42
11-сурет. Ұнтақтағыштардың принципиалды сызбасы
а – жақты:
1 – қозғалмалы жақ;
2 – қозғалмайтын жақ; 3 – материал.
б – конусты (гирациялық):
1 – қозғалмалы жақ;
2 – қозғалмайтын жақ; 3 – материал.
в
– вальцты (білікті);
г – балғалы:
1 – балғалар; 2 – електік белдік; 3 – дайын өнімге арналған
келте құбыр;
д – дезинтегратор;
е – коллоидты диірмен;
ж – тас диірмен;
з – жүгіргіштер;
и –
шарлық;
к – терка;
л – ағынды.
3.3 Ұсақтаудың мәні мен міндеті
Жалпы түрде ұсақтау процесін қандай да бір қатты (немесе шартты түрде
қатты) материалды бөліктерге бөлу ретінде анықтауға болады.
Кез келген
ұсақтау процесі бастапқы материалдың қоршаған ортамен байланысының
артуымен, материалдың көлемін сақтау және материалдың бөліктері немесе
бөлшектерінің артуымен қоса жүреді.
Жиі дезинтеграция процесі деп аталатын әр түрлі шикізаттар мен
материалдарды ұсақтау процесі шаруашылықтың көптеген салаларында кең
таралған. Қоғамдық тамақтануды ұсақтауды келесі мақсаттар үшін жүзеге
асырады: шикізатты
тағамды пісіруге дайындау, өнімді талап етілетін
консистенцияға жеткізу, өнімді порциялау, шикізат және тағам қалдықтарын
кәдеге жарату.
43
Қоғамдық тамақтануда пайдаланылатын өнімдердің біраз бөлігі ұсақтау
кезінде жеңіл деформацияланады және жоғары ылғалдылыққа ие болады: ет,
нан,
көкөністер, балық және т.б. Бұл өнімдер шартты түрде қатты тобына
жатуы мүмкін.
Бастапқы материалдың және соңғы өнім кесектерінің өлшемдеріне
байланысты ұсақтауды екі негізгі түрге бөледі: уақтау және тарту. Уақтау
(дробление) – ірі кесектерді, ал тарту (помол) – ұсақ кесектерді ұсақтау процесі.
Уақтау және тарту өз кезегінде бірнеше кластарға бөлінеді.
Шикізатты, өнімдерді және материалдарды ұсақтау процесін сипаттау
үшін сызықтық және көлемді ұсақтау дәрежесін анықтауды қолданады.
Ұсақтаудың сызықтық дәрежесі келесі қатынасты құрайды:
i= d
н
/d
к
(62)
мұнда, і – ұсақтаудың сызықтық дәрежесі; d
н
– бастапқы материал кесектерінің өлшемі,
м; d
к
– ұсақталған материал кесектерінің (бөлшектерінің) өлшемі, м.
Ұсақтаудың көлемді дәрежесі келесі формула бойынша анықталады:
a=i
3
= d
н
3
/d
к
3
(63)
мұнда, а – ұсақтаудың көлемді дәрежесі.
(62) және (63) формулаларда бастапқы
және ұсақталған материал
кесектерінің өлшемдері астында келесі формуламен анықталатын олардың
орташа сызықтық өлшемін сипаттайтын оларды анықтайтын өлшемдері жатыр:
d
cp
=
(64)
мұнда, l – кесектің максималды ұзындығы; b – максималды ені; h – максималды
биіктігі, м.
Оларға ұсақтау процесін жүргізудің негізгі кезеңдері кіреді. Оларды ашық
және тұйық деп бөледі.
Өз кезегінде, ұсақтаудың ашық кезеңдері екі типті
болады: қарапайым ашық және алдын ала сұрыптау арқылы ашық.
Қарапайым ашық кезеңде ұсақтау өнімнің ұсақтағыш арқылы бір рет өтуі
кезінде жүреді.
Бастапқы материалды алдын ала сұрыптау арқылы ашық кезеңде оның
ұсақ кесектері ұсақтағыштан өтпей, бірден елеуіште сұрыпталады және
ұсақталған өнім жинағына түседі. Бұл кезең қарапайым ашық кезеңге қарағанда
артықшылыққа ие. Ұсақ бөлшектер ірілермен бірге ұсақтағышқа түскенде,
оларды шарасыз ұсақтауға энергия жұмсалмайды.
Тұйық кезеңдер де екі типті болады: қатар қолданылатын алдын ала және
байқау сұрыптау арқылы тұйық кезең және байқау
сұрыптау арқылы тұйық
кезең.
44
Бірінші жағдайда ұсақтағышқа тек елеуіш арқылы өтетін кесектер түседі.
Ұсақтаудан кейін өнім қайтадан елеуішке түседі, ол арқылы ірі кесектер
өтпейді. Екіншісінде, энергетикалық жағынан пайдасы төмен жағдайда,
ұсақтағышқа барлық бастапқы өнімдер және оның елеуіштен өтпейтін ірі
кесектері түседі. Елеуіштің болуы берілген өлшемдерге
сай ақырғы өнімді
алуға мүмкіндік береді. Тұйық кезең бойынша ұсақтауды жиі тарту кезінде
пайдаланады.
Ұсақтау әдістері: басу, жару, сындыру, кесу, арамен кесу, майдалау, соққы
көмегімен ұсақтау деп бөлінеді.
Басу кезінде F күшімен туындайтын басу плитасына жүктемесінің әсерімен
барлық көлемі бойынша материал деформацияланады. Сонымен бірге ондағы
ішкі кернеу бірітіндеп көтеріледі. Ішкі кернеудің шектен тыс көтерілуі кезінде
материалды қысу беріктігі бұзылады. Сондай-ақ әр түрлі өлшемді және пішінді
бөлшектер түзіледі.
Жару процесі материаллдың F күші әсер ететін сына тәрізді жұмыс
элементімен түйісу орындарында жүктемелердің біраз бөлігінің шоғырлануы
есебінен жүзеге асырылады.
Сындыру процесі иіліс күштерінің әсері есебінен жүзеге асырылады.
Алынатын бөлшектердің өлшемдері мен пішіндері
жару процесінде алынатын
бөлшектердікіне ұқсас.
Кесу процесі ұсақталатын материалдарға белгілі бір бұрыш арқылы
бағытталған жүздермен (пышақтармен) жүзеге асырылады. Сонымен қатар
пышақтар жазықтықта, параллель материалды бөлу жазықтығында қозғалыс
жасайды. Кесу кезінде материалды алдын
ала таңдалған өлшемдер мен
пішіндерге сай ұсақтауға болады.
Тістері өзімен пышақты құрайтын араны қолдану арқылы
арамен кесу
жүзеге асырылады. Ұсақталатын материалды басу, сондай-ақ араны ұсақтау
жазықтығында ауыстыру жолымен ара әсер етеді. Арамен кесу процесі оңай
басқарылады, бұл талап етілетін өлшемді кесектерді алуға мүмкіндік береді.
Майдалау процесі жіңішке және коллоидты тарту кезінде қолданылады.
Бұл процесс тірек және басу плиталарының
қарама-қарсы жаққа орын
алмасуының әсерінен туындайтын күштердің материалға әсерімен жүзеге
асырылады. Басу плитасына F күші сыртқы әсер етеді.
Соққы арқылы ұсақтау екі нұсқада жүзеге асыырылуы мүмкін: қандай да
бір қатты соғу құралымен және ұсақталатын материалдың тірек плитасының
қатты бетімен соқтығысуы есебінен еркін соққымен.
Достарыңызбен бөлісу: