Процестері мен аппараттары


 Пресстеудің мәні мен міндеті



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
procester men apparattar

3.4 Пресстеудің мәні мен міндеті 
Пресстеудің мәні өнімге оның қасиетінің өзгеруі жүретін қысым әсер 
етуінде жатыр.
Механикалық процестердің ішінде пресстеу процесі аралық орын алады. 
Пресстеу біртекті жүйені құру үшін де, оларды бөлу үшін де қолданылады.
Тағамдық өнеркәсіпте және қоғамдық тамақтануда пресстеуді келесі 
түрлерге бөледі: құрамында ылғал бар өнімдерден сұйықтықты бөлуге арналған 
сығу; өнімдерге, жартылай фабрикаттарға белгілі бір геометриялық пішін 


45 
беруге арналған формалау және қалыптау; тығыз агрегаттарға сусыма 
материалдарды немесе қандай да бір бірікпеген бөлшектерді нығыздауға 
арналған пресстеу және брикеттеу; пресстеу және қыздыру өнімдеріне бір 
уақытта әсер етуге арналған экструзия. 
Қоғамдық тамақтануда сығу екі түрлі мақсатпен жүргізіледі. Біріншіден, 
қатты өнімнен сұйықтықты құнды компонент ретінде бөлу үшін. Әдетте, осы 
әдіспен кисель, мусс және тұздық дайындауға арналған әр түрлі шырындарды 
алады.
Екіншіден, қатты өнімнен сұйықтықты құндылығы төмен компонент 
ретінде бөлу үшін. Мысалы, кейбір аспаздық бұйымдарды ірімшіктен дайындау 
кезінде одан сарсуды бөлу. 
Осылайша, сығу – құрамында сұйық фракциялары бар қатты жүйелерді 
бөлудің типтік процесі. Бір уақытта ол біртекті жүйелердің түзілу процесі 
болып табылады, себебі нәтижесінде брикет пішініне ие біртекті нығыздалған 
қатты қалдық және біртекті сұйықтық алады. 
Қоғамдық тамақтануда формалау және қалыптау жиі кондитерлік 
бұйымдарды және қамырдан өнімдерді дайындау, сондай-ақ котлет дайындау 
кезінде және т.б қолданылады. Бұл процесте жүйені бөлу жүрмейді. Формалау 
және қалыптау процестеріне формалау және материалдың құрылымының 
өзгеруі жүретін экструзия жатқызылуы мүмкін. 
 ресстеу және брикеттеуді өндіріс үшін, мысалы, пісіруден кейінгі 
жеке кесектерден жасалған формаланған ет өнімдерінің өндірісі үшін, сондай-
ақ шикізат және тағам қалдықтарынан брикеттер үшін қолданады. Осы 
процестердің нәтижесінде брикеттер, плиталар түріндегі біртекті массаны 
алады. 
Нәтижесінде талап етілетін пішінді өнімді алатын, кескіндейтін 
бастиектер арқылы материалды қыспақтау процесі экструзия деп аталады. 
Сонымен бірге, материал сәйкес температура және қысымда қыспақталуы 
қажет. Қысым арнайы пресстеу құрылғыларында құрылады. 
Тағамдық өндірісте және қоғамдық тамақтануда экструзияны кең 
қолданады. Бұл процестің көптеген өнімдердің өндірісі кезінде келешегі зор. 
Экструзия көмегімен алынатын өнімдер жоғары нәрлі қасиеттерге ие, аз 
тығыздығы төмен, ылғал тартқыштығы және сынғыштығы жоғары. Олар адам 
ағзасымен жақсы сіңіріледі. Көкөністер, ұннан жасалатын бұйымдар экструзия 
кезінде булауға (бланширование) ұшырайды, ол қышқылдандыратын 
процестерді және олардың бұзылуын тоқтатады. 
Экструзиялық процестерге мысал ретінде пісіруді талап етпейтін 
аспаздық тұздықтардың концентраттарын дайындауды алуға болады. 
Тұздықтарды жылулық өңдеу пресстеумен бірге жүргізіледі. 
Бұл аппараттар сан алуандығымен сипатталады: тағайындалуы арнайы 
пресстер, тағайындалуы әмбебап пресстер. Төменде тек негізгі пресстер 
қарастырылған.
Тағайындалуы арнайы пресстерге гидравликалық пресстерді жатқызады. 
Пресстеуге жіберілетін материал үлкен цилиндрдің поршені ықпалын тигізеді, 
онда Паскаль заңының негізінде, шағын цилиндрдегідей қысым пайда болады. 


46 
Шағын цилиндрдегі поршенге жиынттық ықпалы тең болады: 
Р
ш
=πd
1
2
p/4
(65) 
мұнда, р – қысым, Па; d
1
– шағын цилиндрдің диаметрі, м. 
Сәйкесінше, үлкен цилиндрдегі поршенге жиынттық ықпалын келесі 
формула бойынша анықтауға болады: 
Р
ү
=πd
2
2
p/4
(66) 
мұнда, d
2
– үлкенцилиндрдің диаметрі, м. 
(65) және (66) формулалардың негізінде үлкен және шағын цилиндрлерде 
қысым күштерінің қатынасын (жиынттық ықпалын) келесі түрде жазуға 
болады: 
Р
ү

ш
=d
1
2
/ d
2
2
(67) 
Сығу үшін әр түрлі шнекті пресстерді қолданады. Шикізат тиеу 
бункерінен ішінде шнек айналатын тесілген конусқа түседі. Шикізаттан 
бөлінетін сұйықтық шнектің әсерінен туындайтын күштің әсерінен корпустың 
төменгі бөлігінде жиналады және келте құбыр арқылы шығады. Шнек әсерінен 
туындайтын күштің шамасы тесілген конус және реттегіш тығын арасындағы 
саңылау өлшемімен реттеледі. Саңылау кішкентай болған сайын, туындайтын 
күш жоғары болады. Осы сағылау арқылы сығылған (құрғатылған) өнім 
шығады. 
Сығуды орындай алатын формалау аппараттарының ішінде барабанды 
түрлері кең таралған. Формаланатын материал (қамыр) қабылдау жаймасынан 
қабылдайтын барабанмен алынады. Одан әрі оған қалыптау барабаны әсер 
етеді, онда сурет қалпы салынған. Бағыттайтын барабанмен сурет салынған 
материал дайын өнімге арналған жаймаға беріледі. 
Әр түрлі нан-тоқаш бұйымдарын дайындау үшін ленталық формалау 
аппараттарын кең қолданады. Сондай-ақ олар жұқарту (прокаточный) деп 
аталады. Формаланатын өнімді бір–біріне қарама-қарсы қозғалатын 
ленталардың (ленталық транспортер) арасынан өткізеді.
Экструзия процестерін жүзеге асыру үшін әр түрлі экструдерді қолданады. 
Экструзияланатын өнімді бункерге енгізеді. Енгізу аймағында цилиндр 
салқындататын су үшін қуыстарға ие. Бункерден өнімді өнімді қыздыратын, сол 
жағына ыстқы су түсетін бұрамдық (червяк) алады. Цилиндр де электрлік 
қыздырғыштардың есебінен қызады. Қызған немесе тіпті ерітілген өнім 
бұрамдықпен торлар арқылы өтеді және формаланатын канал өтетін бастиекке 
түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет