Процестері мен аппараттары


 Араластыру процесінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет15/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
procester men apparattar

 
2.5 Араластыру процесінің сипаттамасы 
Қоғамдық тамақтануда араластыру процестерін көптеген мақсаттар үшін 
қолданады. Жалпы айтқанда, бұл мақсаттарды келесідей сипаттауға болады: 
біртекті және біртекті емес сұйық жүйе алу мақсатымен араластыру. Сонымен 
бірге сұйықтықты сұйықтықпен, сұйықтықты қатты затпен, сұйықтықты газбен 
араластыру; гетереогенді жүйені сақтау және қатпарланудың, тұнба түзілу 
немесе жеңіл фракциялардың қалқуының алдын алу мақсатымен араластыру; 
жылу және масса алмасу процестерді қарқындату мақсатымен араластыру 
жүргізілуі мүмкін. 
Араластыру процесінің тағайындалуына қарамастан, оны жүзеге 
асырудың жалпы заңдылықтары бірдей болып қалады. 
Араластырудың барлық процестерін төрт негізгі типке бөлуге болады:
- механикалық араластыру; 
- пневматикалық араластыру; 
- айналымды араластыру; 
- жасанды турбуленттеу құру жолымен ағында араластыру. 
Механикалық араластыру белгілі бір сыйымдылықтарда орналасқан және 
сыйымдылықтың ішіндегі компонеттерді, туындайтын сұйықтықтың айналысы 
есебінен, араластыруды жүзеге асыратын айналу қозғалысын жасайтын әр түрлі 
араластырғыштарды қолдануға негізделген.
Қазіргі таңда көптеген араластырғыш құрылымының типтері белгілі, 
сонымен қатар осы типтедің әрқайсысының жүздеген түрлері бар. 
Араластырғыш типтерін жүйелендіру мақсатымен олардың негізгілерін бөледі: 
бір қалақшалы, көп қалақшалы, пропеллерлі, зәкірлі, турбиналы, жақтаулы, 
шнекті. 
Араластырғыштардың әр типі белгілі бір қолдану саласына ие. Қалақты 
және жақтаулы араластырғышты аз тұтқырлы сұйықтықтарды, пропеллерлі – 
тұтқырлығы біркелкі сұйықтықтарды, турбиналы – тұтқыр емес және тұтқыр 
жүйелерді, зәкірлі және шнекті – тұтқырлығы жоғары және созылымды 
жүйелерді араластыру үшін қолданады. 
Әр түрлі араластырғыштарды салыстыру және араластыру процесін 
талдау кезінде түрлендірілген ұқсастық критерийлерін пайдаланады. 
Рейнольдс критерийі аралстыру процесі кезінде келесі түрге ие болады: 
Re
м
=nd
2

(51) 
мұнда, n – араластырғыштың айналу жиілігі, с
-1
; d – араластырғыштың диаметрі, м; ν 
– араластырылатын сұйықтық жүйесінің кинематикалық тұтқырлық коэффициенті, м
2
/с. 
Түрлендірілген Фруд критерийі араластыру процесі үшін келесі түрде 
берілуі мүмкін: 


31 
Fr=n
2
d/g 
(52) 
мұнда, g – еркін құлау үдеуі, м/с
2

Түрлендірілген Эйлер критерийі келесі түрде болады: 
Eu
м
=Δp/ρ (nd)
2
(53) 
мұнда, Δp – араластырғыш қалақтарының алдыңғы (ағынның түсу жағынан) және 
артқы жазықтары арасындағы қысым айырмашылығы, Па; ρ – араластырылатын орта 
тығыздығы, кг/м
3

 
 невматикалық араластыру сұйықтық жүйесі немесе оның басқа 
компонеттермен қоспасы арқылы ауаны немесе қандай да бір газды өткізеді. 
Тұтқыр сұйықтықтарды ауаны немесе газды барботирлеу әдісімен 
араластыру қиындық тудырады. Сондай-ақ құрамында май немесе оттегімен 
реакцияға түсетін басқа да заттар бар сұйықтық жүйелерін ауамен араластырға 
болмайды. 
Пневматикалық араластыруды, араластыру ілеспе немесе қарқындату 
процесі болып табылғанда қолданған жөн. Мысалы, бидайды және жарманы 
суға салу немесе жуу кезінде ауаны барботирлеу есебінен араластыру тиімді. 
Айналымды араластыру сұйықтық жүйесін көп мәрте «сорғы-
сыйымдылық» тұйық кезеңі бойынша сорғы арқылы өткізуге негізделген. 
Сорғы ретінде ортадан тепкіш және сорғалаған сорғылар қолданылуы мүмкін.
Араластырудың бұл түрін тұрақты эмульсия және суспензия алу қажет 
болған жағдайда қолданады. Ол газдалған сусындарды алу мақсатымен 
сұйықтықтың сатурациясы үшін кең пайдаланылады.
Эмульсияны және суспензияны алу үшін айналымды араластыруды 
көбінесе периоды кезең бойынша жүргізеді. Сатурацияны периодты кезең 
бойынша да, үздіксіз кезең бойынша да жүзеге асыруға болады. 
Жасанды турбуленттеу құру жолымен ағында араластыруды бір 
сұйықтық екіншісінде жақсы еріген кезде қолданады. Сонымен бірге 
араластыру камерасында жоғары жылдамдықтарды қолдау қажет және 
сұйықтықтар тұтқыр болмауы тиіс. 
Араластырғышта араластырылатын сұйықтықтар, қимасы тұрақты болып 
қалатын, түсетін ағын бойынша қозғалады. Араластыру, ағынның қарқынды 
турбуленттену туындауына әкелетін қозғалыс бағытының көп мәрте өзгеруі 
есебінен жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет