Профессор Т.Қойшиев: баламалы энергетика мамандарын хқтуда даярлауымыз керек жасыл энергетика бүгінгінде күн тәртібінен түспей тұрған маңызды мәселе



Дата05.07.2016
өлшемі32.32 Kb.
Профессор Т.Қойшиев: БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКА МАМАНДАРЫН ХҚТУДА ДАЯРЛАУЫМЫЗ КЕРЕК

Жасыл энергетика бүгінгінде күн тәртібінен түспей тұрған маңызды мәселе. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.  

Қазақстанның климаттық жағдайы - күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Осындай ғалымдардың қатарында әріптесіміз Энергетика және жаратылыстану пәндері кафедрасының профессоры Қойшиев Темірхан Қосыбайұлын атауымызға болады. Профессор Т.Қойшиев халықаралық «HYBR ID SOLAR-WIND SYSTEM» тақырыбындағы ғылыми грант бойынша жұмыс атқарды. Біз энергетик ғалымға бір-екі сұрақтарымызды қойып едік.

-Темірхан Қосыбайұлы бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі баламалы энергия көздерін игеру туралы әңгімелеп берсеңіз?



Жаңартылған энергия бізге өте қажет. Жасыл энергетиканы қолға алуымыз керек. Бізде тікелей табиғи энергетика көздерін пайдаланудың мүмкіндігі зор. Оның климаттық жағынан да, шаруашылық тұрғыдан да тиімді. Себебі энергеткалық қорымыз өте мол. Сондықтан да осыны қолға алуымыз керек. Бұл Елбасымыз жиі айтып, күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселе. ЭСПО-2017 көрмесінің түп мәні осыған саяды. Жалпы, біз көрме дегенді жәрмеңке секілді қабылдаймыз. Сондай көзқарас қалыптасқан. ЭКСПО-ның мақсаты дүиежүзінің сан түкпірінен баламалы қуат көздерін өндіру технологияларын әкелініп, павильеондарға қойылады. Бұл білім, инноавация, ғылым мен технология жетістіктерінің көрмесі, ақыл-ой жетістіктерінің көрмесі болмақ. ЭКСПО көрмесін өткізу Қазақстан үшін «жасыл экономикаға» біртіндеп көшудің алғышарты болмақ. Өйткені көрмеге дайындық жұмыстары барысында қарапайым қазақстандықтар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғи қорларды үнемдеу, энер­гияны тиімді пайдалануға қа­тысты білімін тереңдетіп, қоғамда экол­о­гия­лық сана қалыптасады. 

Болашақта ол бізде қалады. Біз бұл көрмеден көп нәрсе ала аламыз



  • Темірхан аға, осы бағытта елде, бізде қандай қадамдар жасалуда?

­- Сайрамда күн эелектр станса салынды. Жаңақорғанда Күкірт қышқыл зауытының жанынан Күн энергиясы стансасы салынып жатыр. Көксарай су қоймасында күн стансасы қойылуда. Болашақта Қаратау аймағында, Байжансайда стансалар салынады. Қордайда Жоңғар қақпасы аты желдің өтіне жел стансасы орнатылды (Жыл он екі ай желі толастамайтын Төрткөлге орнатуға болады). Күннің энергиясы, желдің энергиясы табиғаттың өзінен беріліп тұрған энергия көзі болғандықтан әрі экономикалық жағынан тиімді. Әр экологиялық тұрғыдан пайдалы. .Бірақ мұның бәрі аз. Тым аз, 3 пайызға да жетпейді. Әлі де 97-98 пайыз дәстүрлі энергия көздерін пайдаланамыз. Әлі де сол мұнай мен көмірге тәуелдіміз. Бұл қымбатқа түсетін, көп шығынды сарп ететін, әрі эколгиялық жағынан зиянды. Сондықтан да, біз баламалы энергия көздерін игеруді дамытуымыз керек.

- Оны неден бастау керек?

- Әрине, ол өз-өзінен дамымайды. Салынып жатқан осы баламалы электр көздері стансаларының мамандары тапшы бізде. Болашақта мамандар керек болады. Сондықтан, бірінші мәселе мамандар даярлау қажет. Мамандарды тап осы біздің университетте даярлауымыз қажет. Бізде эелктроэнергетика мамандығы бар. Ол жалпылама. Энергетиканың саласы көп. Мен «Қайта жаңғырылатын энергия көздері» курсы бойынша лекция оқимын. Міне, қазір хат дайындап жатырмын. Базаны жетілдіруіміз қажет. Факультет жанынан ауқымды зертхана ашу керек. Оның арнайы қондырғылары, табиғат аясында ашық алаңқайлар(полигоны) болуы керек. Ол нақты жұмыс істейтін болуы тиіс.



-Темірхан аға, бұл әлем мән беріп отырған мәселе ғой. Оқырманға қызық қой деп ойлаймын: баламалы қуат көздерін қолға алып, өндіріске енгізуде озық тұрған қай елдер?

-Дамыған елдерде АҚШ-та, Германияда, Францияда, Голландияда тіпті іргемізде Қытайда жасыл энергетиканы жақсы пайланылуда. Соңғы уақттарда Түркияда да бұл бағытта жақсы жұмыстар жүріп жатыр. Қазақстанда қазіргі уақытта жел мен күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айтуға болмайды. Мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1-2 пайыз ғана. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақ үшін қажет. Энергетика қоры жетеді. Бірақ соны өндіретін қондырғылар, зауыттар салынбаған. Міне жоқты бар ететін, технологияны игеретін болашақ жастар. Осы саланың бесаспап мамандары. Мамандарды даярлау біздің міндетіміз деп білемін. Жаңғыртылатын энергия көздерін игеруге тап біздің Оңтүстік аймағымыз қолайлы.Сондықтан оның мамандары осы университетте даярланып жатса құптарлық іс болар еді деп ойлаймын. -Әңгімеңізге рахмет!



Әңгімелескен Әтіргүл ТӘШІМ
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет