Процестері мен аппараттары


Сүзу - қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп жіберетін  кеуекті бөгеттер көмегімен суспензияларды ажырату процесі.  Сығу



Pdf көрінісі
бет47/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
procester men apparattar

Сүзу - қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп жіберетін 
кеуекті бөгеттер көмегімен суспензияларды ажырату процесі. 
Сығу – құрамында сұйық фракциялары бар қатты жүйелерді бөлудің 
типтік процесі. Бір уақытта ол біртекті жүйелердің түзілу процесі болып 
табылады, себебі нәтижесінде брикет пішініне ие біртекті нығыздалған қатты 
қалдық және біртекті сұйықтық алады. 
Сындыру процесі - иіліс күштерінің әсері есебінен жүзеге асырылады. 
Алынатын бөлшектердің өлшемдері мен пішіндері жару процесінде алынатын 
бөлшектердікіне ұқсас. 


84 
Температура өткізгіштік - берілген нүкте маңында зат көлемінде 
температуралық өрістің өзгеруі кезінде (температураның бөлінуі) осы көлемде 
температураның өзгеру үрдісі. 
Тұтқырлық - сұйықтықтардың қасиеттерің ламинарлы ағу кезінде 
күштерге қарсылығын білдіруін және оның бөліктерін салыстырмалы орын 
ауыстыруы. 
Тығыздық - дене (зат) массасының көлемге қатынасы.
Ультрасүзу – жартылай өткізгішті мембраналар арқылы ерітіндіні бөлу, 
фракциялау және қойылту (концентрирования) процесі. Бұл ретте сұйық 
0,1...1,0 Мпа қысыммен мембрана үстінен кеңістікке беріледі.
Ұсақтау материалдарды езу, жару, сындыру, уату, соққы, кесу және 
аралау жолымен материалдарды бөліктерге бөлу процесі.
Формалау және қалыптау жиі кондитерлік бұйымдарды және қамырдан 
өнімдерді дайындау, сондай-ақ котлет дайындау кезінде және т.б қолданылады. 
Бұл процесте жүйені бөлу жүрмейді. Формалау және қалыптау процестеріне 
формалау және материалдың құрылымының өзгеруі жүретін экструзия 
жатқызылуы мүмкін. 
Шаңдар және түтіндер - газ және оның ішінде қатты бөлшектер 
таралғаннан пайда болатын әртекті жүйелер. Шаңдар көбінесе қатты заттарды 
ұсақтағанда, араластырғанда және тасымалдағанда пайда болады. Шаңдағы 
қатты бөлшектердің мөлшеріне байланысты олар түтін, тұман және аэрозоль 
болып бөлінеді.
Шөгу (тұңдыру) - гравитациялық өрісте шөктіру процесі. Шөгу 
механизмі қарапайым: тыныш жатқан немесе ақырын жылдамдықпен 
қозғалатын әртекті жүйе олардың ауырлық күштерінің әсерінен құрамдық 
бөлшектерге айырылады. Аталған процесс суспензияны, эмульсияны, шаңды 
және түтінді қатаң айыру үшін қолданылады. 
Экстракция кезінде еріткіштер көмегімен ерітінділерден немесе қатты 
заттардың бір немесе бірнеше заттарды алу жүреді. Бұл ретте сұйық-сұйық 
жүйесінде зат бір сұйық фазадан екінші сұйық фазаға өтеді. Экстрация процесін 
жүргізуге арналған аппараттарды экстракторлар деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет