Менингитауруы өте қауіпті, әсіресе балалар үшін! Дәрігерге дер кезінде қаралып, уақытылы ем қабылдаған жөн.
Менингит ауруы өте қауіпті, әсіресе балалар үшін! Дәрігерге дер кезінде қаралып, уақытылы ем қабылдаған жөн.
Ауру адамдар мен сау тасымалдаушылар инфекция көзі болып табылады, яғни клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк тасмалдаушылары болады.
Менингококкинфекциясы аурушаңдығы кезендігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде аурушандық жоғары.
Инфекцияның берілу жолы - ауалы-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микробдені сау адамның ағзасына науқас немесе тасмалдаушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді. Жұқтырып алған кезден бастап аурудың басталуынадейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас алғашқы күнінен бастап айналадағыларға жұқпалы.
Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.
Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.
Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;
Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.