Презентация тақырыбы: Ұжымдық іс-әрекеттің педагогикалық бағдарлануы


Ұжым теориясы  мен практикасының  қалыптасуы  және дамуындағы А.С.Макаренконың  ролі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#453072
түріПрезентация
1   2   3
Презентация та?ырыбы ?жымды? іс-?рекетті? педагогикалы? ба?дарл

Ұжым теориясы  мен практикасының  қалыптасуы  және дамуындағы А.С.Макаренконың  ролі.

Ұжымды қалыптастыру  барысында  оларға қойылатын  талаптардан  бөлек оның жеке кезеңдерін 



(А.С.Макаренко  бойынша "сатыларын")  бөліп көрсетуге  болады. Әрине,  осы кезеңдердің  арасын  нақты 

уақытша  бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында  ешқандай  шекара  жоқ, солай бола тұрса 

да ұжымды дамытудың  негізгі үш кезеңінің  барлығын  педагогтардың  дұрыс меңгеруі  олардың өздеріне 

оқушы  ұжымын қалыптастыру  бойынша істелетін  жұмыстарды  сауатты  ұйымдастыруға  көмектеседі.

Оқушы  ұжымын дамытудың  бірінші сатысы  әдеттегідей  оқушылардың  нашар 



ұйымдастырылуымен  сипатталады,  балалар  бұл сатыда  алғашқы  ұжымдарға  формальды түрде 

топтастырылады.  Сынып  белсенділері  болмайды, соған байланысты  мұғалім сыныпқа  тиісті 

талаптарды  өзі қояды. Бұл мектепке  немесе  сыныпқа  қайтадан  келген  балалар  жинақталған  "құрама 

сынып"  оқушылары  ұжымының  басты ерекшеліктері.  Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар  бойы 

бірге оқып келе  жатқан  оқушылар  ұжымымен  жұмыс істейді,  бірақ сынып  тәртібі нашар,  көшбасшылар 

формальды түрде сайланады,  бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа  ешқандай  ықпалы  болмайды, 

яғни жалпы  нашар  ұйымдастырушылық  орын алады. Бұл кезеңде  мұғалім сабақта  және сабақтан  тыс 

уақыттарда  оқушыларды  әртүрлі бірігіп атқарылатын  іс-әрекеттерге  араластыру  арқылы  бір-бірін 

(оқушы  мен мұғалім) жақсы  танысуға  күш салуы  тиіс. Сонымен қатар,  ұжымның  қалыптасуы  кезеңінде 

сынып белсенділері  сайлауға,  қайта  сайлауға  дайындалады.  Берілетін  тапсырмалар  кездейсоқтық 

сипатта  болуы мүмкін,  сонымен бірге балалардың  да мүдделері  де ескерілуі  керек.



Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді 

топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің 

түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың 

мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді. 

Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап, өз әрекеттерінің  қоғамдық 



маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі 

және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін 

де білуі керек.

Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің 



мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де 

белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың 

өз-өзін басқаруының  жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен 

айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу 

құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық 

жағдайлар жасалады.

Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері 



тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-

өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?




Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас 

танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың 

бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, 

педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы 

белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие 

болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу 

біліктеріне тікелей байланысты.

Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы 



тарапынан берілуі тиіс.

Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі 



қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орында. 

Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы  жөнінде ұжым алдында есеп берілуі 

қажет.



Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: 



ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс 

(қоғамдық) орындаған жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан 

есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, 

әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы 

тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке 

жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.




Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына 

(Н.К.Крупская, Т.Е.Конникова, А.С.Макаренко, Л.И.Новиков, В.А.Сухомлинский) сүйене отырып, 

мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар 

ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:

1.Мұғалім  іс-әрекетінің  заңдылықтарының,  қозғаушы  күштерінің  және тәрбиелеу  механизмдерінің  объектісі ретінде 



педагогикалық  процестің  мәні мен құрылымы  туралы  теориялық  білім. 

2.Оқушы  ұжымын  қалыптастыру  теориясы  мен тәжірибесі  және оның негіздері  мен даму заңдылықтары  жөнінде 



біртұтас түсініктің болуы.

3.Оқушы  ұжымының  қалыптасу  жағдайы  мен деңгейін диагностикалай  алу,  біртұтас педагогикалық  процестің  негізгі 



көрсеткіштеріне  диагностиканы  негіздей алу,  ұжым дамуын  болжау  үшін диагностикалық  мәліметтерді  пайдалана  алу.

4.Педагогикалық  ықпалдастырудың  негізгі құралдарын  білу және  оларды балалар  ұжымын  қалыптастыру  процесінде 



қолдана алу.

5.Әрбір оқушының  қызығушылығы  мен қабілетіне  сәйкес  жалпы  мақсатқа  (сабақта  және сабақтан  тыс уақытта 



оқушылардың  ықпалдасу  жүйесі) жетуге  бағытталған  оқудағы және  оқудан тыс іс-әрекеттерін  ұйымдастыра  алу.

6.Алғашқы  (сыныптық)  ұжымды қалыптастыруда  мұғалімнің  педагогикалық  жетекшілігімен  ұжымда өзін-өзі 



басқаруды  үйлестіре  алу.

7.Мектепте  және мектептен  тыс уақыттарда  алғашқы  ұжымды басқа ұжым түрлерімен  өзара байланыс  жасауының 



рөлін түсіну.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА 

РАХМЕТ!!! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет