Презентация по статистике



бет9/10
Дата02.01.2022
өлшемі1.61 Mb.
#452440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеудің мақсаты
  • мен міндерттері
    • Статистик
    • Не
    • үшін?
    • Нұсқаулық
    • формуляр,анкета және т.б.
    • толтыру үлгілері
    • Инструментарий
    • қалай?
    • Объектіні таңдау
    • Бақылау
    • объектісі
    • Кім?
    • Бастапқы бақылау
    • Ақпаратты
    • жинау
    • Не?
    • Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді.
    • Онда бақылауға жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердің дұрыс толтырылғандығы мен салыстырмалылығы, есептелгендігі және т.б. қарастырылады.
    • Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бақылаудың қайсыбірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін.
    • Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықтығы, дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады.
    • Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып екі түрге бөлінеді.
    • Репрезентативті
    • қате
    • тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі.
    • Бұл — жалпы жинтық қорытындысы мен ішінара бақылауға алынған жиынтық қорытындысы арасындағы айырмашылықты айтады.
    • Тіркеу кезіндегі
    • жіберілетін
    • қате
    • Бұл - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады.
    • Кездейсоқ
    • жіберілген
    • қате
    • Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы ықтимал. Бұл - не азайтылып, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады. Мысалы, бір бағананың көрсеткішінің мүлдем басқа, екінші бағанаға ауыстырылып жазылуы немесе 43 жастың орнына 33 немесе 53 жас деп қате көрсетіліп кетуі мүмкін.
    • Жүйелі түрде
    • (ұдайы) жіберілетін
    • қате
    • Мұнда көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиынтыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілген болып екіге бөлінеді.
    • Абайсызда,
    • байқаусызда
    • жіберілетін қате
    • Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мүмкін. Мысалы, халық санағы кезінде адамдардың көпшілігі өздерінің жастарын дөңгелек сандар арқылы көрсетеді. Сұралушы адам 39 немесе 41 жаста болғанмен, өзін 40 жастамын деп айтуы кездеседі. Соның салдарынан 40 жастағы адамдардың саны 39 және 41 жастағылардан көп болып шығады. Сондықтан да санақшылар санақ кезінде халықтың жас мөлшерін дұрыс анықтау үшін адамдардың туған жылын бөлек, айын бөлек бағанаға жазып, анық-қанығын айқындайды
    • Қасақана
    • немесе әдейі
    • жіберілетін қате
    • Бұл - алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер.
    • Әдейі жіберілген қате есеп беру формаларында жиі кездеседі. Мысалы, кәсіпорындар мен мекемелердің өздері өндірген өнімдерінің көлемін кемітіп, ал жұмыс көлемін арттырып немесе қоймадағы бағалы заттардың, шикізаттардың мөлшерін есеп беру формаларында азайтып көрсету фактілерін атап айтуға болады.
    • Мұндай қателердің жіберілуі көбіне-көп өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан, тіркеушілердің, санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушілігінен және т.б. себептерден туындайды.
    • Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу, болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі.
    • Және ол қисынды түрде тексеру (логикалық) және есептеу арқылы тексеру (арифметикалық) болып екі түрге бөлінеді.
    • Бақылау
    • Логикалық
    • (қисынды
    • түрде тексеру)
    • Арифметикалық
    • есептеу арқылы
    • тексеру


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет