Процестері мен аппараттары


Тақырып 1 Пәннің негізгі жағдайлары мен ғылыми негіздері



Pdf көрінісі
бет4/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
procester men apparattar

Тақырып 1 Пәннің негізгі жағдайлары мен ғылыми негіздері 
Мақсаты: Студенттерді курстың мәні мен мазмұнымен, технологиялық 
үрдістердің жүру заңдылықтарымен, тағам өңдірістерінің процестерінің 
жіктелуімен және тамақ өндірісіндегі аппараттарға қойылатын талаптармен 
таныстыру. 
Жоспар: 
1.1 Технологиялық процестердің өтуінің жалпы заңдылықтары 
1.2 Денелердің физикалық қасиеттері, өлшем бірлігі және өлшемдерді 
талдау 
1.3 Тамақ өндірісіндегі аппараттарға қойылатын талаптар 
 
1.1 Технологиялық процестердің өтуінің жалпы заңдылықтары
Курста оқылатын процес терминін (латын тілінің «processus» - қозғалу ) - 
физикалық, химиялық, механикалық және басқа әрекеттердің әсерінене 
бастапқы материал тағам өнімдерінде айналатын өңдірістік процессті түсінеді. 
Бұл айналулар заттың агрегаттық күйінің, ішкі құрылысының және химиялық 
құрамының өзгеруімен жалғасады. 
Процестер технологиялық аппараттарда (латын тілінің apparatus - құрал, 
жабдық) жүреді. Көбінесе аппарат әр түрлі түтіктер (трубалар), торлар, 
полкалар, сақиналар, тарелкелер, сұйық тамшыларды бөлу үшін сепараторлар
және т.б. қозғалыссыз орналасқан сыйымдылықтарды елестетеді. Кейбір 
кездері аппараттарда сұйық заттарды араластыру үшін айналмалы 
механизмдерді орнатады. 
Машиналар мен аппараттарды есептеу өңделетін материалдардың 
массалық ағының, қажетті энергияның санын, аппараттың немесе процестің 
ұзақтығының жылу массаалмасу жазықтығының оңтайлы ауданын және 
машина мен аппаратардың негізгі мөлшерлерін анықтауды қарастырады. 
Процестерді талдауды және машина мен аппараттарды есептеуді келесі 
тәртіпте жүргізеді:
- процестің энергетикалық және материалдық балансын құрастырады; 
- статикаға сүйене отырып процестің ағу бағытын және тепе-теңдік 
шартын анықтайды; 
- жүретін күшті есептейді, 
- кинетика негізінде процестің жылдамдығын анықтайды. 
Процестің оңтайлы тәртібі табылған жағдайда процестің жылдамдығы 
мен жүретін күштің шамасы туралы мәліметтер бойынша аппараттың негізгі 
мөлшерін (жазықтықтың жұмыс ауданыны немесе жұмыс көлемін) анықтайды. 
Негізгі мөлшері бойынша аппараттың барлық қалған мөлшерлерін анықтайды.
Материалдық балансты массаның сақталу заңы негізінде құрастырады: 
келіп түсетін материалдар саны ∑G
н
, процесті жүргізу нәтижесінде алынатын 
соңғы өнім санына ∑G
к
тең болуы қажет.
∑G
н
= ∑G
к 
(1) 



Материалдық баланс негізінде өнімнің шығымын анықтайды. Яғни 
алынған өнім санының алынуы мүмкін ең үлкен өнім санына ара-қатынасының 
пайызбен өрнектелуі. Өнім шығымын жұмсалған шикізат бірлігіне есептейді.
Материалдық балансты барлық заттар үшін немесе таңдалған уақыт 
бірлігіне зат үшін құрастырады.
Жылу балансын энергияның сақталу заңы негізінде құрастырады: 
процеске келіп түскен энергия саны ∑Q
н
бөлінген энергия санына тең болуы 
қажет:
∑Q
н
= ∑Q
к
+ ∑Q
п
(2) 
мұнда: ∑Q
к 
– берілетін жылу саны; ∑Q
п
– қоршаған кеңістіктегі жылу шығыны

Процеске енгізілетін жылу ∑Q
н
бастапқы материалдан келіп түсетін 
жылудан Q
1
, жылу тасушылармен жеткізілетін жылудан Q

және физикалық пен 
химиялық айналым жылуынан Q

жиналады.
Берілетін жылу саны ∑Q
к 
соңғы өнімдермен кететін және жылу 
тасымалдаушылармен берілетін жылудан жиналады.
Жылу балансынан қыздыратын будың, судың және басқа да жылу 
тасымалдаушылардың шығымын анықтайды.
Жұмыстық және тепе-теңдік параметрлерді сипаттайтын шамалар 
бойынша процестің жүру күшін анықтайды, содан кейін процестің кинетиксын 
есептейді және процестің жылдамдық коэффициентін анықтайды.
Тамақ өндірістерін процестерін қарапайым және күрделіге бөлуге 
болады. Бірақ іс жүзінде өнімді өңдеудің кез келген процесі күрделі болады. Ол 
өңдеуге тікелей қатысатын процестерден ғана емес, сонымен қатар дайындау-
қорытынды операцияларынан (өнімді жұмыс зонасына беру және одан шығару) 
тұрады. Осылайша, әр қарапайым процесті одан да қарапайым процестерге 
бөлуге болады. 
Процесс деген түсініктің өзі кеңістікте және уақытта болатын 
материяның кейбір өзгерулерін болжайды. Ол факторлардың әсерінен болады 
және бастапқы мен соңғы жағдайымен сипатталады.
Тамақ өңдірістерінде келесі процестерді келесі түрлерге жіктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет