27
қысымның әсерінен пайда болатын қысымдар айырмасы арқылы өткізуге
болады.
2) Егер де суспензия сүзгіге поршенді насостар көмегімен берілсе, онда
сүзу процесі тұрақты жылдамдықта (
w=const) өтеді,
себебі электр
қозғалтқыштың тұрақты айналу санында насостың өнімділігі тұрақты болады.
Бұл кезде жоғарыда көрсетілгендей тұңба қабатының кедергісі көбеюіне
байланысты қысымдар айырмасы көбейеді.
3) Егер де суспензия сүзгіге центробежді насостар көмегімен берілсе,
онда сүзу процесі оның жылдамдығының және қысымдар айырмасының
өзгеруінде өтеді, себебі электроқозғалтқыштың
тұрақты айналу санында
насостың өнімділігі тұңбаның кедергісі көбейген сайын азаяды.
Өңдірісте сүзу процесін төмендегі қысымдар айырмасында өткізеді:
- суспензияның гидростатикалық қысым әсерінен –
∆Р < 0,05 М а;
- вакум әсерінен –
∆Р < 0,05 + 0,09 М а;
- қысылған газ әсерінен –
∆Р < 0,05 – 0,3 М а;
- суспензия поршенді және центробежді насос көмегімен берілсе –
∆Р <
0,5 М а.
Тұңба пайда болу жолымен сүзу процесі суспензиядағы қатты бөлшектер
концентрациясы жоғары (көлем бойынша 1%-дан көп) болған кезде
қолданылады. Сүзу бөгеттерінің кеуектерін бітеу арқылы сүзу процесін
мүмкіндігінше аз қолданады, себебі процестер кейін
бөгеттердің кеуектерін
тазалау өте қиын.
Сүзу бөгеттері кеуегінің өте майда бөлшектермен бітеліп қалмауы үшін
суспензияға өте дсиперсті заттар (активті көмір, асбест, целлюлоза және т.б.)
Бұл заттар сүзу бөгеттерінің бетінде қалып, кеуектердің бітелуіне кедергі
жасайды.
Сүзу бөгетінің бетінде пайда болған тұңбалар
сығылмайтын және
сығылатын болып бөлінеді. Сығылмайтын
тұңбалардың бөлшектер
арасындағы кеуегінің өлшемі (кеуектілігі) қысымдар айырмасы көбейгенде
өзгермейді. Сығылатын тұңбалардың кеуектілігі азайып, олардың сүзінді
ағынына кедергісі қысымдар айырмасы көбейгенде көбейеді.
Сығылмайтын тұңбаларға құм бөлшектері, кальций кабонаты мен натрий
бикарбонаттары жатады. Ал сығылатын тұңбаларға металдар оксидтерінің
гидраттары жатады.
Сүзу процесінде негізгі керекті өнім сүзінді немесе тұңба болуы мүмкін.
Егер де
тұңба болса, онда сүзінді қалдықтарын шығару үшін оны басқа
сұйықпен жуады, сосын ауамен немесе инертті газбен үрлейді және құрғатады.
Достарыңызбен бөлісу: