Процестері мен аппараттары



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
procester men apparattar

Бақылау сұрақтары: 
1. Гидромеханикалық процестерге жатады? 
2. Әртекті жүйелер дегеніміз не? 
3. Суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер және шаңдар мен түтіндер 
түсінігі 
4. Әртекті жүйелерді бөлу әдістері 
5. Фазалардың инверсиясы дегеніміз не? 
6. Шөктіру процесінің негізгі сипаттамалары 
7. Сұйық орталарды араластырудың тәсілдері 
8. Сусыма материалдарды араластыру тәсілдері 
9. Сүзу түрлері мен тәртібі 
10. Сүзу бөгеттері мен жылдамдығы 
 
Тақырып 3 Механикалық процестер 
Мақсаты: Студенттерді араластыру процесімен, ұсақтаудың мәні және 
тағайындалуымен, пресстеу процесінің мәні және міндетімен таныстыру. 
Жоспар: 
3.1 Механикалық процестердің жалпы сипаттамасы 
3.2 Ұсақтау машиналарының негізгі типтерінің құрылымы 
3.3 Ұсақтаудың мәні және міндеті 
3.4 Пресстеу процесінің мәні және міндеті 


40 
3.1 Механикалық процестердің жалпы сипаттамасы 
Материалдарды ұсақтау, жіктеу және престеу механикалық процестерге 
жатады. Олардың нәтижесінде материалдың физико-химиялық қасиеттері емес, 
тек қана пішіні өзгереді.
Ұсақтау – материалдарды езу, жару, сындыру, уату, соққы, кесу және 
аралау жолымен материалдарды бөліктерге бөлу процесі.
Езу кезінде материалды қысатын және тірек тастар арасына салады. 
Қысатын тасқа күш әсер етіп, осының әсерінен материалдағы ішкі кернеу бірте-
бірте көтеріледі. Ішкі кернеу материалдың қысылу беріктігінен асқан кезде, ол 
бұзылады. Бұзылу кезінде әртүрлі пішінді және мөлшерлі кесектер 
қалыптасады. Бұл процесс білікті ұнтағыштарда жүреді. Жару материалдың 
сына тәрізді жұмыс органымен байланысу нәтижесінде пайда болады.
Сындыру екі тіреу арасында болатын материалға иілдіру күштері әсерінен 
жүзеге асады. Уату материалды жұқа ұнтақтау үшін арналған.
Соққымен материдарды ұсақтау ұнтақтағыштарда немесе соққылы 
құралмен жүзеге асады. Кесу үшін әртүрлі құрлымды пышақтарды қолданады.
Ұшаларды аралау үшін аралар мен фрездерді қолданады. Аралау ұсақтау 
жазықтығына арамен қысу салдаранан болады.
Ұсақтау процесі ұсақталу деңгейімен сипатталады, яғни ұсақтау дейінгі 
кесектің орташа мөлшерінің d
н
ұсақтағаннан кейінгі кесектің орташа мөлшеріне 
d
к
ара қатынасы: 
і = d
н
/ d
к
(61) 
 
Материал бөліктерінің және ең үлкен кесектерінің бастапқы және соңғы 
мөлшерлеріне байланысты ұсақтау келесі түрлерге бөлінеді: ірі, орташа, ұсақ, 
жұқа, коллойдты. 
3-кесте. Ұсақтау түрлері 
Ұсақтау түрі 
Ұсақтауға дейінгі кесектің 
орташа мөлшері (d
н
), мм 
Ұсақтауға кейінгі кесектің 
орташа мөлшері (d
к
), мм 
Ірі 
1500...2000 
250...25 
Орташа 
200...25 
25...5 
Ұсақ 
25...5 
5...1 
Жұқа 
5...1 
1...0,075 
Коллойдты 
0,2...0,1 
1∙10
-4
дейін 
Ірі және орташа ұсақтауды құрғақ тәсілмен, ал ұсақ және жұқаны сулы 
тәсілмен жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет