Прекешов нұрхан Әбиұлының сайлауалды бағдарламасы



жүктеу 14.02 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі14.02 Kb.
ПРЕКЕШОВ Нұрхан Әбиұлының

сайлауалды бағдарламасы
Бүгінгі таңда мемлекетіміз үлкен даму жолында келе жатқаны баршамызға мәлім. Әр жылы Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асырып, жолдауды қолдау нұротандықтардың басты міндеті. Сондықтан да, алдағы сайлауда депутат болсам Елбасының саясатын жүзеге асыра отырып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, сайлаушылардың мұң-мұқтаждарын ескере отырып, ерінбей еңбек етер едім. Жауапкершілік жүгін сезіне отырып, сенімдеріңізден шығуға тырысамын.

1. «Казфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің және аудандық әкімшілік басшыларымен бірлесе отырып Жаңатас қаласының өте маңызды бірінші дәрежелі объектілерін (қалалық жылу қазандығы, «Бүркітті», «Көк бұлақ» су құбырлары және Жаңатас қаласының екінші көтерме су станциясын) үнемі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге көмектесу.

2. Сарысу ауданы халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында аянбай еңбек ету, осы мақсатта облыстық, аудандық бюджеттерден бөлінген қаржылардың орынды және тиімді пайдалануына ықпал жасау.

3. Бүркітті және Құрылыс (малоэтажка) ауыл тұрғындарын үнемі электр қуатымен, сапалы көмірмен қамтамасыз етуге, көше аралық жолдардың жөндеуден өтуіне және Жаңатас қаласының халқына тоқтаусыз салқын су беруге ықпал жасау.

4. Абай атындағы орта мектебінің қысқы маусым дайындығына және мектеп аумағын көріктендіру мен көгалдандыруға заң жүзінде көмектесу.

5. Әлеуметтік жағдайы төмен, денсаулықтары нашар отбасыларына жәрдем беру.

6. Сайлаушылармен жиі кездесулер ұйымдастырып, көкейтесті мәселелерін тыңдап және оларды заң жүзінде шешуге ат салысу.

Құрметті сайлаушылар!



Қазіргі таңда халық қалаулысы болу - депутат болып сайланар маған сын. Туған елімізді өркендетуге, халықты игілікті істі бастауға өзімнің бар күш жігерімді жұмсайтыныма Сіздерді сендіремін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет