Премьер-министр



Дата16.06.2016
өлшемі36.32 Kb.
#138636

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ




ПРЕМЬЕР-МИНИСТР

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

201 жылғы Астана, Үкімет Үйі « » 201 года



данасы экз. №


№ исх: 11-21/5677 от: 22.12.2014



Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелеріне
2014 жылғы 20 қарашадағы № ДС-262 сауалға
Құрметті депутаттар!
Сіздердің республикада түйе шаруашылығын дамытуға қатысты депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.

Түйе шаруашылығындағы сүтті-тауарлы фермаларды «Сыбаға» бағдарламасына енгізу және түйе шаруашылығын Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 1-1/277 бұйрығымен бекітілген өңірлерде ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басым бағыттарына енгізу мәселесі бойынша

«Сыбаға» бағдарламасының мақсаты шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарда ет өнімділігі бағытындағы ірі қара малдың тауарлы табынының санын көбейту болып табылады.

Уәкілетті орган айқындаған өңірлерде жүргізу үшін ұсынылатын ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар беру кезінде негізге алынбайды.

Осылайша, көрсетілген құжаттар түйе шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін реттемейді.

Сонымен қатар, қазіргі кезде тауар өндірушілердің асыл тұқымды түйелерді сатып алуға және шұбат өндіру құнын арзандатуға жұмсалған шығындарын ішінара өтеу арқылы республикамызда кең таралған түйе тұқымдарын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап түйе шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау бағыттарын кеңейту бойынша шаралар қабылданды: түйе етін өндіруге, жемшөп дайындау мен оны сатып алуға жұмсалатын шығындардың құнын субсидиялау, сондай-ақ қаржы институттары мен екінші деңгейдегі банктер арқылы алынған кредиттер мен лизингтер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау енгізілді.

2015 жылдан бастап түйе шаруашылықтары үшін техника мен жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ түйе сүтін қайта өңдеу кәсіпорындарын салуға жұмсалатын инвестициялық салымдарды субсидиялау жоспарланған.

Бұдан басқа, «Аграрлық кредит корпорациясы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды коммерциялық кредиттеу бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өндірісті дамыту үшін кредит беруді жүзеге асыруда.

Аталған бағдарлама шеңберінде түйе шаруашылықтарына өндірісті дамыту үшін айналым қаражатын толықтыру және ауыл шаруашылығы теникасы мен технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін төмендетілген мөлшерлеме бойынша кредиттер беріледі.

Аталған бағдарламаның қаржыландыру шарттары «Сыбаға» бағдарламасының шарттарына барынша жақындатылған: субсидиялау арқылы техника мен жабдықтар сатып алуға арналған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер 10%-ға және айналым қаражатын толықтыруға – 7%-ға төмендейді.

1 литр шұбатты өндіруге арналған субсидиялар нормативтерін
150 теңгеге дейін ұлғайту мәселесі бойынша

Бюджет кодексі мен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялар мал шаруашылығы өнімінің бірлігін өндіруге жұмсалатын шығындарды ішінара арзандату үшін тауар өндірушілерге беріледі.

Қазіргі уақытта бір килограмм түйе сүтін өндіруге жұмсалатын ғылыми негізделген шығындар 160 теңге деңгейінде.

Осыған байланысты бюджет заңнамасының талаптарын ескере отырып, шұбат өндірісін арзандатуға арналған субсидиялардың нормативтері килограмына 55 теңге мөлшерінде белгіленді.

Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың негізгі шарттары бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіру және оны өндіру көлемін ұлғайту болып табылады. Заманауи технологиялық жабдықтардың, техникалары мен өндірісті автоматтандырудың болмауы проблемалары кезінде субсидиялар нормативтерін 3 еседен астам ұлғайту өзіндік құны төмен өнім өндіруді қамтамасыз етпейді.

Осылайша, Үкімет тарапынан қабылданып жатқан ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңарту, сондай-ақ түйе шаруашылығында инвестициялық салымдар мен кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау шаралары аталған саланың неғұрлым тиімді дамуына және инвестициялық тартымдылығын арттыруға негіз болып табылады.



К. Мәсімов


15.06.2016 22:31:39 00000000



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет