Презентацияны құру үшін мына жоспар бойынша жұмыс істе: Презентацияны құру жоспары: PowerPoint бағдарламасын іске қос



Дата16.06.2016
өлшемі270.5 Kb.
#139543
түріПрезентация
8-сынып. Информатика. Презентацияларды құру.

Ынталандыру: Еркек киімі көпшілік жағдайда түймеленбейтіндіктен белдік оның негізгі құрамдасы болған. Сырт киімдеріне жататын шапан, тон, ішік, шидем, күпі, шекпен, т.б. сырт киімдерге түйме қадамай-ақ, шалғайларын айқара қауырсынып белге белбеу (белдік) буынып алады.

.

Міндетті тұжырымдау: Төмендегі мәтінді оқып шығып, онын негізінде презентация жасап шық.



Нұсқау:

  1. Презентацияны құру үшін мына жоспар бойынша жұмыс істе:

Презентацияны құру жоспары:

    1. PowerPoint бағдарламасын іске қос

    2. Титульный слайд макетін таңда және оны рәсімде

    3. Создать слайд батырмасына шертіп, Заголовок и объект макетін таңда

    4. Бұл слайдта белдік түрлері туралы қысқаша мәлімет бер.

    5. Создать слайд батырмасына шертіп, тағы бір слайд қос

    6. Бұл слайдта Белдік түрлерін көрсет

    7. Создать слайд батырмасына шертіп, тағы бір слайд қос

    8. Бұл слайдта көркем әшекейленген белдіктер белгілерін көрсет

    9. Презентацияны Белдік түрлері деген атпен сақта.

Қосымша ақпарат көздері: Интернет желісіндегі Белдік түрлер бар сайттарды қара

Модельді жауап

Тапсырма 1



  1. Титулды слайдта презентацияның тақарыбы жазылған және орындаған оқушы туралы ақпарат жазылған. – 2 балл

  2. Екінші слайдта Белдік түрлері анықтамасы және оъбектілер туралы ақпарат жазылған – 2 балл

  3. Белдік түрлері көрсетілген – 2

  4. Белдік белгілері туралы ақпарат көрсетілген – 2

Тапсырма 2

  1. Интернет желісінен Белдік белгілері туралы ақпаратты тапты – 2 балл

  2. Белдік белігілерінің суреттерін тауып, оларды презентацияға қосты – 3 балл



Белгі

Нышаны

Белдік атаулары

Алтын белбеу



Былғарыға алтын шығырға орнатып жасаған өте қымбет белбеу

Алтын емел белбеу



Алтын шапқан, әшекейленген белбеу


Берен белбеу



Қымбат металдан жасалған белбеу


Гауһар кәмәр



Гауһармен сәнденген белбеу

Қамар белбеу



Зерлі, әшекейлі белбеу

Сары ала белбеу



Күміске алтын жалатылған сары ала түсті сәнді белбеу


Шоқ белбеу



Атақты адамдардың әйелдері таққан шашақты, қымбат белбеуін айтқан

Күміс белдік



Былғарыға күмістен шытыралар қондырған белдік.


Сақиналы белдік



Оны-мұны байлап қоюға лайықталған шығыршықты белдік

Спорттық белдік 



Бұл белдік көбіне резеңке, джинсы және басқа да синтетикалық маталардан жасалады.

Былғары белдік 



Таза былғарыдан жасалады

Көркем әшекейленген белдік түрлері:

Алтын белбеу – былғарыға алтын шығырға орнатып жасаған өте қымбет белбеу

Алтын емел белбеу – алтын шапқан, әшекейленген белбеу

Берен белбеу – қымбат металдан жасалған белбеу

Гауһар кәмәр – гауһармен сәнденген белбеу

Зер белбеу – алтынмен әшекейленген белбеу

Қамар белбеу – зерлі, әшекейлі белбеу

Қаптырма белдік – екі ұшы қапсырма арқылы түйісетін белдік, қаптырма белдік

Қаралы белбеу – қара ала оюлы күміс белбеу, мұны кейде кавказ белбеу дейді

Қылышбау – Маңғыстау жағында айтылатын күміс белбеу

Кемер белдік – асыл тасты алтын, күміс жалатқан белбеу

Сары ала белбеу – күміске алтын жалатылған сары ала түсті сәнді белбеу

Сақиналы белдік – оны-мұны байлап қоюға лайықталған шығыршықты белдік

Салпыншақ белдік – әртүрлі салпыншақтар бекітілген белдік

Шоқ белбеу – деп атақты адамдардың әйелдері таққан шашақты, қымбат белбеуін айтқан.

Күміс белдік – былғарыға күмістен шытыралар қондырған белдік.

Белдіктер
Белдікті 4 түрге бөліп қарастыруға болады. Белдікті киген киіміңізбен сәйкестендіріп тағыңыз. 


Спорттық белдік өте аз кездеседі. Бұл белдік көбіне резеңке, джинсы және басқа да синтетикалық маталардан жасалады. Егер де киіміңіз костюм немесе көйлекпен киілген джинса болса, кимегеніңіз абзал. Егер де спорттық түрдегі белдікті джинсымен таққыңыз келсе, үстіңізге

Былғары белдік таза былғарыдан жасалады. Былғары аз ғана өңделіп, шет жағы дөңгелектеніп қиылады. Былғары белдікті тағып көрмес бұрын, қолыңызға алып міндетті түрде тартып көріңіз. Егер де белдігіңіз екі сантиметрден артық созылса, бұл белдік сапасының төмендігін білдіреді. Тартылмаса да болмайды, себебі қатты белдік беліңізді қысып, зақым беруі мүмкін.

 Casual стиліндегі белдік - бұл белдік көбіне джинсыдан жасалған киімдерге арналған. Әртүрлі материалдардан дайындалуы да мүмкін. Әр түрлі формада жасалынған белдіктің айылбасы casual стиліндегі белдікті ерекшелеп тұратын жері болып табылады. Белдіктің ені 2-6 сантиметр аралығында болып табылады. 



 

Классикалық шалбарға арналған белдіктер  жоғары сапалы таза былғарыдан жасалады. Белдік жаны дөңгелектеніп кесіліп, тегіс тігісті болады. Айылбасы бір түсті металдан жасалынады. Белдіктің ені 4-5 сантиметр аралығында болып келеді.



Түпнұсқа былғарыны көшірмеден қалай ажыратуға болады?

Былғары белдікті көшірмеден ажырату қиынға түспейді, бар болғаны белдің ең шеткі бөлігіне көңіл бөліңіз. Көшірме белдікте шеткі бөлігі жинақы түрде тігіліп қойылады. Кесілген бөлікті таба алмайсыз. Шынайы былғарыны тігіп жатпайды, жай ғана дөңгелектеп кесіп қояды. Тағы бір атақты әдісі белдіктің бір бұрышын отпен жағып көріңіз. Түпнұсқа былғары өртенбейді.



 

Белдік таңдауда ескеріңіз:

1. Белдігіңізде көптеген бөлшектер болса, күнделікті киілетін белдіктер қатарына жатады.

2. киімге тоқыма белдік киюге болады, бірақ, іскер стилінде киінетін болсаңыз, бұл белдіктен бас тартыңыз.

3. Былғары қоспасы бар жұмсақ белдіктер классикалық стильге сәйкес келмейді.

4. Егер бай отбасыдан екендігіңізді көрсеткіңіз келсе, атақты брендтердің логотипі бар айылбас қолдансаңыз болады.

5. Байсалды жігіт ретінде көрінгіңіз келсе, 4-5 сантиметр ені бар белдіктер тағыңыз.


6. Белдік костюмге немесе шалбар түсіне емес, аяқ-киім түсіне сәйкестендіріп алынады.

7. Классикалық стильдегі шалбар кисеңіз, міндетті түрде белдікті тағыңыз.

 Информатика пәнінің мұғалімі: Бижанов Т А





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет