Процестері мен аппараттары


Тамақ өндірісіндегі аппараттарға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет9/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
procester men apparattar

1.3 Тамақ өндірісіндегі аппараттарға қойылатын талаптар 
Қоғамдық тамақтанудағы аспаздық өнім өндірісінің барлық процесін 
шартты түрде алты негізгі кезеңге бөлуге болады: 
- шикізатты қабылдау, біріншілік өңдеу және оны сақтау. 
- шикізатты аспаздық өңдеуге дайындау 
- тағамды дайындау 
- дайын аспаздық өнімдерді порциялау және беру. 
- ыдыстарды және жабдықтарды жуу. 


16 
- шикізат және тағам қалдықтарын жинау және қайта өңдеу. 
Берілген әр кезеңді жүзеге асыру сәйкес аппараттарды қолдануды талап 
етеді. 
Аппараттарға қойылатын талаптар. Аппараттардың құрылымдық 
атқарылуы, олардың тағайындалуы және әрекет ету қағидасындағы елеулі 
айырмашылығына қарамастан, оларға қойылатын жалпы талаптарды 
құрастыруға болады. 
Осы талаптарды келесі негізгі топтарға бөлуге болады: технологиялық, 
эксплуатациялық, энергетикалық, құрылымдық, экономикалық, жұмыстағы 
қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау. 
Барлық осы талаптар өзара байланысқан және өзара шартталған. 
Талаптардың бір тобы, басқасымен алдын ала анықталады. 
Технологиялық талаптарға, жақсы нәтиже алу арқылы барынша аз уақыт 
аралығында жүзеге асырылуы тиіс процесті жүргізудің міндетті шарттары 
кіреді.
Аппараттар барынша аз уақыт шығындар, шикізат және оның қоректік 
қасиеттерінің жоғалтуларымен тағамды сапалы дайындауды қамтамасыз ету 
керек. 
Аппараттардың эксплуатациялық талаптарына минималды еңбек 
шығындарымен 
міндетті 
шарт 
ретінде 
оларға 
қызмет 
көрсетудің 
қарапайымдылығы 
кіреді. 
Сондай-ақ 
эксплуатациялық 
талаптарға, 
аппараттардың қайта өңделетін өнімнің, жуғыш құрылдардың және қоршаған 
ортаның әсерінен туындауы мүмкін тоттануына қарсы тұрақтылығын 
жатқызады.
Сонымен бірге эксплуатациялық талаптарға аппарттардың тексеру, 
тазалау және жөндеу үшін қолжетімділігі жатады. 
Қоғамдық тамақтанудағы машиналар мен аппараттарға қойылатын 
энергетикалық талаптарға сәйкес, аппараттар энергия үнемдегіш болуы тиіс, 
яғни энергия және отынның минималды мөлшерін шығындау. Сонымен қатар 
негізгі энергетикалық көрсеткіш, дайын өнімнің бірлігіне үлестік энергия 
шығыны болып табылады. 
Аппараттарға қойылатын құрылымдық талаптар, оларды жобалау, 
дайындау, тасымалдау және монтаждаумен байланысты. Жалпы түрде 
құрылымдық талаптарды келесі түрде құрастыруға болады. Аппараттар 
стандартты және жеңіл алмастырылатын бөлшектерден және қымбат емес 
металдар мен материалдардан жасалған, азық-түлікке қандай да бір зиян әсерн 
тигізбейтін сәйкестендіру түйіндерінен тұруы тиіс. Азық-түлікпен өзара 
жанасатын, аппараттардың бөлшектерін және түйіндерін дайындау үшін жақсы 
металл – тот баспайтын болат болып табылады. Осы мақсаттар үшін 
алюминийді пайдаланбаған жөн. Бұл алюминийдің адам ағзасында жиналып, іс 
жүзінде одан шықпауымен байланысты. 
Аппараттарды құрастыру кезінде олардың металл және материал 
сыйымдылығын төмендеуіне ұмтылуы керек. Сонымен қатар, аппараттар 
мүмкіндігінше әмбебап болуы тиіс, яғни әр түрлі үрдістерді жүргізу үшін 
жарамды. 


17 
Үлкен габаритке ие аппараттарды құрастыру кезінде олардың 
құрастырылуын қарастыру қажет. Бұл аппаратты тасымалдауды және 
монтаждауды жеңілдетеді. Аппарат құрылымының сауатты дизайнерлік 
шешімінің талаптары маңызды болып табылады. Ол заманауи эстетикалық 
талаптарға және осы аппаратта жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктеріне 
сай болуы тиіс. 
Аппараттарға 
қойылатын 
экономикалық 
талаптар 
жоғарыда 
қарастырылған талаптармен тығыз байланысты. Аппараттар дайындау кезінде 
арзан, ал монтаж және пайдалану кезінде қысқа мерзімде есесі қайтуы керек 
екені айқын. 
Аппараттарға қойылатын міндетті талаптарға оларда жұмыс істеу 
қауіпсіздігі болып табылады. Бұл жағынан аппараттар мінсіз болуы тиіс. 
Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талаптарды қысқаша 
келесідей келтіруге болады: үрдістерді жүргізу кезінде алынатын және 
қоршаған ортаға лақтырылатын қалдықтар (сұйық, газ тәрізді, қатты), оған 
ластайтын әсер тигізбеуі керек. 
Өнеркәсіпте шығарылатын машиналар мен аппараттардың техникалық 
деңгейін арттырған сайын, оларға қойылатын талаптар күрделене түседі. 
Сәйкесінше, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық 
түрлерінің стандарттары жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет