалану құралдарын қосымша орнату және жабдықтау рұқсат етілмейді;

Бөлек пәтерлерде және бөлмелерде ҮІГЖ пайдалану рұқсат етілмейді:

- тұрғын үйдің немесе пәтерлердің апаттық жағдайында (іргетастың шөгуі, көтергіш конструкциялар және басқа белгілерде зақымдалу);

- төбелердің және қабырғалардың сылағы бұзылғанда немесе қабырғаларда және аражабында тесілген саңылаулар болғанда;

- түтіндіктің және желдету каналдарының тарту күші бұзылғанда немесе жоқ болғанда;

- газбен жабдықтаудың ішкі құрылғыларының жөндеуді талап ететін ақауы болғанда;

- газдың иісі болғанда.

Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдастыруы тиіс:

- желдету каналдарын және түтіндіктердің техникалық ақаусыздығына күтіп ұстау;

- түтіндіктердің тығыздығын және герметикалығын қамсыздандыру, ақаусыз жағдайын және бастарын үйдің төбесіне біршама орналастыру, сонымен қатар имараттардың және және ағаштардың желдің тірек аймағынан тыс жақын орналасуы;

- техникалық еденасты қабатынан және жертөледен ауаны сынау үшін ақаусыз 25 мм диаметрдегі стационарлық құбырларды қамсыздандыру;

- газ құдықтарының орналасқан орындарын, жер асты газ өткізгіш құбырлардың төсем қақпақтарын ыбырсытпау, оларды қысқы уақытта мұздан және қардан тазалау;

- электр өткізгіштеріне қойылатын талаптарға сәйкес газда жұмыс істеуші газ өткізгіш құбырлары және жабдықтары бар жертөлені және басқа бөлмелерді тексеру;

- газбен жабдықтау құрылғылары орналасқан бөлмелердің техникалық және санитарлық талаптарының сақталуын қамсыздандыру;

- тұрғындардың газды пайдалану ережелерін сақтауды бақылау.

Жоспарлы байқау барысында анықталған құрылысты сипаттайтын ақауларды, каналдардың тарту күшінің бұзылуын жою жұмыстары, сонымен қатар монтаждаудан немесе газбен жабдықтаудың ішкі құрылғыларын жөндеуден кейінгі өңдеу жұмыстары тұрғын үй қорына кызмет көрсететін ұйыммен орындалуы тиіс.

Тұрғын үйдің техникалық еденасты қабатын және жертөлелерін пайдалану тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйыммен жүзеге асырылуы тиіс. Оған мыналар жүктеледі : газ иістерінің бар болуын жүйелі тексеру; желдету жүйелерінің және жарықтандыруды бақылау; жертөледен және техникалық еденасты қабатынан, бөлмеден сыртқа шығарылған сыртқы стационарлы құбырлар арқылы ауаны сынауға таңдап ал.

Газ өткізгіш құбырлары орналасқан техникалық еденасты қабатын және жертөлелерді қоймалар ретінде және басқа мұқтаждықтар үшін қолдануға тыйым салынады. Бұл бөлмелерде мамандандырылған ұйымдардың қызметшісіне тәулік бойы кедергісіз кіру рұқсат болуын қамсыздандыру тиіс. Бұл бөлменің кіру есіктері құлыппен бекітілген болуы тиіс, ал кілттері тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның мамандандырылған ұйыммен келісілген орындарда сақталуы тиіс.

Жерасты коммуникацияларының кірме және шығарылым құбырларының іргетаспен қиылысқан жерлері қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес нығыздалған және жылытылған болуы тиіс.

Газдың иісі бар немесе желілердің зақымдалуы болған барлық жағдайларда газ тарату жүйелерін пайдалану ұйымдарына апаттық қызмет туралы телефон арқылы жедел хабарлау қажет.

Тұрғын үйлердің бөлмелерінде газдың иісі болған кезде тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым газдандырылған бөлмені желдетудң қамсыздандыруға және оған жақын арадағы бөлменің тұрғындарына ашық отты, газды және электр құралдарын, электрқоңырауын қолдануды тоқтату туралы алдын-ала ескертуге міндетті.

Техникалық еденасты қабатында, жертөлелерде, қызметтік бөлмелерде, құдықта газдың иісі болған жағдайда ашық отты пайдалануға, шылым тартуға, электрмен жарықтандыруды қосуға және өшіруге тыйым салынады; газдандырылған орындарға жақын жерлерде атыс жұмыстарды өндіру және жұмыс істеуші қозғалтқыштармен машиналар тұрған орындарда ашық кіреберістер және люктар қоршалған болуы тиіс.

Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым желдету каналдарының техникалық ақаусыз жағдайына жауапты болады. Қандай жағдай болмасын, газбен жылыту құралдарымен жабдықталған асхана және басқа бөлмелерде желдету каналдарын жоюға рұқсат етілмейді.

Тұрғын үй қорына қызмет көрсету процесінде желдету каналдарының ақаусыздығын жүйелі тексеруді және түтіндіктерді пайдаланудың келесі мерзімдерін қамсыздандыруы тиіс:

а) түтіндіктер:

- кірпішті – үш айда бір рет;

- асбоцементті, қышты және ыстыққа төзімді бетонды – жылына бір рет;

- жылыту-пісіру пештері – жылына үш рет (жылыту маусымының басында және ортасында, сонымен қатар көктемгі уақытта);

- жылыту пештері және қазандықтар – жылына бір рет (жылыту маусымының алдында);

б) газ құралдары орнатылған желдету каналдарының бөлмесі, - жылына екі реттен көп емес (қыста және жазда).

Түтіндіктерді және желдету каналдарын жөндеуді жүргізу тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның мамандығы сәйкес келетін және дайындығы бар қызметшісі инженерлік-техникалық қызметкердің бақылауымен рұқсат етіледі.

Өз еркімен жөндеу жұмыстары, қайта жөндеу және түтіндіктердің және желдету каналдарын өсіру рұқсат етілмейді. Түтіндіктерді және желдету каналдарын тазалау және тексеру актілер бойынша жасалуы тиіс. Түтіндіктер және желдету каналдары әрбір жөндеуден кейін белгіленген акты бойынша алдыңғы тексеруге және мерзіміне қарамастан, тексеруге және тазартуға ұсынылады.

Қысқы уақытта айына 1 реттен көп емес, ал солтүстік құрылыс – климаттық аймақтың аудандарында – айына 2 реттен көп емес түтіндіктердің бастарына және желдету каналдарының канализациялық сорып шығару құбырларына мұздың қатуын және тығындалуын болдырмай мақсатында байқау жүргізілуі тиіс.

Байқау нәтижесі бойынша арнайы журналда барлық анықталған ақаулар және олды жою мақсатында жүргізілген жұмыстың сипаттамасы туралы жазылуы тиіс.

Газбен жабдықтаудың ішкі құрылғыларында ақаулар табылған жағдайда пәтерде тұрушылардың, тұрушының немесе меншік иесінің мәлімдемесімен тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйыммен газбен жабдықтаудың барлық ішкі құрылғылары мамандандырылған ұйыммен сөндірілген болуы тиіс.
10.1.8.3 Лифтлерді жөндеу және күтіп ұстау талаптары

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет