Презентация тақырыбы: «Инвазиялық ауруларға қарсы ветеринариялық санитариялық күрес шараларының жүйесі»


Ішқұрт ауруларына қарсы шаралардың ішіндегі бастыларының бірі–дегельминтизация. Дегельминтезация дегеніміз мал денесін химиялық дәрілер арқылы ішқұрттардан босату



бет3/5
Дата09.09.2024
өлшемі4.61 Mb.
#503511
түріПрезентация
1   2   3   4   5
слайд балнұр індеттану.pptx [Автосохраненный]

Ішқұрт ауруларына қарсы шаралардың ішіндегі бастыларының бірі–дегельминтизация. Дегельминтезация дегеніміз мал денесін химиялық дәрілер арқылы ішқұрттардан босату.


ДЕГЕЛЬМИНТИЗАЦИЯ

Дегельминтизацияның бірнеше түрлері бар.

Лажсыз дегельминтизация – ішқұрт ауруының сырт белгілері білінгенде, гельминтоздан өлім – жітім болдырмас үшін кез – келген уақытта қолданылады.

Сақтандыру дегельминтизациясы - жоспар бойынша жылдың белгілі бір мерзімінде жүргізіледі. Мұңдайда ішқұрттың биологиялық дамуына байланысты маусымдылығы және басқа эпизитологиялық деректері ескертіледі.

Преимагинальдық дегельминтизация – ішқұрттардың организмде жынысы толық жетілмеген мерзімінде қолданылады. Мұнда қоршаған ортаға ішқұрттың жұмыртқаларымен балаң құрттары тарамайды.

Диагностикалық дегельминтизация дегеніміз – беймәлім гелминтозды толық анықтау үшін қолданылады.

Гельминтоздарға қарсы қолданылатын антигельминттік дәрілерінің сапасын білу үшін оны экстенстиімділігін және интенстиімділігін анықтайды. Экстенстиімділігі дегеніміз – дегельминтизациядан өткен малдардың ішқұрттардан толық босанғандарының сандық көрсеткіші. Интенстиімділік дегеніміз – организмдегі ішқұрттардың жалпы санымен салыстырғанда, олардың дәрі арқылы сыртқа шығарылғандарының пайыздық саны.


Қазіргі таңда өте маңызды проблемалардың бірі адамдар мен жануарларды зиянды кенелер мен насекомдар қорғау, жаңа экологиялық қауіпсіз әдістер мен дәрі-дәрмектерді шығару. Бұл бағытта ғылымда көп жұмыстар жүргізіліп, жақсы нәтижелер алынған. Ғылыми деректер күн сайын жарық көріп жатыр. Бұл сұрақты ашқанда, кенелер және қос қанатты қан сорғыш насекомдармен күрес жолдарын төменгі көрсетілген бағыттарда беру кажет:
экологиялық әдістер;
химиялық әдістер;
  • биологиялық күрес әдістері.

  • Бұл әдістердің әрқайсысын жеке күрес шаралары ретінде кенелергеде насекомдарға да қолдануға болады. Кешенді түрде зиянкестердің аса қалың аймақтары мен мерзімдерінде қолданылады.

Экологиялық әдістер – зиянды жәндіктердің барлық даму сатыларының өсіп-өніп, жетіліп, көбейіп, таралуына мүмкіндік бермейтін жағдай туғызу. Мысалға, сазды-батпақты аймақтарда мелиорация жұмыстарын жүргізіп, сазды құрғатып, қос қанатты қан сорғыш насекомдардың көбейіп, өсіп-өну ортасын жою, олардың тұқымын құрту. Химиялық әдіс ауылшаруашылығында кеңінен қолданылады. Бұның екі бағыты бар: зиянды кенелер мен насекомдарды сыртқы ортада құрту және жануарларды зиянкестердің жаппай жабылуынан қорғау. Ол үшін қазіргі уақытта көптеген экологиялық қауіпсіз дәрі-дәрмектер шығарылған. Биологиялық әдіс кеңінен өндіріске енгізілуде. Зиянкестердің патогендері мен табиғи жаулары пайдалануда. Бұл салада көп жетістіктер бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет