4.4 Конденсация және суыту процестерін зерттеу
Конденсацияны қабырғамен бөлінген суытатын жылутасығыш көмегімен
конденсияланатын заттан жылуды алып кету кезінде немесе суытатын
жылутасығышпен (сумен) конденсияланатын буларды тікелей араластыру
кезінде жүргізуге болады. Бірінші жағдайда беттік конденсация, ал екіншіде –
араласу конденсациясы жүреді.
Конденсация кезінде бөлінетін жылу саны мына формула бойынша
анықалады:
Q = Dr
(72)
мұнда, D – конденсияланатын бу массаы, кг; r – конденсация жылуы, кДж/кг.
Мысалы, атмосфералық қысым кезінде 1 кг сулы будың конденсациясы
кезінде 2264 кДж жылу бөлінеді.
Беттік конденсация беттік конденсаторлар деп аталатын жылу
алмасқыштарда жүзеге асады.
Қыздырылған буды сумен конденсациялау процесін қарастырайық.
Процестің жылулық балансы:
Di + Wc
с
t
с.б.
= Dc
к
t
к
+ Wc
с
t
с.с
+ Q
ш
(73)
мұнда, D – конденсаторға түсетін будың массалық шығыны, кг/сағ; і – будың үлестік
энтальпиясы, кДж/кг; c
с
және c
к
–
сәйкесінше конденсат пен судың үлестік
жылусыйымдылығы, кДж/(кг∙К); t
с.б.
және t
с.с
– сәйкесінше судың бастыпқы және соңғы
температурасы,
0
С;
t
к
– аппараттан
шығу кезіндегі конденсат температурасы,
0
С; Q
ш
–
қоршаған ортаға жылу шығыны, кДж/сағ.
Осыдан суытаын судың масалық үлесін табамыз, кг/сағ.
(74)
Жылутасығыштарды араластыру кезіндегі конденсация дымқыл және
құрғақ конденсаторларда жүргізіледі.
Дымқыл конденсаторларда суытатын суды, конденсатты және
конденсияланбайтын газды (мысалы ауа) дымқылауалы насос көмегімен
конденсатордың төменгі бөлігінен шығарады.
Құрғақ конденсаторларда суытатын су конденсатпен бірге төменгі
бөліктен шығарылып, ал ауа конденсатордың жоғарғы бөлігінен вакумм-
насопен сорылады.
|