Процестері мен аппараттары


 Сусыма материалдарды араластыру және бөлу



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
procester men apparattar

2.7 Сусыма материалдарды араластыру және бөлу 
Бұл процестерді құрамы бойынша біртекті жүйелер мен қоспаларды алу 
үшін қолданады. Құрамы және арасынағы компоненттердің таралуы ұқсас әр 
көлем бірлігіндегі қоспалар біртекті деп есептеледі. 
Сусыма материалдарды араластыру қоғамдық тамақтануда әр түрлі ұннан 
жасалған өнімдерді, винегреттерді, салаттарды дайындау кезінде, уақталған 
жаңғақтар, сүт қосылған кофе қоспаларын алу кезінде, жаңғақ немесе мейіз 
қосылған сүзбелі ақ ірімшіктерді, бәліштерге арналған жұмыртқа-көкөніс 
салынды және т.б. дайындау кезінде кең қолданылады. 
Бұл процестерді аналиткалық жолмен анықтау қиындық тудырады. Ол 
қатты, сусымалы және кесек тәрізді материалдарды араластыру процестерінің 
кең таралғанына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін жетілдірілген араластыру 


35 
теориясының болмауымен түсіндіріледі. Сусымалы жүйелерді араластырудың 
кейбір жалпы теориялық алғышарттарына тоқталайық. Профессор Г.А.Кук 
араластырудың ұзақтығын анықтау үшін келесі теңдеуді келтіреді: 
dx/dτ=K (x
1
-x
2

(54) 
мұнда, К – нақты шарттар үшін сараптамалық анықталатын тұрақты параметр; x
1
, x
2
– 
берілген көлемде негізгі компонеттердің бастапқы және соңғы шоғырлануы, %; τ – 
араластыру ұзақтығы, с. 
Сұйық жүйелерді араластыру кезіндегідей, сусымалы материалдарды 
араластыру кезінде араластыру қарқындылығы және дәрежесі маңызды. 
Сонымен қатар, материалдарды араластыру процесінің тиімділігін анықтау 
үшін компоненттерді таратудың біртектілік және әртектілік дәрежесін 
көрсететін коэффициенттерді қолданады: 
β
0
=(x
нк
- ∆х)/х
нк
=1 - ∆х/х
нк 
(55) 
β
р
=∆х/х
нк 
(56) 
мұнда, β

- компонеттерді таратудың біртектілік дәрежесінің коффициенті; х
нк 
– негізгі 
компонеттердің бастапқы шоғырлануы; ∆х – сынамадағы негізгі компоненттің оның 
бастапқы шоғырлануынан ауытқуы; β
р 
- компонеттерді таратудың әртектілік дәрежесінің 
коффициенті. 
Қандай да бір көлемде екі сусымалы компонент араластырылады деп 
болжасақ. Олардың біреуі негізгі болады. Біршама уақыттан кейін қоспаның і 
нүктесінен бір уақытта екі сынама аламыз. Сынамалар үшін негізгі 
компоненттің шоғырлануы х
1
, х
2
, х
3
, х
4
, х
і
болады. Мінсіз араластыру кезінде 
барлық сынамалардағы негізгі компоненттің шоғырлануы х
нк 
құруы тиіс. 
Сынамалардағы негізгі компонент шоғырлануының ауытқуы ∆х
1
= х
нк 
– х
1
; ∆х
2

х
нк 
– х
2
; ∆х
3
= х
нк 
– х
3
; ∆х
4
= х
нк 
– х
4
; ∆х
і
= х
нк 
– х
і
құрайды. 
Мінсіз араластыру кезінде ауытқулар нөлге тең. Сонымен қатар β
0
=1, ал 
β
р
=0. 
Араластырғыштар әр алуандығымен сипатталады. Оларды периодты және 
үздіксіз әрекет ететін аппараттар деп бөледі. Құрылымы бойынша қалақты, 
шнекті, барабанды араластырғыштар болады.
Қалақтар әр түрлі құрылымды және өлшемді болады. Оларды аппаратқа 
тік немесе көлденең қояды. 
Барабанды араластырғыштар кең таралған. Араластырғыштардың 
барабандары әр түрлі пішінді: цилиндр, текше, конус және т.б. 
Барлық барабанды араластырғыштардың жұмыс істеу принципі ұқсас. 
Барабанға араластырылатын материалды енгізіп, барабанды айналу 
қозғалысына келтіреді. Барабанды араластырғыштағы араластыру процесі ұзақ 
уақыт ішінде, жеке жағдайларда 8-10 сағатқа дейін жүзеге асырылады. 


36 
Қалақты және барабанды араластырғыштар периодты әрекет ететін 
аппараттарға жатады. Бұл топқа жалған сұйылу принципі бойынша жұмыс 
істейтін сусымалы материалдарды араластыруға арналған аппараттар жатады. 
Олар жұмыста едәуір тиімді. Жалған сұйылу принципі бойынша үздіксіз әрекет 
ететін араластырғыштардың кейбір типтері жұмыс істейді. 
Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында сусымалы 
материалдарды араластыруға арналған үздіксіз әрекет ететін аппараттар 
пайдаланылады.
Каскадты араластырғышта араластырылатын материалдар қабылдау 
бункеріне түседі, ол жерде олар алдын ала араластырғышпен араластырылады. 
Кейін материалдар шағылдырғышқа және аралық бункерге түседі. 
Шағылдырғыш және аралық бункер арқылы бірнеше рет өту, сусымалы 
материалдардың жеткілікті түрде тиімді араластыруына әкеледі.
Ленталы араластырғышта материал бірінші науа тәрізді бункерден бір 
қабатты себілгіш зат түрінде, сондай-ақ оған екінші бункердегі материал да 
себілгіш зат түрінде таратылады. Сонымен бірге лентада әр түрлі 
материалдардан бір қабат түзіледі. Лентадан шығып, конус тәрізді бункерге 
түскен кезде материалдардың араластырылуы жалғасады, араластырғыштың 
болуы оған ықпал етеді.
Соңында, шнекті араластырғышта сусымалы материалдар бір уақытта 
тиеу бункеріне түседі. Бұл жерде алдын ала араластыру жүргізіледі. Соңғы 
араластыруға материалды шнектермен аралстыру кезінде жетеді. Тиімді 
араластырылған өнім түсіру каналы арқылы шығады. 
Соңғы жылдары тағамдық өнеркәсіпте және қоғамдық тамақтануда 
сусымалы материалдарды араластыру процестерін қарқындату үшін тербелмелі 
техниканы қолдана бастады. 
Тербелмелі араластырғыштарда процесс жүргізілетін сыйымдылық 
тербеліске ұшырайды. Тербеліс жиілігі, мысалы, тураманы шпикпен 
араластыру кезінде 10-20 Гц құрайды, тербеліс амплитудасы 2-5 мм аралағында 
ауытқиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет