Презентация Тақырыбы: Тілдің коммуникативтік қасиеті. Орындаған:Құдиярова М. М



бет2/3
Дата26.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458651
түріПрезентация
1   2   3
Презентация Сөйлеу мәдениетінен

Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы карым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыста болу секілді мағыналарды білдіреді. Айтулы ұғым адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесінде болатын тілдесу ерекшеліктерін айғақтай отырып, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдык қызметін жан-жақты аңғартады. Осыдан келіп «коммуникабелді» — тез тіл табысатын, түсінісуге, сөйлесуге, бейім, «коммуникабельдік» — түсінушілік т.б. деген сияқты сөздер пайда болған.

Тілдік коммуиикация сөйлесу арқылы ұғынысу, түсінісу, карым-қатынас жасау дегенді білдіреді де адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейді. Қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік акпараттарды әрекетке қосу аркылы ол адамдардың бір-бірімен пікір алмасуына, бірін-бірі байытуына мүмкіндік тудырып, карым-қатынастың сөйлеу, ойлау, түсінісу кеңістігін қалыптастырады.

Тілдік коммуиикация сөйлесу арқылы ұғынысу, түсінісу, карым-қатынас жасау дегенді білдіреді де адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейді. Қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік акпараттарды әрекетке қосу аркылы ол адамдардың бір-бірімен пікір алмасуына, бірін-бірі байытуына мүмкіндік тудырып, карым-қатынастың сөйлеу, ойлау, түсінісу кеңістігін қалыптастырады.

Қазақ тілінің коммуникативтік ерекшелігін зерттеуде адамның дүниетанымы мен қазақ тілінің коғамдық мәнін жете түсінудің маңызы зор. Бұл жалпы дүниеге деген коғамдық-ғылыми көзқарастың негізінде калыптасады. Сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік кеністіктегі қатынас кұралы ретіндегі міндетін анықтайды. Тілдің коммуникативтік қасиеті — оның барлық ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысы әрі бастысы деп айтуға болады.

Мысалы, лингвист-ғалым В.М.Солнцев тілдің аныктамасын әр түрлі кырынан тұжырымдай отырып, оның қасиеті мен ерекшелігін карастыру үшін әуелі аныктаманы да сол тілдің өзгешелігіне қарай корыту керек деген пікір айтады. Ол: «а/ с точки зрения функции языка: язык есть средство общения людей и, как таковое, есть средство формирования, выражения и сообщения мысли; б/ с точки зрения устроиства /механизма/ языка: язык есть иабор некоторых единиц и правил использоваиия этих единиц, т.е. комбинирования единиц; эти единицы «использования этих единиц, т.е. комбинирования единиц; эти единицы «делаются» говорящими в данный момент; в/ с точки зрения существования языка; язык есть результат социального, коллективного навыка «деления» единиц из звуковой материи путем сопрежения некоторых звуков с некоторым смыслом; г/с семиотической точки зрения: язык есть система знаков, т.е. материалъных предметов /звуков/, наделенных свойством обозначать того, существующее вне их самих; д/ с точки зрения информации: язык есть код, с помощью которого кодируется семантическая информация»,- дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет