"Проект очистных сооружений сточных вод фабрики первичной обработки шерсти (пош) поселка Текес "



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#125218
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

ЖАӨ фабрикасының бекітілген қағидалары бойынша есепті шығындарды, фабрика берілгені бойынша, тәулігіне 3.2 т шығарылымға есептейді, Q=200 м3-ты құрайды. Сағаттық әркеліксіздік коэффициент, мүмкіндік дүркін тастауын есепке ала отырып К=2.2. Сонда:

Qесеп=Qтәул/(24*3600)=200/(86400)=0.0023 л/с,

qmax=Qтәул*К/86400=200*2.2/86400=0.005 л/с. (3.1)

Дүркін тастауының шарты бойынша бір жұмыс күнінің сағаттық шығыны:

Qсм=(Qтәул/24)*8=(200/24)*8=66.6 м3/см,

qсм=(Qсм*1000)/3600=(66.6*1000)/3600=18.5 л/с. (3.2)


3. 2 Қажетті тазалау дәрежесін анықтау

Берілген жобада жұмыс істеген лас суының тастау және жер суландыру шарттары қарастырылады. Суқоймаға суды тастау талап комплексімен шектелген.

Қала канализациясына жіберілетін лас судың талаптары:

- 15 мг/л –ден асатын өлшенген және құрғақ заттар болмауы тиіс;



  • Құбыр материалына және канализация ғимараттарының элементтеріне қираушы іс көрсетпеу керек;

  • Жанатын қоспалар және ерітілген газ тектес заттар құрамау керек;

  • Концентрацияларда зиян заттардың, биологиялық процесстерге су қоймаларда кедергі жасайтын заттар құрамауы тиіс;

  • температурасы 40°С-ден аспауы, ал 6°С-ден төмен болмау керек;

  • pH белсенді реакциясы 6.5-тен төмен және 8.5 – тен жоғары болу керек;

  • Ерітілген тұздардың жалпы концентрациясы 10 г/л.

Сарқын судың бірігуі, ерітілмеген заттары бар улылармен химиялық реакцияға түседі. Лас судың қурамында, радиоактивті, улы бактериалды ластанған заттар болуы мүмкін, суқоймаға жіберудің алдында су зарарсыздандырылу қажет.

ЖАӨ фабрикасында ластанған судың концентрациясы тазалаудан кейін :



  • температурасы 35°С;

  • өлшенген заттар 5-6 г/л;

  • pH 7.5-8.5;

  • жүн майы 1-1.5 мг/л;

  • құрғақ қалдық 500 мг/л-ге дейін;

  • құрғақ қалдықтың күлділігі 30-40% ;

  • ХПК 6-10 мгО/л;

  • ОБҚтол 1.5мгО2/л;

  • СПАВ (сульфонолмен жуу кезінде) 10мг/л.

Су қоймаға жіберудің алдында осы көрсеткіштер барлық талаптапрға жауап береді.

ЖАӨ фабрикасында қолданатын судың сапасына қағидалы талаптары суық мөлдіретілген су үшін:

- түстілігі 30 градустан аспауы тиіс;

- мөлдірету әрпі бойынша 25 см-ден төмен емес;

- өлшенген заттар 8мг/л-ден аспауы керек;

- жалпы кермектілік 5 мг-экв/л;

- pH 7-8;

- темір тұзының құрамы 0.1 мг/л.


3.3 Лас су тазалау ғимараттарының есебі

Ең тиімді және оңай физико-химиялық лас суларын тазалау әдісі. Органикалық заттарды, хлор әгімен, натрий гипохлориді және кальцийдің коагуляциясы мен өңделген ластың тұнуы толық минерализациясына дейін белсенді ерітінді ретінде қышқылдандырылады. Тазалау ғимараттарының құрамына : реагент шаруашылығы( хлор-сатуратор, ерітінді багі, шығын багі), таратқыш қабылдау камерасы, көлдеңен тұндырғыш, лай алаңдары, тоған – жинағыш.

3.3.1 Қабылдау камерасы

3-5 мг/дм3 мөлшерімен қабылдау камерасында хлор ерітіндісін үздіксіз құйяды. Үлкен тастау хлор концентрациясына әсерін тигізбейді. Осыдан кейін хлор ерітіндісі сарқын сумен араласады және соңғы контакті органикалық және механикалық қосплармен тұндырғыштарда өтеді.


1 2 3
Сурет 3.1- Тазалау ғимараттар құрамының схемасы

1- Таратқыш – қабылдау камерасы;

2- Көлдеңен тұндырғыш, одан шыққан тұнбаны лай алаңдарына апарылады;

3- Биотоғандар.


Қабылдау камерасын, ол жерде лас судың 2 минут бойында болуымен есептейміз 0.3 л/с-ті құрайды.

Берілген типті өлшемдерімен қабылдау камерасын қабылдаймыз. Ұзындығы L=1500 мм, ені В=1000 мм, судың тереңдік биіктігі Н1=1000 мм, жалпы тереңдік Н=1300 мм.

Көлдеңен тұндырғышын қабылдау – таратқыш камерасынан кейін жоғарыда көрсетілген есептері бойынша- су шығынын Q=200м3/тәул, ұзындығын L=19.32 м, енін В=3 м, тереңдігі Н=1.5 м.


      1. Биологиялық тоғандар

Биологиялық тоғандарда тазалау процессі, су қоймаларда өзіндік тазалауға ұқсас. Биологиялық және қала сарқын суларында терең тазалауға тоғандар қолданады. Биологиялық тоғанды құрастыру үшін, біз арнайы жасалған су қойманы пайдаланамыз.

Сарқын су тазалауын жасанды аэрациямен тоғандарда қолданамыз.

Терең қайта тазалауы бар биотоғандардың есебін:

Лас су шығыны Q=648м3/тәул;

ОБҚтол келетін судың = 15 мг/л;

ОБҚтол тазаланған лас су = 4 мг/л;

Жаздағы лас судың орташа температурасы = 20С.

Жасанды аэрациясы бар үш сатылы био тоғанды жобалаймыз.

Лас судың биотоғанда болу ұзақтығын анықтаймыз және оның сатыларын номограмма, келесі координаттар бойынша анықтаймыз (33.1 сурет):

- суды қайта тазалауға, (3.3)

мұндағы БПКтол -ға келетін лас су, 15 мг/л;



- БПКтол тазаланған лас су, 4 мг/л;

- БПКтол, жылы кезеңінде қайта тазалаудың ішкі су қойма процесстерімен түсіндіріледі = 3 мг/л,

t- лас судың тоғанда болу уақыты, тәулік .

Реакция жылдамдығының константасы лас судың сәйкесінше температурасы бойынша анықталады:

(3.4)

мұндағы жасанды аэрациясы кезінде жасалады- 7,5;

Т – судың есепті температурасы, С, жылутехника есебі негізінде анықталады.

Биологиялық тоғандарды 3 секциялы тоған ретінде құрастырған жөн, лас суды қайта тазалау сатысы бойынша:

I секция – тұндырғыш қызметін атқарады.

II секция – негізгі қышқылдандырғыш және

III секция – стабилизатор, бұл жерде минерализация процессі аяқталады.

Жасанды аэрациясы бар, үш сатылы биологиялық тоғанды жобалаймыз.


(3.5)

Механикалық аэраторлар немесе пневматикалық жүйемен тоғанға берілетін ауа саны, аэротенктерге ұқсас, лас суларды тазалау ОБҚ көрсеткішінің түсуін есептейміз (ҚНжЕ II – 32 –74 ).

Салыстырмалы ауа шығыны D м³/м³, оттегі шығынының қатысымен лас су тазалау кезінде анықталады, 1 м³ суды өңдеуге қажет етеді, қолданатын ауа шығынына 1м³ берілетін ауадан :

м³/м³

мұндағы Z - оттегі ауасының салыстырмалы шығыны, мг 1 мг алынған ОБҚтол, толық тазалаудан кейін 1,1 мг/мг-ға теңейді.



- аэратор түрін ескеретін коэффициент:

  • майда көпіршікті аэрация үшін аэрациялы аймақтың және аэротенк аудандарының қатынасы (f/F) 43 кесте бойынша аламыз;

  • орташа көпіршікті аэраторлары үшін, және аз арынды 0,75 аэратор үшін, = 0,75;

К2 -аэратор еңгізу тереңдігіне байланысты коэффицент, 44 кестесінен , h=6, = 3,3;

- лас су температурасын ескеретін коэффициент, формулусы бойынша анықталады:

,

;

(3.6)

мұндағы - лай қоспасында оттегіні ауыстыру жылдамдығының таза су түрінде ауыстыру жылдамдығына қатынасын еске алады:



  • тұрмыстық лас суларда 0,85, құрамында ПАВ-ы бар f/F үлкендігі бойынша 45 кестесімен алынады;

- оттегі ауасының суда ерітіндісі, мг/л, формуласы бойынша алынады:

мұндағы - оттегі ауасының суда еруі, оттегі еру кестелері бойынша температура және қысымына байланысты



= 9,02:

h – аэратор ену тереңдігі.



(3.7)

С – 2 мг/л аэротенктегі орташа оттегі концентрациясы.



м³/м³ (3.8)

Есепті кезеңге жазғы уақыт жылын аламыз.Бірінші, екінші, үшінші сатылы биологиялық тоған көлемдерін есептейміз:



м³ (3.9)

Биологиялық тоған сатыларында тазалау әсерлігін 33% деп аламыз.

Биологиялық тоған беінің ауданың F, м, формуласы бойынша анықтаймыз.

мұндағы - оттегі ауасының суда еруі мг/л , формуламен анықталады ҚНжЕ II –32 – 74, 11,65-ке тең;



- белсенлі беттің жалпы тоғанға аудан үлесін мінездейтін коэффициент;

  • қатты кесілген тоған жағалары= 0,5  0,6;

  • тыныш жаға кездерінде= 0,8  0,9, = 0,9;

С – ерітілген оттегінің жұмыс концентрациясы, 2 мг/л ;

r – атмосфералы реакцияның коэффициенті4 г/( мтәул ).


м (3.10)

м (3.11)

H1= 2 м бірінші сатылы тоғаның тереңдігің қабылдаймыз, екінші = 1 м және үшінші = 0,9м.Үш сатылысы бар бір биологиялық тоған қабылдаймыз. Бірінші сатының секция өлшемдері 25  35 м, екінші 25  35 м және үшінші 25  35 м.



      1. Диск түрді механикалық беттік аэратор

Беттік түрді механикалық аэратор есбін жүргіземіз және жасанды аэрациясы бар биологиялық тоған үшін аэратор санын анықтаймыз, келесі берілгендермен:

Лас судың шығыны Q=648 м3/тәул;

ОБҚтол келетін лас су = 15 мг/л;

ОБҚтол тазаланған лас судың = 4 мг/л;

Тоғанның екінші саты тереңдігінде = 1 м. Екінші саты секциясының өлшемдері 25  35 м.

Аэратор есебі үйлесімді парметірлерінің, жұмыс тәртібінің және технологиялық көрсеткіштерін анықтауында болады.

Аэратор диаметрін шарттары бойынша:

м (3.12)

Қалақ саны:



(3.13)

Қалақ ұзындығы:



м (3.14)

Қалақ биіктігі:



,

мұндағы - дисктің ену тереңдігі, 0,08-0,1 м-ге тең;

t- Қалақ жолының жүгіру ұзақтығы, қалақ арасындағы арақашықтық( немесе қалақтың бұрышқа бұрылуы, ло қалақ арасындағы бұрышқа тең), с; мұн: - аэратор айналу жилігі, .

Аэратор айналу жиілігін, айналу жылдамдығынан шыққан 3,5-4,5 м/с деп қабылдаймыз.



с (3.15)

Енді қалақтың биіктігін анықтаймыз:



м (3.16)

Таңдалған айналу жиілігін келесі шарттары бойынша тексеріледі:



Аэратордың статикалық арыны, м:



,

мұндағы - қалақ санының есеп саны:



(3.17)

 - бұрыштық жылдамдық, , рад/с-ке тең;



- аэратордың бак бетінің қолдану коэффициенті:

;

мұндағы - аэратор кірісінде судың көтеру жылдамдығы :



(3.18)

Енді таңдалған айналу жиілігінің дұрыстығын тексеріп есептейміз:



(3.19)

м (3.20)

м (3.21)

Қажетті шарт сақталғандықтан, аэратордың технологиялық көрсеткіштерін есепйміз.

Аэратормен айдалатын сұйық шығыны:

м/с (3.22)

Аэратор тұтынуының қуаты, кВт, сұйықтықтың тығыздығы кезінде:

 = 1 т/м және шекті айналу жылдамдығы

м/с (3.23)

Құрайды:


кВт (3.24)

Аэратордың қышқылдық қасиеті:

кг/тәул (3.25)

Бір аэратормен қызмет етілетін аймақты есептейміз, су ағысының табиғи жылдамдық қамтамасыз ету шартынан анықталады( түбінен 0,2 м тереңдікте), 0,35 м/с –ке тең. Беттік жылдамдық:



м/с (3.26)

Бір аэратормен қызмет етілетін аймақ, жақ өлшемінің квадрат ретінде:



,

мұндағы - 1,14 – тәжірибе ретінде анықталған коэффициент,



- аэратордан сұйықтың шығу абсолютті жылдамдығы, м/с:

мұндағы - аэратордан шыққан радиалды жылдамдық:

() м/с – қалақ басындағы айналу жылдамдығы).

Есептейміз:



м/с (3.27)

м/с (3.28)

м (3.29)

Су араластыру қамтамасыз шартынан аэратор санын анықтаймыз:



(3.30)

мұндағы F – биотоған сатысының ауданы, 875 м2-қа тең.

Қышқылдық қасиетіне байланысты биотоғанда аэратордың құру, қажетті саны:

(3.31)

мұндағы Z – 1 кг алынған ОБҚтол оттегіне қажетілігі, 1,05-2,3-ге тең биотоғанның жұмыс істеу тәртібіне байланысты;



- аэратордың қышқылдандыру қасиеті кг/тәул;

- лас судың сапасының коэффициенті, 0,7-0,9; қала сарқындары үшін – 0,85.

Z = 1,3 и = 0,85 коэффициентін қабылдаймыз .

Біздің есебімізге сәкес аэратор үйлесімді жұмыс істейді. Құрылымға 2 аэратор қабылдаймыз;

Кесте 3.1 - Беттік типті аэратор мінездемесі



Аратор диаметрі, м

Айналу жиілігі

Сызықтық айналу жылдамдығы, м/с

Қалақтың саны, дана

Қалақ өлшемі, см

Қуат

тылық


Қышқылдану қасиетіь, кг/тәул

биіктік

Ұзын

дық


4,5

21

4,95

24

22

52

75

4900



      1. Тұнба алаңдары

Тұнбаны табиғи сулансыздандыруға,тазалау ғимараттарында пайда болатын , тұнба алаңдарын пайдаланамыз. 70-80% -дан аспайтын тұнба кептіріледі. Тұнған лай судың саны тазалау ғимараттарына қайта келеді, 30-50% сулансыздандырылған тұнбадан қабылдаймыз. Лай судан қосымша ласты өлшенген заттар бойынша 1000-2000 мг/л; ОБҚтол=1000-1500 мг/л.

Карта өлшемін және тұнбаның картаға шығу сан, тұнбаның ылғалдылығына байланысты қабылданады және құю қашықтығына, кепкеннен кейінгі жинау әдісіне байланысты.93-95% ылғалдылығымен тұнба құюлуы 20-25 м құрайды. Тұнба алаңының 80% қыстық мұздатқышқы қолданады, қалғаны көктем еруі кезінде мұздатылған тұнбаны қолданады. Мұздату периодының ұақтығын -10°C-ден төмен ауа температурасының орташа тәуліктік күн санына байланысты аламыз , 113 күнді құрайды. Біліктің биіктігінен төмен мұздатылғанның қалындығын 0,1 м дейміз . Науаның немесе құбырдың бөлу түбі мұздатқыштың горизонтынан жоғары болуы тиіс.

Табиғи негізінде тұнба алаңдарын қабылдаймыз. Карта саны n=2, алаң өлшемдері 10х30 м, жұмыс тереңдігі (тұнба түсу терңдігі) 0,7-1 м, қорғау білігінің биіктігі тұнба түсу есептік биіктігінен 0,3 м жоғары болғаны дұрыс, қорғағыш біліктің ені жоғарыдан 0,7 м, оларды жөндеуге механизмдерді қолдану кезінде 1,8 м, құбыр немесе науларды бөлу көлбеулігі 0,01.

Тұнба алаңдарының пайдалы ауданы:

S=(Vос365)/аbk=(4.4*365)/2*1*3.5=229.4 м2, (3.32)

Vтұн шикі тұнбаның көлемі, м3/тәул,

а – көлемнің кішіреюі немесе ашу кезіндегі ыдырауы , а=2,

Wос=55% b=1,кезінде,

b – нығыздану есебінде 95-90% ылғалдылығында b=2,

Wос=55% b=1,

k – м3 –қа 1 м2 жылдық жүктемесі бірінші және екінші сатылы тұңдырғыштан, тұнба, дренажды алаңдары үшін k=3.3 м32.

Мұздықтың биіктік қабаты:

hнам=(Wtk2)/Sk1=(4.4*113*0.75)/300*0.75=1.65 м, (3.33)

W – тұнбаның тәліктік көлемі, м3,

S – пайдалы алаңдардың тұнба алаңдары, 10х30 м2,

k1 – қыстық мұздатқышқа апарылатын, алаң бөлігі, k1=0.75,

k2 – қыстық сүзгіден және буланудан өткеннен кейін тұнбаның азаюін ескеретін коэффициент, k2=0.75.

Тұнба алаңдарын жобалау сүзгі топырақтарында өткізген жөн. Айналым циклі 5-8 жыл. 70-80% ылғалдылығы бар тұнба кептіріледі. Келесідей сақтау қажет етпейді, өйткені тұнбаның ашып кетуі және күлділігінің көбеюіне әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет