- Ұйымдастыру әдісі бойынша:
- Периодтық процестер дегеніміз берілген уақытта аппараттарға бастапқы материалдар салынады; оларды өндегеннен кейін аппараттардан пайда болған заттар шығарылады. Аппараттаң заттар шығарылғаннан кейін процесс қайталанады. Сипаттамасы: периодты процестің барлық кезеңдері бір аппаратта, бірақ әртүрлі уақытта өтеді.
- Үздіксіз процестер ағынды аппараттарда жүзеге асырылады.Бастапқы материалдардың аппаратқа толтырылуы және соңғы өнімнің аппараттан алынуы бір мезгілде және үздіксіз өтеді. Сипаттамасы оның барлық кезеңдері бір мезгілде, бірақ кеңістікте бөлінген, яғни бір аппараттың әртүрлі бөліктерінде немесе бір құрылғыны құрайтын әртүрлі аппараттарда өтеді.
- Сонымен бірге аралас процестер де белгілі. Оларға жеке кезеңдері периодты өтетін үздіксіз процестер немесе бір не бірнеше кезеңдері үздіксіз өтетін периодты процестер өтеді.
Үздіксіз процестің артықшылығы: - Үздіксіз процестің артықшылығы:
- Өнімді шығаруға және апаратты толтыруға уақыт кетпейді.
- Жеңіл автоматты реттеу және толық механикаландыру мүмкіндігі
- Өткізу тәртібінің тұрақтылығы, өнім сапасының жоғары тұрақтылығы
- Құрылғының жинақтылығы
- Келтірілетін және шығарылатын жылуды толық қолдану.
Тағы бір айырмашылығы, аппараттағы орта бөлшектерінің келу уақытының таралуы. Мысалы, периодты аппаратта ортаның барлық бөлшектері бір мезгілде болады, ал үздіксізде өзгеше. Осыған байланысты үздіксіз аппараттардың екі теориялық үлгілері бар: идеалды ығыстыру және идеалды араластыру. - Тағы бір айырмашылығы, аппараттағы орта бөлшектерінің келу уақытының таралуы. Мысалы, периодты аппаратта ортаның барлық бөлшектері бір мезгілде болады, ал үздіксізде өзгеше. Осыған байланысты үздіксіз аппараттардың екі теориялық үлгілері бар: идеалды ығыстыру және идеалды араластыру.
Идеалды ығыстыру аппараттарында барлық бөлшектер берілген бағытта жылжиды, олар алдыда және артта жылжып келе жатқан бөлшектермен ағынның толығымен ығыстырады. Барлық бөлшектер мұндай аппараттың барлық көлемінде бір текті таралған және қатты поршеннің қозғалысы кезінде әрекет өтеді. Идеалды ығыстыру аппараттарында барлық бөлшектердің келу уақыты бірдей. - Идеалды ығыстыру аппараттарында барлық бөлшектер берілген бағытта жылжиды, олар алдыда және артта жылжып келе жатқан бөлшектермен ағынның толығымен ығыстырады. Барлық бөлшектер мұндай аппараттың барлық көлемінде бір текті таралған және қатты поршеннің қозғалысы кезінде әрекет өтеді. Идеалды ығыстыру аппараттарында барлық бөлшектердің келу уақыты бірдей.
- Идеалды араласу аппараттарында түскен бөлшектер бірден аппараттың ішіндегі бөлшектермен араласып кетеді, яғни аппарат көлемінде бір келкі таралады. Нәтижесінде көлемнің барлық нүктелерінде процесті сипаттайтын параметр мәндері тез арада теңеледі. Идеалды араласу аппараттарында бөлшектердің келу уақыты біркелкі емес.
- Нақты (реалды) үздіксіз әрекет етуші аппараттар аралық типті аппараттарға жатады. Бұларда бөлшектердің келу уақытының таралу әлдеқайда идеалды араласу аппараттарына қарағанда біркелкі, бірақ идеалды ығыстыру аппараттарындағыдай ешқашан теңеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |